Электр қондырғыларға қойылатын талаптар



бет1/4
Дата04.09.2023
өлшемі91.64 Kb.
#476518
  1   2   3   4
Лекция. каз


Электр қондырғыларға қойылатын талаптар.
Тепловозда қолданылатын электрлі берілісі бар басты генератор қозғалтқыштың іштен жану механикалық энергиясын тарту электр қозғалтқыштарын қоректендіру үшін электр энергиясына айналдырады. Тарту генераторынан алынған электр энергиясын электр қозғалтқыштар қайтадан оны механикалық энергияға айналдырады және локомотивтің қос дөңгелегін қозғалысқа келтіреді. Жалпы, тепловоздың электрлік берілісінің сызбасы осындай тепловозда тарту электрлі машиналарынан басқа электрлі аппараттар,электрлі қозғалтқыштар және әр түрлі қосымша электрлі генератормен басқару қондырғылары жеке агрегаттардың жұмысын автоматты түрде реттеу, әр түрлі режим жұмыстарында қорғау қондырғылары орналасқан. Тепловоздар электрлі жарық дабылдар,прожекторлар,ішкі және сыртқы жарық жүйелеріне жабдықталған. Дизельді қосу үшін сонымен қатар дизель жұмыс істемей тұрған кезде жарық беру дабыл сигналдарын іске қосу үшін аккумуляторлық батарей қолданылады. Электрлі қондырғылардың агрегаттары мен құрылғылары электрлік тізбектердің бір-бірімен байланысы үшін біріктірілген,олар әр түрлі қалыңдықтағы сымдардан жасалған. Электрлік аппараттар мен машиналар жұмыс істеу кезінде энергияның көп кету салдарынан қызады. Атмосфералық ауамен салқындату үшін электрлі машиналардың валдарында тікелей орналасқан және қосымша жеке желдеткіштер қолданылады.
Жалпы электр қондырғылар мен тепловоздың электрлі берілісіне қойылатын негізгі міндеттерді қарастырамыз. Беріліс ең алдымен темір жол көлігіндегі шарттарға байланысты тепловоздың тиімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Осы беріліс дизельді қосу кезінде және қырдан төмен түскен жолдың бөлігінде өозғалатын өос дөңгелекті ажыратуға көмектеседі. Пойызды орнынан баяу,басең қозғалуы үшін, дизельдің жұмысын тұрақты болуы үшін берілістің көмегі арқылы машинист бірте-бірте локомотивтің тарту күшін ұзартып қос дөңгелек пен рельстің бір-бірімен байланысу шартын шектейді. Беріліске локомотивтің қозғалатын қос дөңгелегінің айналу бағытын тез өзгертуге және дизельдің иінді валының айналу бағытын өзгертпей-ақ қозғалыс бағытын өзгерту үшін арнайы қондырғы кіргізілген. Дизельдің реверсивтік өзгеруі оның күрделі құрылысы мен байланыстырады, ал бастысы ұзақ уақытты қажет етеді. Мысалы, маневрлік тепловоздың өнімділігі бірнеше есе төмендетілуі мүмкін. Егер дизельді реверсивтік жолмен қозғалыс бағытын өзгертсек. Беріліс- жолдың профиліне және де басқа да шарттарға байланысты локомотивтің пойызбен бірге қозғалыс жылдамдығын өзгерту арқылы машинист берген дизель генератордың қуаттылығын қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет