«Біліктілікті көтеру – оқытушының және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы»



Дата03.07.2016
өлшемі100.8 Kb.
#175074
Нурхатова Ляйля Акказиевна,

LailaN86@mail.ru

Медицинский колледж «Семей» г. Семей

med.college_semey
«Біліктілікті көтеру – оқытушының және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы»
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.

Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгерудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.



Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған. Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды. Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек. Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді: 1.Ақпараттық – өндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып, нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты стуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады. 2.Бейімділік- болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі. Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік дағдыларын меңгерту жұмыстары жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді. Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі. 3.Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық – болжаушылық қабілеті байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық үрдісті мақсатты, ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл ІІ деңгейі. 4.Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін қисындырады. Оның нәтижесін зерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін. Бұл педагогикалық шығармашылықтың «жоғары» деңгейі. 5.Креативтік.(шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық: педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады. Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне : Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? Деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай жақсы істеуге болады?, Қандай әдіс – тәсілдер, құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог: Мен кімді қалыптастырамын? Менің қызметімнің нәтижесі не? Сұрақтарын басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай деп атап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс». Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет. Біліктілікті арттыру орталыығы педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады: 1.Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. 2.Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық. 3.Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету. 4.Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту. 5.Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы. 6.Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. 7.Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды. 8.Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу. Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді: - жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары; - жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары; - e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары; - қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту; - жаңа мазмұн жасау; - ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру. Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды:

1.Педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың жаңа жүйесін жасау.

2.Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау.

3. Жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту.

4. Білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс жасауына қажетті жағдайлар тудыру.

Осы қайшылықтарды шешу мақсатында біз біліктілікті арттыру институты тарапынан курстарды өткізу, әдістемелік көмек көрсету және т.б. жұмыс бағыттары бойынша мынадай педагогикалық шарттар кешенін есепке алуды ұсынамыз. Олар:

1) педагог тұлғасын педагогикалық қызметтің құндылықтарына бағыттау;

2) педагогикалық мәдениетті дамыту және жетілдіру;

3) педагогтардың өз қызметінің әмбебап сипатын, кәсіби білімі мен іскерлігін қызметтің басқа да салаларында қолдану мүмкіндігін ұғынуы;

4) қосымша кәсіптік білім жүйесіне педагогтарды ендіру;

5) кәсіби шеберлікті жетілдіру мақсатын белгілеумен байланысты жетістікке жету ситуациясын тудыру.

Педагогтың өзі үшін ізденудің ерекшелігі:

•әріптестер үшін ерекшелігі;

•оқушылармен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі;

•әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі;

•білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет дәрежесі;

•барлық аймақтық білім беру жүйелерін дамытудағы тәжірибелер ерекшелігі. Практикалық (танымдық) кезең-таңдалған жаңа инновациялық процестің, соған сәйкес тәжірибелердің өзектілігін ашық сабақтар, семинарлар, мастер-кластар арқылы ұжым мүшелерінің әрқайсысының өзінің педагогикалық әрекетіне сәйкестендірілуі қажет. Бақылау-бағалау кезеңі-мұғалімдердің жеке таңдаған әдістемелік тақырыптары мен педагогикалық ұжымның инновациялық технологияны іске асырудағы жұмысының нәтижесін қорытындылау қажет. Осыған сәйкес колледждішілік біліктілікті көтеру жұмысын ұйымдастырудың екі түрін айтуға болады.

1.Мәдени ынтымақтастық (ынтымақтастық мәдениеті).

2.Жасанды әріптестік, яғни колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен бақылауының нәтижесінде дайындалған бағдарламаны орындау.

Мәдени ынтымақтастық-екі жақты түсіністікке негізделген тәлімгерлік тұрғыда іске асады. Өзара сенім мен қолдауға сүйеніп мұғалімдер ортақ мақсатты анықтап, оған жетудің мүмкіндіктерін бірігіп қарастырады. Біздің ойымызша, қазір мұғалімнің қажеті мен білім мекемесінің дамуына ең қолайлы біліктілікті жетілдіру түрі – мәдени ынтымақтастық. Өйткені, мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің кәсіби деңгейі санасының өсу-тек білім жинақтау процесі ғана емес, педагогикалық әрекеттің жаңа түрін игеру жаңа технологияның мәнісін терең түсіну болып табылмақ. Әдістемелік жұмыстың бұлай қайта бағдарлануы-мұғалімнің кәсіби-тұлғалық сипаттамасының, түйінді концепциялар мен педагогикалық шығармашылығының қалыптасуы үшін қажетті процесс. Сондықтан білім мекемелерінде біліктіліктің кең көлемді және әр түрлі негізде мұғалімдердің өздігінен сапалы түрде жетілуі, өзінің кәсіби біліктілікті деңгейін көтеруі үшін мүмкін жалпы болатын мәдени даму ортасын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Колледжішілік біліктілікті жетілдіру жұмысының негізгі принциптері төмендегіше болуы керек:

- мұғалімнің жеке тұлғалық қасиетіне бағытталуы;

- педагог маманның кәсіби мотивациясы;

- әкімшілік пен педагогтың арасындағы ізгілікті қарым-қатынас;

- мұғалім еңбегінің нәтижесі мен кезекті білікті перманенті ( үздіксіз көтеруін) түрде қадағалап (мониторинг) бағалау.

Сондықтан, білім беру мекемесі деңгейінде өткізілетін біліктілікті көтеру жұмысын сол мекеме үшін бірыңғай ғылыми-әдістемелік тақырыпта өткізу керек деп есептеймін, өйткені ортақ проблема-колледжді дамытып, білім беру жұмысын жақсартудың басты көзі болады. Мұнымен қатар, ортақ тақырыптарға біріккен кіші шығармашылық топтар арқылы жүргізуге болады. Облыс колледждерінде тәжірибе осындай кіші шығармашыл-зерттеуші топтардың өнімді жұмыс істей алатынын көрсетті. Өйткені, әр топтың құрамы тек өзара ынтымақтастық пікірлестерден құралды. Таңдаған тақырыптарын кәсіби әдістемелік құштарлықпен игеру соңы зерттеушілік-ізденіс жұмыстарына ұласады. Мұның өзі педагог маманның кәсіби өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Енді біліктілікті көтеру процесі жүретін колледждің осы процесі басқару қызметін (функциясын) талдап көрейік. А.М.Моисеевтің пікірінше ондай колледждің басқару (функциясын) қызметін үш топқа бөлуге болады:

1.Колледждің өз міндетін тұрақты атқаруына қолайлы жағдай туғыза отырып басқару.

2.Колледждегі инновациялық процестер мен колледждің жалпы даму процесін басқару.

3.Колледжішілік басқарудың өзін-өзі дамыту процесін басқару. Бұл топтардың әрқайсысының колледжішілік біліктілікті көтеру жұмысын ұйымдастырып, дамытуды атқаратын өзіндік қызмет міндеті бар. Колледждің өз міндетін тұрақтылықпен атқарылуына қолайлы жағдай туғыза отырып басқару функциясына: -Колледждің ішкі қызмет жүйесі бағдарлаған маңызды құндылықтарды, принциптер мен ұмтылыстарды анықтап, келісу жұмысын ұйымдастыру. -Колледждегі педагог кадрлармен жүргізілетін жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Колледждегі педагог кадрлармен карьералық өсуін жоспарлау.

-Педагог кадрларды аттестациялау жұмысын жоспарлау және өткізу.

-Колледждегі озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Ал, колледждегі инновациялық процестер мен колледждің инновациялық бағытта дамуын басқарудың біліктілікті көтеру жұмысымен байланысы төмендегіше сипатталады;

-Озық педагогикалық тәжірибені жүйелі талдау және бағалау

-Колледжде «қабілеттілік кризисі» жағдаятын туындатып соған сәйкес мінез-құлықтық мотивацияны ынталандыру.

-Колледждегі білім сапасын жақсартудың нормативтерін жасауды ұйымдастыру. -Инновациялық қызметті ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу және жинақтау жұмысын ұйымдастыру.

-Колледждің инновациялық дамуына үлес қосқан педагогтарды ынталандыру (марапаттау);

-Инновациялық әрекеттік тиімділікті талдау мен бағалау. Соңғы топтағы өзін-өзі дамытуды колледжішілік басқаруды реттеу төмендегі мәселелерді қамтуы тиіс: -өзіндік басқару тәжірибесін талдау мен жинақтау;

-Колледжді басқару мәселелері бойынша зертттеу мен эсперимент жұмыстарын ұйымдастыру;

-Колледждегі оқытушылардың арасынан басқару жұмысына бейім бір қабілетті педагогтарды басқару ісіне дайындау (резерв);

-Колледж әкімшілігі басшылары өзгерген жағдайда басқарудың сабақтастық саясатын қамтамасыз ету;

- Колледж әкімшілгінің колледж ішіндегі біліктілікті жетілдіруін ұйымдастыру.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

2.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

3.Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

4.Информатика (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003 ж.



5.Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы, 1998ж.

6.«Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет