Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
Бекітемін
Колледж әдіскері
________О.А.Жалғасова
Оқу сабағының жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Adobe Photoshop бағдарламасы туралы түсінік
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы КМ 01 Жеке графикалық интерфейс элементтерін құру
Педагог Мүсірәлі Б.Б дайындады
2022 жылғы "05" қазан
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ1 курс. А-22-11 оқу тобы
Сабақтың түрі практикалық сабақ
Adobe Photoshop бағдарламасы туралы түсінік
Adobe Photoshop бағдарламасы туралы практикалық жұмыстар
2. Мақсаты, міндеттері
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі Оқушылардың бүгінгі ақпараттық қоғам жайлы, озық компьютерлік технологияларда пайдаланылатын сапалы, жоғарғы деңгейлі графикалық бағдарламаларды тиімді пайдалана білу мүмкіндігін дамыту.
4. Қажетті ресурстар дәрістер, практикалық жұмыстар
5. Сабақтың барысы
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді
CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Key(Black). CMYK – көгілдір, қарақошқыл, сары, кілт немесе қара түсті белгілейді. Бояудың бұл төрт түсі «оффсетты баспа» деген дəәстүрлі баспа әдісінде қолданылады. Алғашқы үш түске (көгілдір, қарақошқыл, сары) қараны қосатын болсақ, нəәтижесінде пайда болатын спектрде түстерді араластыра аламыз. CMYK түс араластыру жүйесі химиялық пигменттерге тəәуелді бола отырып, қажетті түсті шығарады.
ИНТЕРФЕЙСТІ ТҮСІНДІРУ
Adobe Photoshop программасы мынандай терезе элементтерінен тұрады: тақырып жолы, меню қатары, құралдар параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып –күй қатары.
Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл→Новый командасын орындап ашылған сұхбат терезеде Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіледі де ОК батырмасы шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін Файл→Сохранить командасын орындау керек.
Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі.
Adobe Photoshop бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті моделді таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін Менюжолынан Изображение→Размер изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек.
Қабат – кескіннің әртүрлі бөліктері орналасқан мөлдір парақтағы
компьютерлік метафора. Қабатта бірнеше объектілерді орналастыруға болады. Қабаттағы кескінді тек PSD форматында ғана сақтауға болады. Қабатты редакторлеуге, мөлдір етуге, жоюға, көшіруге, өшіруге, т. б. болады. Қабатты өзара реттеуге – алдыңғы қатарға немесе соңғы қатарға ауыстыруға болады. Қабатпен жұмыс Photoshop графикалық редакторінде Layer мәзірі және Layer палитрасы арқылы жүзеге асады.
Оқушылар бiлуi керек: негізгі ұғымдар
компьютерлік графиканың түрлері және негiзгi ұғымдары;
•объекттің облыстарың ерекшелеу аспаптары
•тарих палитрасы, артқа адымдау, жою, резеңке, дақпырт палитра редактор аспаптары;
•суреттiң өлшемi және кенептiң өлшемі, кенептiң бұрылысы;
•*psd *. pdd *. gif *. jpg суреттердiң файлдарының қалыптары;
•қабат - қосу/өшіру, белсендi, көшiрмесiн алу, редакциялау; орын ауыстыру, аты;
•масканың быстрой/обычной тәртiбі;
Достарыңызбен бөлісу: |