Білім облысы: Таным Бөлімі: ҚМТҚ Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика) Мақсаты



Дата20.06.2016
өлшемі38.46 Kb.
#149623
Білім облысы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика)

Мақсаты; Балалардың Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлауын дамыту, 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту, тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Білімге деген құштарлықтарын дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Күлімде күн, күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, біз-көңілді баламыз,

Қайырлы күн, біз-сүйкімді баламыз.

- 1 жылда неше ай бар?

- 1 жылда неше мезгіл бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қай ай?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бейсенбі.

Ендеше бейсенбі күні сәттілік тілейік.



Бейсенбі сәтті болсын!

Күніміз тек жақсы болсын.

Жақсы білім алайық,

Үлкендерді тындайық.

(Музыка ойналып, ғарыш адамының дауысы )



II. - Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді ғарыш әлеміне саяхатқа шақырамын, онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Тапсырманы бұлжытпай орындасаңдар сендерге сыйлығым дайын.

Тәрбиеші:

- Балалар мен бір дыбыс естідім, сендер естідіңдерме?

- Балалар жауабы

- Балалар ғарыш әлеміне бізді саяхатқа шақырады сендердің барғыларың келе ме?

- Иә


Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

Иә

-Ендеше дайындаламы. Белбеуді байлап, бас киімімізді киеміз. Қолымызға өзіміздің Қазақстанымыздың Туын ала барайық. Кері санаймыз 5-4-3-2-1, біз келдік.



Балалар ғарыш әлемінде көптеген планеталар болады.

-Сендер қандай планеталарды білесіңдер?

-Венера, шолпан, жер, сатурн, юпитер, марс, меркурий, күн, жер.

- Балалар мынау не екен? бұл карта.

- Бұл картада планеталар бар. Қандай планеталарды көріп тұрсыңдар? Марс, шолпан, юпитер.

-Балалар біз 3 командаға бөлінеміз. Мына жерден текшелер алып бөлінеміз, бөлінбес бұрын планеталар қай жақта орналасқан

Оң жақ - Марс, сол жақ жоғары - Шолпан , сол жақ төмен - Юпитер. (отырды).

- Әр планетадан 1 командирден сайлайық. ( 3 командир сайланады да, мойындарына эмблема тағылады).



III. -Балалар, ғарыш адамы дайындаған тапсырмаларды орындау керекпіз.

  1. Түсіп қалған пішінді тап.






























2. Көршісін тап


3










4










2







  1. «Жұлдыздар» Төртінші бағанда не болу керек.



























IV Сергіту сәті.

Балалар мында ғарыш адамы бір бейнелер салыпты, біз сол бейнелерді қимылмен көрсету керекпіз.


3

4. Ауызша есептер

А) 5 алманың екеуін

Досың сұрап алды,

Айтшы сонда нешеуі?

Өз қолыңда қалды.

Б) Екі қоянда неше құлақ бар?

В) Бос ыдыста неше жаңғақ бар?

Г) Екі тышқанда неше құйрық бар?



5. Есеп шығар.

1+1= 4+1=

2+1= 2+2=

3+1= 3+2=

6. Таяқшамен (жұптасып) бейне жасау.

Әр тапсырманы орындаған сайын, әр командадан бір баладан тақта алдына шығып тез және дұрыс орындаған болса, сол команда жеңіске жетіп жұлдызша алады. Жұлдызшаны командир алып картаға өз планеталарына қояды.


V. Сабақ соңында балалардың жұлдызшалары саналып жеңіске жеткен команданы мадақтау.

  • Балалар ғарыш адамы сендерге берген тапсырмаларды орындағандарыңа риза болды.

  • Бос қорап пайда болды. (ішінде жарқылдаған жарық көрінеді)

  • Ішінде не бар екен? Шар. Бұл ғарыш адамының бізге берген сыйлығы.

- Балалар, біз өз Отанымыздың Туын көкке желбіресін деп, қойып кетейік.

- Енді біз балабақшаға оралу керекпіз. Дайындалайық, белбеуімізді байлап, бас киімімізді кидік. Тура санау 1- 2-3-4-5.



- Балабақшаға келдік.

- Ғарыш адамы сыйлыққа (шарға) хат жазып жіберіпті. «Құрметті Дайындық «А» тобының балалары. Бүгін мен сендердің білімге деген құштарлықтарыңды байқадым. Сендер мектепке баруға дайынсыңдар. Барлығыңа сәттілік тілеймін!» ( шарды жару, ішінде көп жұлдыздар шашылады)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет