Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Әл-Фараби атындағы
№201 мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Дауылбаева Бибінұр
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Жас зияткер» интеллектуалды сайыс
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, шапшаң жауап беруін, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту. Жаратылыстану пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу.
Түрі: жарыс, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта, эмблема мен ұрандар, ойындар.
Сабақтың барысы:
1-Жүргізуші:
-Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және оқушылар!
Біз бүгін табиғаттың қыр-сырын меңгеретін жаратылыстану пәнінің жұмбақты да тартымды әлемімен танысатын боламыз. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын, дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды сондай-ақ Жерді қамтиды. Осы сайыста оқушыларымыз алған білімдерін ортаға салады. Олай болса, сіздерді «Жас зияткер» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Кім білімді, кім дарынды
Талантты іздеп табайық
Ойланып енді қарайық
Қазылардың алқасын
Таныстырып алайық
Олай болса, әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін
1.
2.
1-Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткзіре сіздей өренді
Ғылымның биік шыңына-деп ортадағы озық ойлы, жас зияткер
командалармен танысып алайық.
Тұлпар тобы
Ұраны: Қызыл тұлпар желде ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды
2-Жүргізуші:
Сұңқар тобы
Ұраны:Білім алып бүгін алтын ұяда
Ертең әлі шарықтайсың қияда.
1 -Жүргізуші:
Қыран тобы
Ұраны:Қыран қалықтап самғайды
Қыранның қанаты талмайды
Достарыңызбен бөлісу: |