Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет47/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Лекциялар жинағы

Фосфорбактерин
Топырақта фосфор көбінесе өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары арқылы және химиялық тыңайтқыштардың құрамына еніп жатады. Тірі организмде ол тотыққан, яғни фосфат күйінде болады. Жалпы топырақта фосфордың ұшырауы екі процестен тұратыны мәлім. Оның біріншісі – органикалық фосфордың минерал қосылысқа айналуы да, екіншісі фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін қосылыстан еритін күйге ұшырауы.
Фосфордың органиклық формалары түрлі микроорганизмдер көмегімен ыдырайды.
Органикалық фосфордың микроорганизмдер көмегімен ыдырауы мына сызба нұсқа бойынша жүреді:
Нуклепротеид нуклеин нуклеин қышқылы куклеотидтер фосфор қышқылы. Органикалық фосфор ыдырағанда олардың біраз мөлшері микроорганизмдер клеткасында қалып қояды. Ал қалған бөліктері топырақта кездесетін басқа элементтермен байланысып, өсімдіктерге сіңімсіз күйге айналуы мүмкін.
Фосфордың органикалық емес қосылыстары, топырақта ерімейтін кальций фосфаты күйінде (апатит, оксиапатит, фосфорит) болады. Олар көбінесе реакциясы бейтарап немесе сілтілі топырақта мол кездеседі. Бұл тұздар әрине өсімдіктерге сіңімсіз күйде болады. Бірқатар микроорганизмдер фосфор қышқылының ерімейтін қосылыстарын еритін күйге айналдыра алады. Бұларға түрлі актиномицеттер, саңырауқұлақтар және бактериялар жатады.
Фосфорбактерин – Bacillus megaterium кульрурасы спора түзетін препарат. Bacillus megaterium – аэробты, спора түзетін таяқша тәрізді бактериялар, олар күрделі фосфорорганикалық қосылыстарды (нуклейн қышқылы, нуклеопротейдтер және тағы басқа) және қиын қорытылатын, сіңірілетін минералды фосфаттарды өсімдіктерге қажет формаға айналдыру қабілеті бар.
Фосфоробактеринді өндіру технологиясы құрғақ нитрагин мен азотобактер өндіру технологиясынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Bacillus megaterium лиофилизденген бастапқы культурасы түптік культивирлеу процесімен келесі құрамда көбейеді, %:
Жүгері экстратты 1,8 ; Аммоний сульфаты 0,1;
Меласса 1,5; Бор (мел) 1,0.
Микроорганизмдерді өсіру температурасы 28–300С болады. Ферментерде аэробты үрдісте культивирлеу ұзақтығы 30–48 сағат аралығында спораның пайда болуымен жүреді. Алынған биомассаны культуралды сұйықтықтан центрифугирлеу арқылы бөледі, содан кейін шашыратқыш кептіргіште 65–750 С температурада 2–3% ылғалдылыққа дейін кептіреді. Құрғақ фосфорбактеринді бөлме температурасында сақтайды. 1 г препаратта кем дегенде 8 млрд тіршілікке қабілетті жасушалар болуы керек.
Бактериофагқа Bacillus megaterium штамдары сезімтал болады. Сондықтан өндірістің барлық сатыларында жүретін үрдістің залалсыздығына аса үлкен назар аударылады.
Фосфорбактерин бактериялық тынайтқыш, бірақ ол минералды фосфор тыңайтқыштарын алмастыра алмайды және оларсыз әсер әрекет етпейді. Bacillus megaterium бактериялары биологиялық активті заттарды (тиамин, биотин, В12 витамині және тағы басқа) синтездейді, олар өсімдіктің өсіп дамуына қолайлы жағымды әсер етеді, ол өсімдіктің фосформен және азотпен қоректенуін жақсартады. Сондықтан фосфорбактерин препаратын өсімдіктің өсуіне әрекет ететін препаратқа жатқызуға болады. Ауылшаруашылығында азот фиксирлеуші микроорганизмдер негізінде бактериалық тыңайтқыш - нитрагин, азотобактерин кеңінен қолданыс тапты.
Басқа бактериалық тыңайтқыштар тәрізді фосфоробактерин де ауыл шаруашылығы культураларының өнімін жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар өнімнің сапасын да жақсартады. Ол өсімдіктегі ақуыз мөлшерін арттырады. Ал, картоптың крахмалын жарты 0,5 % көтеруге мүмкіндік береді. Қант қызылшасының қанттылығын фосфоробактерин 0,1–0,4 % жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет