«Биология пәнін оқытуда модельдеу әдісінің тиімділігі»
Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы
биология пәнінің әдіскері Базарбаева Сауле Ибадуллаевна
«Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси –экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз»,- деген болатын елбасы Н.Назарбаев. Білім саласын жаңартудың басты стратегияларының бірі – оның мазмұнын жаңарту болып саналады. Білім мазмұнының жаңарту үшін интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік және акпараттық салалардың құзыреттіліктерін толықтырылуы қажет. Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міндеті. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдермен өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері биология пәні сабақтарында модельдеу әдісі жиі қолданылуда. Тірі организмдердің құрамын, құрылымын зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс.
Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдар;
- модельдеу әдістерің пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ – мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Қазіргі заман талабына сәйкес шәкірттерімізге сапалы білім беріп, қоғамнан өз орындарын табуға, қоғамдық дәстүрлерді жалғастыруға дайындығы мұғалімге оңың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.
Мұғалім әр сабағында әдістерді түрлендіре отырып, тиімді пайдаланатын болса, сөз жоқ оқушының пәнге деген қызығушылығы оянып, білімге деген ынтасы артады. Ендеше бүгінгі баяндамамның негізгі өзектілігі - биология пәнін оқытудығы тиімді әдістердің бірі модельдеу әдісі жайлы ой бөліскім келеді. Олай болса, «Биология пәнін оқытуда модельдеу әдісінің тиімділігі» жайлы баяндамамды назарларыңызға ұсынып отырмын Әуелі «Модель», «Модельдеу» ұғымын қарастырайық.
Адам күнделікті өз өмірінде модельдердің көптеген түрін кездестіреді. Балалық шақта ойыншық, мектепте оқу моделдері, киім модельдері, сызбалар, схемалар, ғимараттар макеттері, математикалық формулалар сияқты модельдер модельдеуге жатады
Достарыңызбен бөлісу: |