Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері



бет1/2
Дата19.02.2022
өлшемі483 Kb.
#455559
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Силлабус ЖЕФП каз последн


«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ







Пәннің мақсаты. Болашақ педагог мамандарды балалар мен жасөспірімдердің ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, әртүрлі оқу іс-әрекеттерінде олардың жоғары жұмыс істеу қабілетін сақтауға негізделген заңдылықтар туралы біліммен қаруландыру.
Жас ерекшелік психологиясының ғылыми түсініктерімен, негізгі ұғымдарымен, жас ұғымының психологиялық ерекшеліктері, әр жас кезеңіндегі психиканың даму заңдылығы, динамикасы, механизмдері туралы жүйелі білімді қалыптастыру.


Міндеттері:
- организмнің өсуі мен дамуының негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысу;
- балалардағы әртүрлі мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері туралы білімді меңгеру;
- оқу үдерісінде анатомия, физиология және гигиена негіздері бойынша білімді пайдалану дағдыларын меңгеру;
- студенттерді жас ерекшелік психологиясының шетелдік және отандық теорияларымен таныстыру;
- студенттердi өзiнiң болашақ кәсiби әрекетiнде теориялық және практикалық бiлiмдi қолдануға дайындау;
- педагогикалық әрекет үрдiсiнде пайда болатын бiрқатар психологиялық мәселелердi өз бетiнше шешу дағдысын қалыптастыру;
- кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.


Пәнді оқытудағы күтілетін нәтижелер:



Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері

Пән бойынша оқыту нәтижелері

Нәтиже жетістіктерінің индикаторы

ОН 2 – Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның негізгі білімдерін ескере отырып, адам, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың түрлі салаларында жағдайларға баға беру;
ОН 12 – Педагогикалық іс-әрекетте жоғары мотивацияға ие, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға ұмтылады.

1. Адам ағзасы тіршілігінің негізгі процестерінің физиологиялық сипаттамаларын біледі.
2. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру кезінде сыныпта гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3. Қоршаған орта факторларының балалардың ағзасының қызметі мен дамуына әсерін бағалайды.
4. Медицина қызметкерінің басшылығымен балалар ауруларының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.
5. Психологиялық құбылыстарды, феномендерді және процестерді әдіснамалық тұрғыда талдау.
6. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелерін қалыптастыру, тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қоғамдық маңызы бар қасиеттерін мақсатты қалыптастыру.
7. Психология ғылымының интегративті психо-биологиялық-әлеуметтік-рухани әдіснамалық тұғырда қарастырылатын теориясы мен тәжірибесінің қалыптасу кезеңдерін ажырата алады.

1. Тақырып бойынша зертеу жұмысының жоспары
2. Қысқаша аңдатпа
3. Зерттеуді презентациялау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет