Білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей міндетті білім беруді ұйымдастыру жолдары
Мақсаты: Мектептің шағын учаскесіндегі балаларды және оқушыларды есепке алу, оқуға тарту, жалпыға бірдей білім берумен қамту.
Міндеті: Оқушыларды ыстықтамақпен қамту, мүгедек балаларды анықтау, оралман балаларды тізімге алу, тамыз, қаңтар, наурыз, мамыр айларында есеп жүргізу, мектептің шағын учаскесінде тұратын оқушыларды есепке алу, оқушыларды оқулықпен қамту, жағдайы төмен отбасыларды анықтау, барлық әлеуметтік топтардағы балаларды анықтау.
Жалпы «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы төмендегідей іс-шараларды қамтиды:
1. Оқу жылының жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарын жасау;
2.Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту;
3.Сабаққа себепсіз келмеген оқушыларды анықтау;
4. Тамыз, қыркүйек, қазан, қаңтар, наурыз айларында шағын мөлтек аудандарды аралау;
5.Мектепалды даярлыққа 5-6 жасар балаларды қамту;
6.Оқушыларды медициналық тексеруден өткізу;
7.Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;
8.Рейд жұмыстарын жүргізу;
9. «Қамқорлық» акциясын өткізу.
Жаңа оқу жылының міндеттері:
1. Жалпыға бірдей білім берумен қамту;
2. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту;
3. Мүгедек балаларды анықтау;
4. Оралман балаларды тізімге алу;
5. Тамыз,қыркүйек,қаңтар, наурыз,мамыр айларында есеп жүргізу;
6. Мектептің шағынучаскесінде тұратын оқушыларды есепке алу;
7. Оқушыларды оқулықпен қамту;
8. Жағдайы төмен отбасыларды анықтау;
9. Барлық әлеуметтік топтардағы балаларды анықтау;
10. Жағдайы төмен отбасыларындағы оқушыларға көмек беру.
1. Білім беру ұйымының жұмысын ұйымдастыруда жалпыға бірдей оқумен қамтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативті, заңды құжаттардың болуы қажет
2. Жалпыға бірдей оқумен қамтуды ұйымдастыру жұмыстары:
2.1. Мектептің әлеуметтік картасы (соңғы 3 жыл)
-шағын аудандардың шекараларын бекітутуралы аудан, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімі,шағын аудан сызбасы;
- шағын аудандардың тиісті адамдарға бекітілуі туралы бұйрық (жауаптылардың қолымен);
-шағын аудандар дәптерлері ;
-аудан, округ әкімі бекіткен туған жылдары бойынша тұрғындар тізімдемесі;
-оқушылардың сабаққа қатысуына бақылау жасау жүйесі (сабақ босатуын растау құжаттары мен анықтамалары, түсініктемелерт.б. құжаттар)
- аз қамтылған отбасылар балалары көмек ұйымдастыру бойынша жұмыс нәтижелері (жалпыға бірдей оқыту қорынан);
-аталған мәселені қарастыру (педагогикалық кеңес, аудандық әкімшілік, білім беру ұйымдары мен облыстық әкімдік, білім беру органдары шешімдері мен хаттамалары және т.б.);
-салыстырмалы түрдегі ағымдағы жыл мен өткен жылдар бойынша білім беру ұйымдарына тапсырылатын құжаттар мен есептердің болуы;
-шағын аудандар бойынша оқушылар жаңартылған тізімдемесінің базасы
2.2. Картотека (әртүрлі санаттағы оқушылар тізімдемесі)
-көпбалалы отбасылар
-аз қамтылған отбасылар
-сәтсіз отбасылар
-мүмкіндігі шектеулі оқушылар
-қамқорлықтағы балалар
-мектепішілік бақылаудағы балалар
-ИДН-да бақылауда балалар
-суицидке жақын, босқын балалар
-тегін тамақпен қамтылғандар
-толық емес отбасынан шыққандар
3. Мектеп құжаттарның жүргізілуіне сараптама:
- істер номенклатурасы;
- алфавиттік кітап ;
- нақтылау талондары (келген-кеткен оқушылар, олардың жүйелілігі);
- оқушылардың жеке бас құжаттары;
-оқушылар қозғалысы туралы бұйрықтар,бұйрықтарды тіркеу кітабы;
- келген-кеткен оқушыларды тіркеу журналы;
- қатаң есептегі құжаттарды тіркеу журналы: орта білім, негізгі орта білім туралы аттестаттарды беруді тіркеу журналдары; сынып журналы: оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын тіркеу журналы; аталған құжаттардың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау бойынша әкімшілік құжаттары;
4.Сабақ кестесі, оқу жүктемелерінің дұрыс сақталуы, жүргізілу тәртібі
5. Жасөспірімдер құқықтарын қорғау істері бойынша комиссия отырыстары жұмыстары құжаттары
6. Құқықбұзушылықтың, суицидтің алдын-алу бойынша сұрақтар құжаттары: факультативтік сабақтар сараптамасы, психолог жұмысы, сынып жетекшілер жұмысы, суицид, құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары бойынша іс-шара жоспарлары.
7. "Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры" қаражаттарын пайдалануына сараптама: жоспарланған қаражат, жұмсалуы, қалай жұмсалды; жыл басында демеушілер және жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алған оқушылар, соңғы бес жылдың сараптмасы.
Ескерту: Жазбаша сараптамада келесі мәселелердің қамтылуы міндетті:
1. Оқумен қамтылмаған оқушылардың толық тізімдемесі;
2. "Мектепке жол" акциясыбойынша аз қамтылған отбасылар балаларына мектепке дайындау барысында берілген көмектің түрі, қаражат сомасы, не алынды, кім не берді, демеушілерді көрсету;
3. Мектепке оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру: сапалығы, жүйелігі, қауіпсіздігі, көлік жағдайы, әкімдіктің оқушыларды тасымалдауда қатысуы;
4. 9, 11- сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы: неше адам мектепті тәмамдады, 10-сыныпқа неше оқушы қабылданды, оқуға түскені, түспегені.
5. Материалдық-техникалық жағдайы: ағымдағы және күрделі жөндеу сапасы, бөлме температурасы, сыныптардың жарықтандырылуы, ауыз сумен қамтылуы және т.б.
6.Спортпен шұғылдануға жасалған жағдай: спортзал, спорт алаңдары, спорттық құрылғылар жағдайы, спорттық секциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |