Биология пәні бойынша 9 сыныптарға мемлекеттік емтихан
тапсырмалары
Нұсқа V
1. Барлық жануарлардың екі үлкен тобы:
A) Жоғарғы саты және төменгі саты
B) Омыртқалы және омыртқасыздар
C) Қандылар және қансыздар
D)Біржасушалы және көпжасушалылар [1]
2. Пестицидтердің қасиеттерінің бірі
A) улылығы
B) таңдап әсер етуі
C) тұрақтылығы
D) концентрациясы [1]
3. Ішінде ұсақ органоитер , сыртында жасуша мембранасы болатын нейрон цитоплазмасының алып өсіндісі :
А) нейроглия
B) дендрит
C) нейрон
D) аксон [1]
4. Адамның жыныс жаушалары гаметаларында болатын хромосомалар саны
қаншаға тең?
А) 23
B) 22
C) 46
D) 24 [1]
5.Суретте көрсетілген өсімдік қай бөлімге жатады?
А) жабықтұқымдылар
B) мүктер
C) қырықжапырақтар
D) ашықтұқымдылар [1]
6. Тамыра аймақтарын ретімен көрсетіңіз
А) Өсу аймағы- бөліну –аймағы – сору аймағы- өткізу аймағы
B) Сору аймағы- өткізу аймағы- бөліну аймағы- өсу аймағы
C) Бөлініу аймағы – өсу аймағы - сору аймағы - өткізу аймағы
D ) Өткізу аймағы- сору аймағы- бөлу аймағы-бөліну аймағы [1]
7. Азотжинаушы бактериялар мен бұршақтұқымдас өсімдіктердің (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, акация) бір-біріне пайдалы селбесу түрі қалай
аталады?
A) паразиттік
B) комменсализм
C) антибиоз
D) симбиоз [1]
8. Өлген организмдердың қалдықтарымен қоректенетін ағзалар қалай аталады:
A)паразиттер;
B) сапрофиттер;
C) хемосинтез;
D)жыртқыштар; [1]
9.Қоректік тізбектің дұрыс тізбегін көрсетіңіз
A) құс, жылан, бақа, шегірке-шөп
B) шөп- шегіртке-бақа- жылан- құс
C) шегіртке-бақа- шөп- жылан-құс
D) бақ –шөп- жылан- құс [1]
10.Сүйекке қаттылық, мықтылық қасиет беретін бейорганикалық зат: A)коллаген
B)остеон
C)оссеин
D)кальций тұздары; [1]
11. ДНҚ нуклотидтері арасындағы дұрыс комплементарлық байланысты анықтаңыз
А) Г-Т; Т-Ц
В) Г-Ц; А-У
С) Г-А; Т-Ц
D) Г-Ц; А-Т [1]
12. Адам бір минутта18-20 рет тыныс алаады. Егер 1 рет тыныс алғанда ауаның көлемі 400 тең болса, минутына 20 рет тыныс әрекеттері орындалса,
1 минуттағы жұтылған ауаның көлемі қаншаға тең:
А) 6000
В) 8000
С) 5000
Д) 10000 [1]
13. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасы неден тұрады ?
A) муреин
B) хитин
C) Целюллоза
D) гликокаликс [1]
14. Зәр түзілу үдерісінде жүретін басты себеп шумақ капилярларында жоғары болатын қандай күйге байланысты?
А) тұздар концентрациясының әртүрлі болуы
В) төменгі қысым
С) қысым
Д) температураның өзгерісі [1]
15. Тек өсімдік жасушасына тән болған қосмембраналы органоидты көрсетіңіз
A) Гольджи комплексі
B) митохондрия
C ) пластидтер
D) вакуоль [1]
В бөлімі
16. 16.1- суретте адамның асқорыту жүйесі көрсетілген.
16.1 - сурат
16 (a) 1- суретті пайдаланып төменде берілген мүшелердің нөмерін көрсетіңіз:
асқазан _____
өңеш____
ашішек____ [3]
16 (b) Асқорыту жүйесіндегі ұйқы безінің негізгі қызметін атап көрсетіңіз:
1-_______________
2-_______________
[2]
16 (c) Тамақтан уланудың себептерін атаңыз және оның алдын алу жолдарын көрсетіңіз:
_____________________________________________
_____________________________________________
[2]
17 (a) Эмбриогенездің негізгі кезеңдерін дұрыс ретпен орналастырыңыз:
_____________________________________________
_____________________________________________
[2]
17 (b) Эмбрионалды дамудың 3 сатысы – эктодерма, мезоздерма, энтодерма қабаттарынан пайда болатын мүшелер мен мүшелер жүйесін көрсетіңіз:
Эктодерма-_________________________________________________
Мезодерма - _______________________________________________
Энтодерма - ______________________________________________
[3]
17 (c) Ана мен ұрық арасындағы тыныс алу, зат алмасу қызметін атқаратын мүше қалай аталады?
_____________ [1]
17 (d) Жүктілік кезінде ананың темекі тартуының зиянын сипаттаңыз:
_____________________________________________
[2]
18 Суретте тұқымқуалаушылықтың негізі болған ДНҚ –ның қос тізбегі көрсетілген :
18(a) ДНК молекуласында физикалық, химиялық , биологиялық мутагендер әсерінен генотиптің өзгеруі
A) биосинтез
B) мутация
C) транскрипция [1]
18 (b) Сары түс (А) доминантты , жасыл түс (а) рецессивті. Сары түсті гетерозиготалы асбұршақ өсімдігін өзара шағылыстырғанда күтілетін нәтижені анықтаңыз.
Р ♀ Х ♂
Г
F1
[3]
18 (c) Бастапқы генотипті анықтау үшін генетикада талдаушы шағылыстыру әдісі қолданады. Пеннет торынан пайдаланып алынған бірінші ұрпақтың генотипі қалай аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |