Зерттеу мен талдау
«Түсін, талда, жеткіз»-мәтінмен жұмыс
Сынып оқушыларына мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына байланысты мәтін ұсыныңыз.
Берілген мәтінге сүйене отырып, мынадай сұрақтарға жауап негіздеуді тапсырыңыз. Әр сұраққа кем дегенде 2 дәлел келтіруді сұраңыз.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себебі неде?
Көшпелі өмір салтының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?
Көшпелі мал шаруашылығы қаншалықты маңызды?
Оқушыларды жұптастырып сұрақтарға келтірген дәлелдеріне өзара талдау арқылы бір-бірін толықтырады. Келесі қадам төрт оқушы топтасып, дәлелдер бойынша талдау жасап, өзгертулер мен толықтырулар келтіреді. Осыдан кейін берілген сұрақтар негізінде сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Бұл іс-әрекет оқушыға өз ойын негіздеуге ықпал етеді.
Оқушыларға Қазақстан аумағындағы шаруашылық түрлері туралы кестедегі ақпараттар негізінде түсінік беріңіз. Мұндай ақпаратты мәтін түрінде де беруге болады.
Оқушылар Қазақстанның кескін картасын қолданып, темір дәуірінде кең дами бастаған көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік аумақтарды көрсетуді, тапсырыңыз.
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
|
Мәтінмен жұмыс
мал шаруашылығының қалыптасуына дәлелелмен жауап береді.
Көшпелі өмір салтының отырықшылықтан айырмашылығын дәлел арқылы талдайды.
Көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтарды арнайы шартты белгілер бойынша көрсетедІ;
жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтарды арнай шартты белгілер бойынша көрсетеді;
отырықшы шаруашылық дамыған аймақтарды арнайы шартты белгілер бойынша көрсетеді;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
Дискриптор
лары:
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына кем дегенде екі дәлел келтіреді;
Көшпелі өмір салтының отырықшылықтан айырмашылығына кем дегенде екі дәлел келтіреді;
Көшпелі мал шаруашылығының маңыздылығына кем дегенде үш дәлел келтіру арқылы сипаттайды;
Дискрипторлары:
көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтарды арнайы шартты белгілер бойынша көрсетеді;
жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтарды арнай шартты белгілер бойынша көрсетеді;
отырықшы шаруашылық дамыған аймақтарды арнайы шартты белгілер бойынша көрсетеді;
|