Басқа да әкімшілік-құқықтық реттеу шаралары қажетті деңгейде құқықтық тәртіпті орнатуды қамтамасыз ете алмаса, арнаулы әкімшілік құқықтың режимдер орнатылады. Бұл мына құралдардың көмегімен іске асады.қосымша тыйым салу мен міндеттеу, оның үстіне режим қандай да болсын мінез құлықты шектеп қана қоймайды, осы талаптың орындалуына алдын ала бақылауды орнықтырады режимдік ережелерді орнату мен ұстап тұруға бағытталған арнаулы әкімшілік шаралар (мемлекеттік сараптама, мемлекеттік мониторинг, мемлекеттік тіркеу, лицензиялау); қандай да болмасын құқықтарды іске асыруға мүмкіндік беруге алдын ала ұсыныс жасайтын рұқсаттамалық өдістер және құқықтар мен бостандыңтарды жүзеге асыру, шаруашылық қызметті атқару. Мұндай тәртіп көбінесе лауазымдық тұлғаның қарап шешуіне байланысты, ол рұқсат беру заңдылық мақсатқа сай емес деп тапса, рұқсат беруден бас тартады; жеке және заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалардың режимдік талаптарды орындауына бақылау мен қадағалау жүйесі.орнатылған режимдік ережелерді бұзудың алдын алу, ашу және жолын кесуге бағытталған үйымдастырушылық техникалық қамтамасыз ету және т.б.
Арнаулы әкімшілік-қүқықтық режимдердің белгілеріне мыналар жатады: оны қолдану аясы — ол мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) қызметінде қауіпсіздікті, қорғауды, күзетуді қамтамасыз ететін міндеттерін орындаумен байланысты қызмет аяларында белгіленеді;режимдік ережелерді құрайтын ұйғарымдар, олар жеке және заңды түлғалардың жалпы құқық субъектілігін шектейтін, тыйым салатын және міндеттейтін әкімшілік құқықтық нормалардан тұрады;айрықша құқықтық режимнің міндетті субъектісі болып атқарушы билік органдары саналады.тұрғындар мен атқарушы билік органдары арасындағы режимдік ережелерді сақтаумен байланысты құқықтық қатынасты реттеуде әсер етудің әкімшілік құқықтық әдістері;режим ережелерін бұзғандық үшін тәртіптік және әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Арнаулы әкімшілік құқықтық режимдердің құқы реттілігіне байланысты мынадай екі топқа бөлінуі мүмкін: мемлекеттік билік органдары орнататын және реттейтін мемлекеттік режим; әкімшілік аумақтық бөліністерде жергілікті мемлекеттік органдар орнататын және реттейтін жергілікті режимдер.
Достарыңызбен бөлісу: |