«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



бет1/6
Дата03.07.2016
өлшемі1.22 Mb.
#175514
  1   2   3   4   5   6
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ұғымдар


      1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:
      1) уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
      2) құрылымдық-функционалдық бірліктерді (бұдан әрі - ҚФБ): мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйесі (қосалқы жүйе) мемлекеттік қызмет көрсетуде қатысушы.
      3) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың телнұсқалары – куәлік, аттестат, диплом, түйінді аттестациядан өткенін куәландыратын және білім алушыларға академиялық дәрежеде және біліктілігі тағайындалуы жөнінде үкім шығарылған мемлекеттік толық – міндетті стандартқа сәйкес білім деңгейін растайтын құжат.
      4) Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматына, азаматтығы жоқ, тұрақты Қазақстан Республикасында тұратын азаматтарға және Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтарға көрсетіледі (әрі қарай – мемлекеттік қызмет алушы) – білім алушылардың стандарттың тиісті деңгейдегі академиялық мемлекеттік жалпыға міндетті дәрежемен біліктілігі бойынша тағайындалуын және қорытынды аттестациядан өткендігін растайтын құжат – куәлік, аттестат, диплом.

2. Жалпы ережелер


      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
      3. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі негізгі, орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұсынылады (әрі қарай – білім беру ұйымдары). Білім беру ұйымдарының тізімімен мекен – жайлары мемлекеттік қызметінің № 12 қосымшаларында ұсынылған.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңнын 4 бабының 9 тармақшасына, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 «Білім беру мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлерімен нысандарын бекіту және оларды беру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына және 2012 жылғы 31 тамызындағы № 1119 «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес ұсынылады (әрі қарай – Стандарт).
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны қағаз түрінде білім туралы құжаттардың телнұсқаларын ұсыну (әрі қарай – көшірме) болып табылады.
      7. Бұл мемлекеттік қызметтің Регламенті мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің келісуін қажет етпейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары


      8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мейрам күндерінен басқа күндері сағат 9:00 – 18:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 – 14:00 дейін ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық мәлімет білім беру ұйымдарының вэб сайттарында орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызмет алушының қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап, осы регламентінің 11 тармағында көрсетілген - 20 минуттан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап – 10 күнтізбелік күннен кем емес.
      11. Құжат топтамасының толық ұсынылмауы, қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет нәтижесін шығару кезіне дейін алушыдан өтініш алған сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      Уәкілетті органға мемлекеттік қызметті алушының жолығуы:
      1) мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар қосымшасымен арыз тапсырады;
      2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, құжаттар топтамасының тізімін тексеруді, мемлекеттік қызметті алушыға қолхатты беруді жүргізеді және уәкілетті органның басшысына көрсетеді.
      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарар салып маманға жолдайды, білім туралы құжаттардың телнұсқаларына немесе бас тартудың дәлелді жауабына бұрыштама қояды;
      4) уәкілетті органның маманы келіп түскен құжаттардың сенімділігінің тексереді, мемлекеттік қызметті ұсыну немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және басшымен келістіре отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну немесе бас тарту туралы шешім дайындайды. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын алушының өзіне немесе алушының уәкілетіне беріледі.
      5) оң шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы басшысының қол қойылған, көшірме беру туралы шешім қабылданған кезде қолданыста болған бланк үлгісін, құжаттың түп нұсқасы берілген тегі, аты, әкесінің атына беріледі. Берілген құжатта оң жақ бұрышында «№ ___ түп нұсқасына көшірме» таңба қойылады.
      6) Көшірме беруден бас тартқан кезде басшысы бас тартудың себебі көрсетілген шешімге қол қояды. Уәкілетті органның маманы шешімді мемлекеттік қызмет алушыға ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органнның бір маманымен жүзеге асады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет тәртібін сипаттау


      14. Кіріс құжаттарды тіркеу тәртібі мемлекеттік қызмет алушы көшірме беруге ықпал жасау үшін уәкілетті органға өтініш тапсырған күні тіркеледі, ол туралы мәліметтер өтініштерді тіркейтін журналға тіркеледі.
      Мемлекеттiк қызметi алу үшiн барлық құжаттарды тапсырған кезде барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі;
      Уәкілетті органда қажетті құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейін уәкілетті органның тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыратын қызметкері тұтынушының деректерін дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік дерекқорға) енгізеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау өтініш берушінің уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушылар Стандарттың 11 тармағына сәйкес қажетті құжаттарды тапсырады.
      16. Ақпараттық қауіпсіздікке талап: уәкілетті орган қызмет алушының құжаттарының мазмұнын қорғау және мәліметтердің құпиялылығын сақталуымен қамтамасыз етеді.
      17. ҚФБ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар:
      1) уәкілетті органның кеңсе қызметкері – ҚФБ 1;
      2) уәкілетті органның басшысы – ҚФБ 2;
      3) уәкілетті органның маманы – ҚФБ 3.
      18. Әрбір әрекеттің орындалуы белгіленген мерзімде КФБ-нің әрбір жай әрекеттердің (функциялары, операциялары, тәртібі) тізбектілігің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген.
      19. Функционалдық өзара іс-қимыл сызбанұсқасы осы Регламенттің 4 қосымшасында көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет