Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы «17» маусымдағы
№ 227 бұйрығына 6-қосымша
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беруге грант тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
-
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО қабылдау комиссиясының) хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды;
2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді;
3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі;
4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
9) 25 тамыздан кешіктірмей ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
1) ЖОО қабылдау комиссиясы хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы және көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтерді ҰТО-ның жалпы деректер базасына жіберу;
3) ҰТО-ның көрсетілетін қызметті алушыға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беруі;
4) ҰТО-ның деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын беруі;
5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін шығару;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
7) ҰТО-ның білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
3. ЖОО-мен мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы;
2) ҰТО;
3) Республикалық конкурстық комиссия;
4) бұқаралық ақпарат құралдары;
5) ЖОО-лар.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
1) ЖОО-лардың қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды;
2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер ҰТО–ның жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді;
3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі;
4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.
-
Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің
(іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы
2-рәсім
ҰТО
1 (бір) жұмыс күні ішінде
1-рәсім
ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы
15 минуттан аспайды
3-рәсім
Республикалық конкурстық комиссия
1 (бір) жұмыс күні ішінде
4-рәсім
Бұқаралық ақпарат құралдары
3 (үш) жұмыс күні ішінде
5-рәсім
Жоғары оқу орындары
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында
білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |