2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау



бет1/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
База Данных




2 пән АЖ-дегі мәліметтер базасы


Мәліметтер қорын жобалау Мәліметтер қорының негізгі түсініктері. Мәліметтер қорының құрылымдық элементтері. Мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлері.
Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы деректерді өңдеу. Деректер базасы сөзін кеңінен алғанда – бұл қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің нақты объектілері туралы деректер жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің бір бөлігі деп түсінуге болады.
Деректер базасын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады.
Құрылымдылық (структурирование) – бұл деректерді көрсету әдістері туралы келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп мысалы, текстік файлда жазылған деректерді айтамыз.
Мысал 1. Суретте студенттер туралы мағлұматтар бар (жеке іс-қағазының нөмірі, аты-жөні және туған жылы) құрылымдылық емес деректерге мысал келтірілген. Құрылымдылық емес түрде сақталған қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру өте қиын, ал мұндай ақпаратты сұрыптау мүмкін емес.

Жеке іс қағаз №16562, Рамазанов Жасулан Рамазанұлы, туған жылы 1 ақпан 1985ж., Ж/қ №45621, Мустафина Динара Токтарқызы, туған жылы 12 маусым 1986ж., Ж/қ №78521, Жайлганова Меруерт Саттарқызы, туған жылы 15 қараша 1981 ж.

Осы ақпаратты іздеуді автоматтандыру және жүйелеу үшін деректерді көрсету әдістері туралы қандайда бір келісімді анықтау қажет, яғни туған жылды әр студентке бірдей жазу керек, ол қалған ақпараттың ортасында бірдей ұзындық және орын алу керек. Бұл ескертулер қалған деректерге де қатысты (жеке іс қағаздың нөмірі, аты-жөні).
Мысал 2. 1 мысалда берілген ақпаратпен қарапайым құрылымын өзгерту кезінде мына суреттегідей түрге келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет