Дәрілік заттардың фармакодинамикасы.
Фармакологиялық әсер ағзаға дәрілік заттардың әсер етуі нәтижесінен болатын мүшелер мен жүйкелер қызметіндегі өзгерістер: жүрек жиырылуының өзгеруі, бронхтың кеңеюі, артериялық қысымның (АҚ) көтерілуі немесе төмендеуі, ауырсынуды сездірмеу, дене қызуының төмендеуі және т.б. өзгерулер.
Әсер ету механизімі деп дәрілік заттың фармкологияляқ әсер тудыруын айтамыз. Кейбір препараттар арнайы рецепторлармен өзара әрекеттесіп, химиялық қосылыстарға түседі. Кейбіреулері жасуша мембранасының өткізгіштігін өзгертеді және т.б.
Дәрілік заттардың әсерінің түрлері
Басты (негізгі) әсер деп-препараттың керекті ем үшін қолданылуы. Жанама әсер асқынуға алып келетін дәрілік заттың қажет емес әсері. Заттың қолданған жерде пайда болған әсері жергілікті әсер дейміз. Мысалы, бүркеуші заттар шырышты қабықты бүркеп, афферентті жүйкелердің қозуын азайтады. Заттың сіңіріліп жалпы қан айналымға, одан кейін ұлпаларға түскеннен кейін басталған әсерін резорбтивті әсер деп аталады. Жергілікті және резорбивті дәрілік заттардың әсері тікелей немесе рефлекторлы болуы мүмкін. Тікелей әсер заттардың ұлпалармен қосылған жерінде пайда болады. Рефлекторлы әсерде заттар экстеро-немесеинтерорецепторларға әсер етіп, сол арқылы мүше қызметін өзгертеді. Мысалы, лобелин гидрохлориді коротинді шумақтағы орналасқан химорецепторларды қоздыру нәтижесінде рефлекторлы түрде тыныс алу орталығын қуаттандырады, тыныстың көлемін және жиілігін жоғарылатады. Қосымша әсер бір мүшеге әсер ете отырып келесі мүшенің қызметін өзгертуі.
Дәрілік заттардың мөлшері
Мөлшер(доза)-бір реттік қабылдауға арналған препараттың мөлшері.Жоғары реттік мөлшер (ВРД)- асырғанда уытты әсер көрсететін, 1 қабылдауға арналған мөлшері. Жоғарғы тәуліктік мөлшер (ВСД) –асырғанда уытты әсер көрсететін, 1тәулікке арналған мөлшер.Орташа терапевтикалық мөлшер, жоғарғы реттік мөлшердің ½ немесе ¼ бөлігі.
Дәріге әсер ететін факторлар
Жасы. Кейбір препараттарға орта жастағы адамдарға қарағанда, балалар (18 жасқа дейін) мен үлкен жастағы адамдардың(60 жастан жоғарғы) ағзасы сезімтал келеді. МФК Х-да әр түрлі жастағы балаларға улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың ЖРМ, ЖТМ кестеде көрсетілген үлкендердің мөлшерінің 1/24- 1/12; 1 жастағы балаларға -1/12, 12 жастағы-1/8; 4 жастағы-1/6; 6 жастағы- 1/4 , 7 жас-1/3; 14 жас-1/2; 18 жас -2/3 тең. Үлкен жастағы адамдарға ОЖЖ-не әсер етеін дәрілер жүрек гликозидтері, диуретиктер ересектер мөлшерінің ½ ; улы және наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілер ересектер мөлшерінің 2/3 құрайды.
Дене салмағы салмақ жоғарылаған сайын, мөлшер де жоғарылайды, аурудың 1кг мөлшеріне есептейді. Жынысы, кейбір заттарға (никотин, алкоголь ) әйелдерге қарағанда еркектер сезімтал келеді.
Патологиялық жағдайы. Патологиялық жағдайда препарат күшті әсер етеді. Мысалы, дененің жоғары қызуын түсіреді, ал қалыпты жағдайда дене қызуына әсер етпейді.
Дәрілерді қайта қабылдағандағы болатын әсерлер
Үйренгіштік (дағдылану)- дәріні қайта қабылдағанда әсердің әлсіреуі. Дәріге тәуелділік-эйфория тудыратын, дәріні қайта қабылдағысы келетін жағдай. Эйфорияда қанағаттану сезімі, көңіл күйдің, галлюцинация, жұмысқа қабілеттіліктің артуы жәнеде ауырсынудың төмендеуі байқалады. Абсиненция-дәріге тәуелділік тудыратын дәріні қабылдауды доғарған жағдайда айтамыз. Жанама әсерлер терапевті мөлшерде байқалуы мүмкін. Аллергиялық емес жанама әсерлер әрбір дәрі-дәрмекке арнайы тән мөлшерге байланысты, олар спецификалық антагонистермен жойылады.
Дәрілерді қиыстырып қабылдағанда болатын әсерлер
Синергизм-бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін күшейтуі. Антогонизм – бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін әлсіретуі.
Дәрілік заттардың улы әсері Дәрілер тұқым қуалаушылыққа әсер етуі мүмкін. Дәрілерді жүктілік кезінде әсіресе жүктіліктің алғашқы он екі аптасында қабылдағанда, туылғаннан кейін әр түрлі кемтарлыққа алып келетін әсері тератогенді әсер дейміз. Жүктіліктің он екі аптасына дейінгі дәрілердің ұрық дамуының бұзылысына алып келетін эмбриотоксикалық әсер дейміз. Ал он екі аптадан кейінгі кездегі ұрыққа фармаколгоиялық заттар ұрықтың кемтарлығын тудыратын әсерін фетотоксикалық әсер дейді
Достарыңызбен бөлісу: |