ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы
Шымкент, 2021
ӘОЖ 557.1:547.9
ББК 28.072
Есимова А. М., Ибраимова Ж.К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен дәрістер жинағы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2021.
Пікір берушілер:
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институтының профессоры, б.ғ.д., Халила Ә.Н.
МГТУ, Жаратылыстану-техникалық факультетінің
«Химия, биология және экология» кафедрасы,
доцент, б.ғ.к. Ескараев Н.М.
7М05123 «Биотехнология» мамандығының магистранттарына арналған «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен дәрістер жинағы. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәні бойынша өндірістің негізгі процестері қарастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламасын қамтиды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу әдістемелік кеңесінде қарастырылды. Хаттама № 3 от 30.11.2021г.
Кіріспе
Биотехнологияда тірі организмдерді және биологиялық жүйемен процестерді адам баласының мақсатына сай өндірісте қолдану түсіндірілген. Азықтық ақуыз өнімін микробиологиялық әдіспен биомассаны өндіру туралы мәліметтер жасалған.
Азықтық ашытқы мироорганизмдердің биомассасы белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілген. Олар минералды заттардың және витаминнің, ақуыздың алынатын көзі биологиялық жарамды азық болып саналады. Азықтық ашытқының ең бағалы компоненті – протеин, оның құрамы 52 – 55 % - ке жетеді. Азықтық ашытқының құрамы бойынша ең маңыздысы жануар тектес ақуызға жақын алмастырылмайтын аминқышқылының болуы азықтық ашытқыда мұндай аминқышқылының болуы өсімдік ақуызының биологиялық бағалылығын жоғарылатады.
Биомассаны тереңірек өңдеуде жақсы қасиетке ие ақуыз құрайтын зат алуға мүмкіндік береді. Азықтық ақуызды микробиологиялық синтездеу арқылы алу экономика жағынан жоғарғы мәнге ие.
Азықтық ашытқы өзінің ақуыз-витамин қоспасымен мал азығына қосылып, мал шаруашылығында кеңінен қолданылады. Көптеген елдерде азықтық ақуыз өнімін алудың микробиологиялық әдіспен өндіру үшін қарқынды зерттеулер жүргізілуде. Продуцент ретінде көбіне әртүрлі ашытқы штамдары, бактериялар, актиномицеттер ұсынылады. Көміртегі көзі ретінде спирттер, газ түзуші көмірсулар, органикалық қышқылдар және т.б. қолданылады.
Азықтық ақуыз өнімдеріне арналған микроорганизм биомассасын алу технологиясының азықтық ашытқыны алу технологиясынан ерекшелігі жоқ, бірақ бастапқы компоненттің, қоректік ортаның жоғарғы дәрежеде таза болуын талап етеді.
Биотехнологияның жетістіктері, ең алдымен оның іргелі ғылымдармен тығыз байланысының арқасында пайда болды, осының нәтижесінде биотехнологияның жаңа салалары мен әдістері -генетикалық, жасушалық және ақуыздық инженерия, энзимология инженериясының көмегімен жануарлар мен өсімдіктердің және бактериялардың жасушасының культурасын көбейту, жасушаларын біріктіру әдісі кеңінен қанат жаюда.
Көбінесе іс жүзінде химиялық синтез сатысы қосылған технологияны таңдау керек, химиялық және микробиологиялық синтез бір-бірін кезектесе отырып толықтырады. Өндірістік биосинтез нәтижесінде химиялық технология әдісін қолданбау мүмкін емес, дайындау сатысында, өнімді қайта өңдеу сатысында органикалық синтез кеңінен қолданылуда.
Қазіргі кезде өндірістік биотехнология мен химиялық технологияның бір - бірімен күрделі жүйелілігін және бәсеке таластығын бейнелейді.
Азықтық ақуыз өнімдері үшін микроорганизм биомассасын алу технологиясы қарастырылған. Биологиялық препарат алудың қазіргі заманғы микробиологиялық әдісі жеке биопрепараттарды алу технологиясы осы оқу құралда келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |