ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1, 2017
ВЕСТНИК КГПИ №1, 2017
ISSN 2310-3353 ISSN 2310-3353
90
УДК 394.011
Балғабаева, Г.З.,
т.ғ.к.,доцент
Кенжебай, А.,
«Тарих» мамандығы
2 курс студенті,
ҚМПИ, Қостанай қ., Қазақстан
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН
ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Түйіні
Билер институтының құқықтық қатынастардағы рөлін бағалай ке-
ле, олардың (билердің) сот қызметін жүргізген кездегі әділеттілігіне, да-
нышпандығына, көрегендігіне және оған деген халық сенімінің шексіздігіне
таң қалмасқа болмайды. Билер тек кана ел ішінде кездесіп отыратын дау-
дамайларды шешіп қана қоймай, өз қызметінің аясында қоғамдағы қатынас-
тың барлығына араласып отырған. Сонымен қатар, билердің ерте кезден
бастап құқық түзу органының, яғни, қазіргі тілмен айтсақ, жоғарғы заң
шығарушы орган-парламенттің міндетін атқарғанын да байқауға болады.
Мақаланың мәнін ашатын сөздер: құқық, қоғам, «билер институ-
ты», заң, құрылымдық жүйе.
1. Кіріспе.
Қазақ халқының тарихында билер институтының маңызы өте зор болып келген. Себебі,
мемлекеттің саяси және әлеуметтік құрылымының ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын
қамтамасыз етуші бірден-бір әлеуметтік құрылым ретінде билер институты қоғамдық күштердің
арасалмағын теңдестіруші
механизм рөлін атқарып, қоғам дамуындағы бүкіл саяси-әлеуметтік
қарым-қатынастарды реттеп отырған. Қазақ қоғамындағы билер институтының тағы бір ерекше-
лігі сонда, ол белгілі бір тарихи кезеңдер бойында мемлекеттік басқару институттарымен тығыз
байланыса келіп, билеушілер мен бұқара халықтың белгілі бір саяси-әлеуметтік
құндылықтар
төңірегінде топтасуын қамтамасыз етіп келді.