Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихы[өңдеу]
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр
Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.
Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілерменберілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха — «а», «ә»; дамма — «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра — «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен — ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет — ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб — ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі — ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген — ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген).
Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған.
Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.
1. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |