БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДЕРГЕ ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ
Пәндерге тіркелу 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Білім бағдарламалары бойынша оқу жоспары мен элективті пәндер каталогымен танысу.
Пәндерге тіркелу алдында кафедра меңгерушісі және топтың эдвайзері білім алушыларды білім бағдарламаларының оқу жоспары мен пәндер каталогы бойынша оқытылатын пәндердің тізімімен таныстырады
2 кезең. Білім бағдарламаларының оқу пәндеріне тіркелу.
Білім алушы оқу үшін қажетті мөлшердегі міндетті және элективті пәндерін таңдайды, олар білім бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес жеке оқу жоспарына енгізілетін болады.
3-ші кезең. Пәндерге және оқытушыларға тіркелу.
Берілген кезеңде енгізілген оқытушыларымен қоса міндетті және элективті пәндерге тіркелу қажет. Білім алушы жек оқу жоспарының қалыптасуына тікелей өзі жауапты.
4-ші кезең. Қайта тіркелу (қажет болған жағдайда).
Егер білім беру траекториясына тіркелу кезінде пәндерге немесе оқытушыларға оқу тобын құрайтындай жеткілікті студенттің саны жинақталмаса, онда қайта тіркеу қажет болады
Пәндерге электрондық түрде тіркелу
Пәндерге электрондық түрде тіркелу студенттің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелу «Универ» жүйесінде онлайн режимде өтеді.
1. Логин мен пароліңізді енгізіңіз.
2. «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз. Егер логин, пароліңіз болмаса, немесе Сіз оларды ұмытып қалсаңыз, онда Тіркеу кеңсесінің көмегіне жүгінсеңіз болады.
Авторизация сәтті аяқталғаннан кейін Сіздің жеке кабинетіңіздің бастапқы беті ашылады.
Содан кейін ұсынылып отырған пәндер мен оқытушылардың арасынан таңдап, күзгі семестрдің пәндеріне тіркелесіз.
Пәнді таңдау кезінде пәннің қысқаша сипаттамасымен танысуға болады.
Алдымен сізге міндетті пәндерді таңдау қажет болады, таңдау кезінде сіз пәнді де, оқытушыны да таңдау мүмкіндігіне иесіз.
Пән оқытушыларын таңдау кезінде, олар туралы қысқаша ақпаратты көруге болады (оқытушының аты жөнін басу арқылы)
Міндетті пәндерді таңдау: Базалық пәндер- ЖОО компоненттері немесе Бейіндеуші пәндер- ЖОО компоненттері, аталған модульдегі пәндерді күзгі және көктемгі семестрлер үшін таңдайсыз.
Міндетті пәндерді таңдап болғасын, элективті пәндерге көшіңіз.
Базалық пәндер- Таңдау компоненттерінің бірнеше модульдерінен сіз кредит санына сәйкес бір немесе бірнеше модуль таңдай аласыз. Бейіндеуіш пәндер-Таңдау компоненттеріне тіркелу дәл осылай жүргізіледі.
.
Кәсіби тәжірибелерге тіркелу міндетті.
Ары қарай «Сақтау» батырмасын басасыз.
Егер Сіздің парақшаңызда жасыл түсті жазумен жазылған «Пәндерге тіркеу сәтті өтті деген» хабарлама шықса, Сіз күзгі семестрге тіркеуді өттіңіз. Егер таңдауларыңызды сақтау кезінде, «Сіз пәндердің бірінен барлық топтарды таңдамадыңыз» деген жазу пайда болса, немесе модульден кредиттің санын жеткіліксіз немесе асырып таңдасаңыз, онда Сізге қайта тіркелу қажет болады.
Содан кейін көктемгі семестрдің тіркеуіне өтіп, күзгі семестрдегідей пәндер мен оқытушыларды таңдайсыз. Пәндер мен оқытушыларды таңдаған соң және көктемгі семестрдің тіркеуін сәтті аяқтағаннан кейін Сіз алдағы оқу жылына тіркелуді аяқтайсыз.
Оқу жылына тіркелуді аяқтаған соң Сіз өзіңіздің Жеке оқу жоспарыңызды (ЖОЖ) құрастырасыз.
ЖОЖ құрастырылғаннан кейін эдвайзер және Тіркеуші кеңсесі тарапынан тексеріледі, тексеріс нәтижесі оң болған жағдайда «Универ» жүйесінде келісім жүргізесіз, одан кейін эдвайзермен және Тіркеуші кеңсесімен келісіледі, декан тарапынан бекітіледі, соңында ЖОЖ-да автоматты түрде QR-код пайда болады, ол оқу пәндеріне тіркелу үдерісінің аяқталғандығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |