Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан»



Дата21.11.2023
өлшемі26.19 Kb.
#483955
Эссе

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тобы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЭССЕ
Тақырыбы: Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан».

Орындаған: Шарипова.А
Тобы: 1301-72
Қабылдаған: Бегдаулетова Қ.


Шымкент, 2023ж.
Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан»

Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан» кітабында концлагерьлерде бастан өткерген оқиғалардан түйген ойларын жазады. «Неге бір адамдар күйзеліске түсіп, тез арада көз жұмады, ал екінші біреулері жанталасып өмір сүруге талпынады?» деген сұраққа жауап іздейді. Алғаш рет 1946 жылы жарық көргеннен бастап, 1997 жылы автор өмірден озғанға дейін, 10 миллионнан аса таралыммен сатылып, 24 тілге аударылған.Кітап үш бөлімнен тұрады. «Концлагерьдегі өмір» атты бірінші бөлімде тұтқындардың бойындағы психологиялық реакцияның үш негізгі кезеңі жеке-жеке сипатталады: лагерьге келу кезеңі,лагерьге мойынсыну кезеңі және босатылу кезеңі.


«Логотерапия дегеніміз не?» деп аталатын екінші бөлімде өмірдің мәнін іздеу мен талдауға негізделген терапиялық практиканың басты қағидалары сипатталады.Өмірдің мақсаты – жанның рақатын іздеу емес, сүйікті ісіңізбен айналысу және мәнді ғұмыр кешу», – дейді Франкл.Тұтқындардың көкейіндегі «соңғы сәтте құтқарыламыз, мұның бәрі уақытша» деген алдамшы сенімді автор рақымшылық жасалады деген үмітке теңейді. Өзге тұтқындармен бірге СС офицерінің алдында кезекте тұрған сәтінде тағдырдың тәлкегіне көніп, бәріне де мойынсынғанын айтады. Дене бітімі қара жұмысқа жарамды болып көрінгендерді оң жаққа, әлсіз болып көрінгендерді сол жаққа бөліп, бірден газ камераларына жөнелтіп тұрған офицердің жанашырлықтан жұрдай қатыгез бейнесін суреттейді. Әдетте Освенцимге келген адамдардың 90 пайызы тікелей газ камераларына жөнелтіліп отырған.Күзетшілер мен бригадирлердің ұрып-соғуынан көз ашпаған тұтқындар әбден тозған аяқ киіммен ақ қар, көк мұзда жұмыс істеп жүріп ауруға шалдығады, шеменнен зардап шегеді, сүзек жұқтырады. Ал «Трагедиялық оптимизм» атты эпилогте «ештеңеге қарамастан өмірге «иә» деу» идеясы талданады.
«Адам баласы азаптан қашып құтыла алмайтын жағдайға тап болса, өз өмірінің мәнін табу арқылы қиындықты жеңе алады» деп түйіндейді автор өзінің ойын. Демек, өзіңіз өзгерте алмайтын жағдайға тап болсаңыз, Франкл сияқты түрмеге түссеңіз, кемтар болып қалсаңыз, жазылмайтын ауруға душар болсаңыз, қандай қиындық болса да, өмірден баз кешесіз бе, сол тауқыметтің өзінен өмірдің мәнін табасыз ба, оны өзіңіз шешесіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет