Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата19.05.2022
өлшемі29.97 Kb.
#457731
түріСабақ
17-сабақ. Практикалық жұмыс №1 Темір(II),(III),мыс (II),мырыш, хром (III) гидроксидтерін алу


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабырова Айман Кенжегалиевна

Пән/Сынып:

10 сынып ҚГБ

Қай аптаның нешінші сабағы

9 - апта 17 - сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

10.3C Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс №1 «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу;
қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу»

Оқу мақсаты:

10.2.1.30 темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу;

Бағалау критерийі:

  • темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделелейді




Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату;

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмалар орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу;




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау




1минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!
Сабағымыздың тақырыбы: Практикалық жұмыс №1 «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу»










10 минут

Жаңа сабақ

Құралдар мен реактивтер: Реактивтер: мыс (II) сульфаты, темір (II) сульфаты, темір (III) хлориді, хром (III) сульфаты, мырыш хлориді, натрий гидроксиді, 1М тұз қышқылы ертіндісі, концентрлі натрий гидроксиді ерітіндісі.
Бірінші сынауыққа 4-5мл FeCl2 ерітіндісін, екіншісіне Fe2(SO4)3 ерітіндісін, үшіншісіне CuSO4 ерітіндісін құйып, төртіншісіне ZnSO4 ерітіндісін, бесіншісіне СrCl3 ерітіндісін құйып, түстерін бақылау. Содан сон, 4-5 мл NaOH ерітіндісін қосып, өзгерістерді бақылап, бірінші бағанға енгізу. Алынған тұнбаны екі сынауыққа бөліп, біреуіне NaOH ерітіндісінің артық мөлшерін қосып, өзгерістерді 2 кестенің 1 бағанына енгізу, ал екінші бөлігіне HCl ерітіндісін құйып, өзгерістерді 2 кестенің 2 бағанына енгізу
Нәтижелері:
1 кесте




NaOH ерітіндісі

FeCl2 ерітіндісі



Өзгеріс: Fe(OH)2 ↓ - ақшыл жасыл түсті тұнба түзіледі.
Реакция:
FeCl2 + 2NaOH → Fe(OH)2 ↓ + 2NaCl
Fe2+ + 2CI- + 2Na+ +2OH- → Fe(OH)2 ↓ +2Na+ +2CI-
Fe2+ + 2OH-→ Fe(OH)2

Fe2(SO4)3 ерітіндісі



Өзгеріс: Fe(OH)3 ↓- қоңыр түсті тұнба
Реакция: Fe2(SO4)3 + 6NaOH → 2Fe(OH)3 ↓ + 3Na2SO4
2Fe3+ + 3SO4-2 + 6Na+ +6OH- → Fe(OH)3 ↓ +6Na+ + 3SO4-2
2Fe3+ + 6OH- → Fe(OH)3

CuSO4 ерітіндісі



Өзгеріс: Cu(OH)2 ↓ -көк түсті тұнба
Реакция:
CuSO4 + 2NaOH→ Cu(OH)2 ↓ + Na2SO4
Cu2+ + SO4-2 + 2Na+ +2OH-→ Cu(OH)2 ↓ +2Na+ + SO4-2
Cu2++2OH- → Cu(OH)2

ZnSO4 ерітіндісі

Өзгеріс: Zn(OH)2 ↓ ақ түсті тұнба


Реакция:
ZnSO4 + 2NaOH→ Zn (OH)2 ↓ + Na2SO4
Zn2+ + SO4-2 + 2Na+ +2OH-→Zn (OH)2 ↓ +2Na+ + SO4-2
Zn2++2OH- → Zn(OH)2

СrCl3 ерітіндісі



Өзгеріс: Сr(OH)3 ↓ - сұр жасыл түсті тұнба


Реакция:
СrCl3 + 3NaOH → Сr(OH)3 ↓ + 3NaCl
Сr3+ + 3CI- + 3Na+ +3OH- → Сr(OH)3 ↓ +3Na+ +3CI-
Сr3 + 3OH-→ Сr(OH)3

2 кесте




+ NaOH ерітіндісі

+ HCl ерітіндісі

Fe(ОН)2

Өзгеріс:
Қалыпты жағдайда реакция жүрмейді. 50 пайыз конц.сілтімен ауадағы азот қатысында сілтімен әрекеттесіп натрий тетрагидроксоферрат түзіледі.
Реакция:
Fe(ОН)2 + 2NaOH → Na2[Fe(OH)4]

Өзгеріс: ақшыл жасыл тұнба қышқылда ериді.


Реакция:
Fe(ОН)2 + 2HCl → FeCl2 + 2H2O

Fe(ОН)3

Өзгеріс:
Концентрлі сілтімен әрекеттесіп гексагидроферраты түзіледі.
Реакция:
Fe(ОН)3 + 3NaOH → Na3[Fe(OH)6]

Өзгеріс: қоңыр түсті тұнбаны қышқылда ериді.


Реакция:
Fe(ОН)3 + 3HCl → FeCl3 + 3H2O

Cu(ОН)2

Өзгеріс: реакция жүрмейді


Реакция:
реакция жүрмейді

Өзгеріс: көгілдір түсті тұнба түзілді.


Реакция:
Cu(ОН)2 + 2HCl → CuCl2 + 2H2O

Zn(ОН)2

Өзгеріс:
Сілтімен әрекеттесіп натрий тетрагидроцинкаты түзіледі
Реакция:
Zn(ОН)2 + 2NaOH→
Na2[Zn(OH)4]

Өзгеріс:
Ақ түсті тұнба қышқылда ериді
Реакция:
Zn(ОН)2+ 2HCl → Zn Cl2 + 2H2O

Сr(ОН)3

Өзгеріс:
Сілтімен әрекеттесіп натрий хроматы түзіледі
Реакция:
Сr(ОН)3 + NaOH → NaСrO2 + 2H2O

Өзгеріс:
сұр жасыл түсті тұнба
қышқылда ериді
Реакция:
Сr(ОН)3 + 3HCl → FeCl3 + 3H2O




Жаңа тақырыпты меңгеру


Мақсаты:
Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу

Дескриптор:
Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттейді

Презентация

№ 3 слайд


Презентация

№ 4-7 слайд



5 минут




Негіздерді алу үшін қандай реакция қолданылды?
Кейбір негіздердің гидроксидтің артық мөлшерінде еруінін себебі неде?
Амфотерлік гидроксидтерді көрсет:


Қорытынды:
Бүгінгі сабақта:

  • темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделедік










Презентация

№ 9 слайд




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет