Білім беру бағдарламасы «6В01303 Бастауыш білім беру акт-мен»



бет1/4
Дата14.10.2022
өлшемі25.42 Kb.
#462680
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
2-курс күнделік -


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІБИ ДАЯРЛАУ БӨЛІМІ: «БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ


ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ

К Ү Н Д Е Л І Г І

Курсы ___2_____


Институт___Педагогика және психология________________


Кафедра ___Бастауыш білім беру


Білім беру бағдарламасы «6В01303 – Бастауыш білім беру АКТ-мен»




______________________________________________________
Білім алушының аты-жөні

Практика мерзімі_________________________________________

Алматы, 2022
«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» оқу практикасы
Практиканың мақсаты мен міндеті
«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» практикасының мақсаты психологиялық-педагогикалық пәндерден алған білімдері негізінде студенттердің практикалық біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» практикасының негізгі міндеттері:
– педагогикалық үдерістің негізгі белгілерін меңгеру үшін қолданылатын психологиялық әдістер кешенін меңгеру.
– кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалауды іске асыру біліктілігін қалыптастыру.
Практиканың мазмұны
«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» практикасы оқу үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Ол студенттердің практикалық қызметінің бастапқы кезеңі, сонымен бірге тікелей педагогикалық қызмет үдерісінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға белсенді жағдай жасайды. Практиканың бұл түрі психология-педагогикалық пәндерді оқып аяқтағаннан кейін жүргізіледі.
1.Студенттер педагогикалық практикадан өтуі үшін мектеп әкімшілігінің келісімімен әр сыныпқа екі-үш практиканттан бекітіліп беріледі және педагогикалық практика бағдарламасында көрсетілген жұмыс ауқымын толығымен орындайды.
2. Практика барысында әр практикант күнделік жүргізеді, оған күнделікті жүргізген жұмыстарының мазмұнын жазып, талдайды, сонымен бірге сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зерттеу материалдарын жинақтайды.
3. Әр топтағы практиканттарға староста тағайындалады, ол практикаға студенттердің қатысу журналын толтырып, практика жетекшісінің тапсырмаларының орындалуын қадағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет