Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум туралы Ереже
1. Жалпы ережелер 1.1. Психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан әрі - Консилиум) білім беру ұйымындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды дамыту мен оқытудағы мәселелерді шешу және ерекшеліктерін зерттеуге кешенді ықпалды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен білім беру процесінің қатысушыларының өзара әрекеттесуінің тұрақты қызмет ететін формасы болып табылады. 1.2. Консилиум өз әрекетін білім беру ұйымының ішінде ғана жүзеге асырады. 1.3. Консилиум білім беру ұйымы жетекшісінің бұйрығымен құрылады және Консилиумның төрағасымен үйлестіріледі. 1.4. Консилиум өз әрекетінде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының әрекеттегі «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарды және осы Ережені басшылыққа алады. 2. Консилиум мақсаты мен міндеттері 2.1. Консилиум әрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар, әлеуметтік және педагогикалық қауіп тобындағы балалар мен жасөспірімдер, оқыту мен мінез-құлығында қиындықтары бар балаларға олардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін қолдау болып табылады. 2.2. Консилиум міндеттері: 2.2.1. диагностикалық-консультациялық және түзете-дамыту жұмысының нәтижелерін талдау барысында іске асырылатын әдістемелік қолдау; 2.2.2. балалардың оқуы мен тәртібіндегі қиындықтардың сипаты мен себептерін анықтау; 2.2.3. баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін анықтау, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеке ықпалды қамтамасыз ету үшін тәрбиешіге/мұғалімге ұсыныстарды әзірлеу; 2.2.4. ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сәйкес топтар/сыныптарға қосу жолдарын анықтау; 2.2.5. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсыну үшін оқушының дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасау; 23 2.2.6. балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауда мамандар әрекетін ішкі үйлестіруді қамтамасыз ету; 2.2.7. ата-аналар, қорғаншы мен қамқоршыларға консультациялық көмек көрсету; 2.2.8. білім беру ұйымының оқытуда, дамуында және тәртібінде қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдер туралы деректер қорын қалыптастыру және декреттелген қолжетімділікпен, құпиялықты сақтай отырып кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, олардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығының алдын алу мемлекеттік жүйесінің сәйкес органдардың сұранысы бойынша ақпаратты беру. 3. Консилиум жұмысының қағидалары 3.1. Баланың тұлғасын құрметтеу және жағымды қасиеттеріне сүйену қағидасы. 3.2. Диагностиканы барынша педагогизациялау, психологиялық және педагогикалық білімді кіріктіру қағидасы. 3.3. Ақпараттың жабық болуы қағидасы. Бала тұлғасына моральдық зиян тигізбеу үшін Консилиумның қорытындысы немесе диагнозы көпшілікке жарияланбауы керек. 3.4. Өзара әрекеттестік қағидасы. Консилиумның әрбір маманы өз құзыреттілігінің аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары қарай тәрбиелеу мен оқыту саласында болжамдар жасау сұрақтарын шеше отырып, жалпы көрініске өз түсінігін енгізеді. 4. Консилиум қызметтері 4.1. Диагностикалық: 4.1.1. оқу мен тәртіптегі қиындықтарды анықтау; 4.1.2. дамудың әлеуметтік жағдайын, ұжымдағы жай-күйді зерттеу; 4.1.3. баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау. 4.2. Қолдаушылық: 4.2.1. қолайсыз оқу-тәрбиелік немесе отбасылық жағдайға түскен баланың мүддесін қорғау; 4.2.2. тиімді оқыту мен психологиялық-педагогикалық қолдау формаларын таңдау; 4.2.3. білім беру ұйымында оқыту жағдайында, отбасылық тәрбиелеу әдістерімен де баланың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту бойынша шараларды анықтау және әзірлеу; 4.2.4. ата-ананың көзінде баланың мәртебесін арттыру мақсатында жүргізілетін отбасылық оңалту; 4.2.5. балалардың танымдық әрекетін белсендіру, олардың ақыл-ой және сөйлеу тілдік даму деңгейін арттыру, оқу әрекетін қалыптандыру, эмоциялықтұлғалық даму мен тәртіптің кемістіктерін түзетуді енгізетін оқу-тәрбиелік процесті әдістемелік қолдау; 24 4.2.6. білім беру процесінің әр түрлі қатысушыларына практикалық ұсынымдарды әзірлеу. 4.3. Тәрбиелік: 4.3.1. ерекше білім беруге қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар балаға педагогикалық ықпалдың стратегиясын әзірлеу; 4.3.2. балаға педагогикалық ұжым мен ата-ананың тәрбиелік ықпалдарын кіріктіру; 4.3.3. педагогикалық ықпалдардың сабақтастығын қамтамасыз ету. 5. Консилиум жұмысын ұйымдастыру 5.1. Консилиум отырыстары қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Бірақ оқу жылында әр бала (ерекше білім беруге қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар) үш реттен кем емес талқылануы қажет. Шұғыл жағдайларда отырыс жоспардан тыс жүргізіле алады. 5.2. Отырысты ұйымдастыру екі кезеңде жүреді. 5.2.1. 1 кезең – дайындық: консилиумға дайындықты әр қатысушы өздігінен жүргізеді; диагностикалық мәліметтерді жинақтау, жалпылау іске асырылады; алдын ала қорытындылар мен ұсыныстар жасалады; диагностикалық мәліметтер медициналық, психологиялық, логопедиялық, әлеуметтік, педагогикалық көрсеткіштер бойынша талданады. 5.2.2. 2 кезең – негізгі: диагностика нәтижелері бойынша талқылау жүргізіледі; ұжымдық шешім, ұсыныстар жасалады; ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасалады 5.3. Талқыланған сұрақтар мен олардың шешімдері отырыстың Хаттамасында тіркеледі. 6. Консилиум құрамы 6.1. Нәтижелі және құзыретті жұмыс істеу үшін Консилиум құрамы жылжымалы болу керек. Оның құрамында тұрақты және уақытша қатысушылар кіредуі. 6.1.1. Тұрақты қатысушылар: Консилиум төрағасы/төрайымы (білім беру ұйымының жетекшісі немесе жетекшінің оқу-тәрбиелеу жұмысы жөніндегі орынбасары), психолог, сынып жетекшілер, логопед, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог. 6.1.2. Уақытша қатысушыларға пән мұғалімдері, эксперт ретіндегі әр түрлі маман-кеңесшілер, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, тәрбиеші. 7. Консилиум бойынша құжаттар және олардың үлгілері 7.1. Білім беу ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ереже. 25 7.2. Білім беру ұйымында Консилиумды құру туралы бұйрық (1 Қосымша). 7.3. Ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары (2 Қосымша). 7.4. Балаларды Консилиумға тіркеу журналы (3 Қосымша). 7.5. Консилиумның отырыстарын, қорытындылары мен ұсыныстарын тіркеу журналы (3 Қосымша). 7.6. Педагогикалық мінездеме, мамандардың тұжырымдамасы және Консилиум қорытындысы (4 Қосымша). 7.7 Консилиум бойынша құжаттар мен олардың үлгілері білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып толықтырыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |