•Білім Сығырла, соңғы қоңырау Бәрімізге белгілі оқу жылының аяқталуы соңғы қоңырау 25 мамырмен еске түсетін. 25 мамыр ойымызға, бойымызға сіңіп кеткен бейне бір тарихи сәт секілді. Бәріміз 25 мамырды тағаттана күтетінбіз. Алайда биылғы жылдан бастап соңғы қоңырау 31 мамырда соғылады. Осыған сәйкес каникул кестесінде де өзгерістер орнап жатыр.
Елімізде миллионнан астам бала мектепте оқиды. Солардың жартысы оңтүстіктегі балалар. Ал оңтүстіктегі Шымкент, Тараздағы ауа райында мектепке барып қайту мүмкін емес. Мектеп ішіндегі градус 22•С болуы керек.Ал біздегі ауа райы 22 градустан артпаса түсе қоймас. Күн ұзарту ең алдымен балаға стресс әкеледі. Күн ыстығы әсерінен оқушыларға ауа жетпей, тыныстары тарылып жатыр. Күн ыстықта адам маужырап шаршайды, ештенеге зауқы болмайды . Мектеп формасын да өздеріңіз білесіздер. Ақ кофта, қара шалбар. Балалар күн ыстық екен деп шолақ шалбар, теркөйлек кие салмайды. Қара киім өзіне күн тартады.
Кішкентай сыныптарға не айтсаң да көнеді ғой, ал үлкен сыныптың қыз- балалары сабақтан қашып, күн ыстығына байланысты ашық-шашық киініп, көптеген тәртіп бұзушылықтарға алып келеді. Жай ғана күн ұзарту болғанымен , астарында қаншама жағдай жатыр. Айта кететін жайт- күн созылса да , сабақ кестесінде еш өзгеріс жоқ. Сонда балалар тектен тек күн құртып жүруі керек па?
Қазақстандық мектеп оқушылары әлем бойынша ең ұзақ демалатындар қатарында, елімізде каникул күндерінің саны-130 күн. Салыстырмалы түрде алғанда Оңтүстік Кореяда-90 күн, Жапонияда- 102 күн. Алайда ол елдерде жағдай жасалған, ал бізде жоқ.
Менің айтқым келетіні, әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшін көптеген өзгерістер орнап жатыр, әлі де орнайды. Мектеп ішінде желдеткіштер қойып, баланың оқуға деген ынтасын арттыратын жаңа технологиялар, білім беру тәсілінде жаңа әдіс тәсілдер қосса екен дегім келеді . Әрине, жоғарыға ұмтылу керек. Жақсы әрі сапалы білім алу керек. Бірақ та , соған сәйкес жағдай жасалса екен деймін.