Білім беру бағдарламасы: 6В01503-«Биология»



бет1/13
Дата27.05.2022
өлшемі68.29 Kb.
#458695
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Биологияны оқыту әдістемесі



ETKN 2204 «Биологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Білім беру бағдарламасы: 6В01503-«Биология»


Курсы: 3 , семестрі: 6
Пәннің циклі: Бейіндеуші пәндер
Компоненті: таңдау
Кредит саны: 3
Оқыту түрі: күндізгі
Лекция: 15 сағат
Практикалық/семинар сабақтар: 15 сағат
ОББӨЖ: 30 сағат
БӨЖ: 30 сағат
Межелік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 6 семестр
Курстық жұмыс______


1Пәннің академиялық сипаттамасы
Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар. Биологиялық білім берудің негізгі үрдістері мен даму кезеңдері. Биологияны оқыту мен тәрбие теориясының қазіргі проблемалары. Биологиялық білім берудің әдіснамалық негіздері. Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшелігі. «Биология» пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістері. Биология сабағында жобалау әдісі. Ақпараттық-коммуникативтік технология – оқытудың және қарым қатынастың ерекше құралы. Оқытудың белсенді әдістері. Интерактивті әдістер. Кластер. Зерттеушілік әдіс. Сын тұрғысынан ойлау. «Биология» пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және критериалды бағалауды ұйымдастыру. ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуда CLIL технологиясын қолдану.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты Студенттерді болашақ мұғалімдер ретінде әдістемелік білім мен білік, мектепте биологиядан оқу тәжірибелік жұмыстарын жүргізуге дайындық, ұстаздық жұмысқа өз бетімен және шығармашылық жағынан дайындау.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері дидактикалық негізгі принциптеріне суйене отырьш білім беруге, тәрбиелеу мен дамыту біртүтастығын, ғылымилығы мен жүйелілігін, теория мен практиканың сабақтастығын, қарапайымдылық, кернектілік, тиянақтылык жақтарын игеруге үйрету
1.3 Пререквизиттер: Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Инклюзивті білім беру
1.4 Постреквизиттер: Биология сабағында көрнекі құралдар дайындау, Биологиядан экскурсия ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет