Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі28.59 Kb.
#7373
Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 573-құжат

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативi бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен:


      1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының санын бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiне жеткiзудi;
      2) экономикалық орындылығына қарай және жалпы бiлiм беретiн оқу орындары жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келiсiмiне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептерге дейiн және керi күнделiктi тегiн тасу жолымен азаматтардың тегiн мектепалды және орта бiлiм (мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз етсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:


      1) "Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттiк нормативi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 110-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 қазандағы N 1065  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 42, 443-құжат). 

         4.   Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1256 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген


мемлекеттiк нормативi

      1. Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативi Қазақстан Республикасының  Конституциясымен  және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңымен кепiлдiк берiлген азаматтардың тегiн мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында айқындалған.

      2. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жалпы саны әрбiр ауылдық елдi мекенде:
      1) мектепалды жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi;
      2) кiшi мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, бастауыш бiлiм беретiн мемлекеттiк оқу орнының жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi;
      3) кiшi және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, негiзгi орта бiлiм беретiн мемлекеттiк оқу орнының жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi;
      4) кiшi, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк оқу орнының жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi.

      3. Қалалық жерде тұрғындардың тегiн мектепалды және орта бiлiм алуға қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн 2007 жылы 1 қыркүйекте болған мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк ұйымдары және жалпы бiлiм беретiн оқу орындары желiсiнiң жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi.

      4. Оқуға және мектептiң жанындағы интернаттарда тұруға мұқтаж оқушылардың саны 10 және одан көп болу шартымен, мемлекеттiк мектеп жанындағы интернаттардың жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi.

      5. Оқуға және мектеп-интернаттарда тұруға мұқтаж оқушылардың контингентi 150 және одан көп болған жағдайда ашылатын мемлекеттiк жалпы үлгiдегi мектеп-интернаттардың жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi.

      6. Әрбiр облыста:
      1) мемлекеттiк санаториялық мектеп-интернаттардың
      2) мемлекеттiк арнаулы түзету бiлiм беру ұйымдарының
      3) девианттық мiнез-құлықты балаларға арналған арнаулы мемлекеттiк мектеп-интернаттардың жұмыс iстеуiне кепiлдiк берiледi.

      7. 2-тармақта көрсетiлген нормативтер, бiлiм беру ұйымдары мектепалды және мектеп жасындағы тәрбиеленушiлер мен оқушылар тұрақты тұратын елдi мекендерден 3 километрден астам қашықтықта болған кезде белгiленедi.


      Елдi мекендердiң арасында табиғи кедергiлер (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда мұндай бiлiм беру ұйымдары бiр-бiрiнен аз арақашықтық жағдайында да құрылуы мүмкiн.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет