71 |
қоғамның арман-мұраты мен құндылықтары туралы түсініктерін дамытуға бағытталған, мысалы:
адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, биліктің бөлінуі, заң-
дылық пен құқықтық тәртіп туралы түсініктер. Осы пәннің негізінде оқушылардың оқиғаларға
жеке көзқарасын айқындау қабілеті қалыптасады және сол арқылы белсенді азаматтық ұстанымы
мен патриоттық сезімі қалыптасады.
«Өнер» білім беру саласы негізгі мектепте осы жас тобындағы оқушылардың танымдық
мүмкіндіктерін ескере отырып, музыка, бейнелеу өнері, дизайн және технология пәндерін кірік-
тіріп оқыту әлі де жалғасады. Бұл кіріктірілген курс өнер мен шығармашылықтың нақты түрлері
бойынша практикалық тәжірибе негізінде эстетикалық талғам мен көркем мәдениетті дамытуға
бағытталған.
«Дене шынықтыру» білім беру саласы оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау дағды-
ларын күнделікті өмірде қолдануға ынталандыруға бағытталған дене шынықтыру курсы арқылы
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: