Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы № 4 хаттама
2015 жылы телефон байланысы қызметтерін мемлекеттік сатып алу
Астана қ.
|
2015 жылғы « 5 » ақпан сағат 16:00
|
1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында, шеңберінде 2015 жылы телефон байланысы қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.
2. Тауарды сатып алуға бөлінген сомасы 1 696 428,57 (бір миллион алты жүз тоқсан алты мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге елу жуті тиын (ҚҚС-сыз).
3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 11-4/26 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы 6 қаңтардағы негіздемесінің негізінде, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік.
4. АҚ «Инженерно-технический центр» Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:
- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы бойынша банкінің операциондық бөлменің бастығының орынбасары О. Симның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы бойынша банкінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 79440015 анықтамасының түпнұсқасы;
- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 16 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық мемлекеттік Комитеті Астана қаласы бойынша Есіл ауданы қазынашылық мемлекеттік басқармасы» берілген 2015 жылғы 20 қаңтардағы анықтамасының түпнұсқасы;
- заңды тұлғаның мемлекеттік лицензиялар;
- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.
Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:
- ұсынылып отырған тауарларға берілетін бағалардың негіздемесі;
- тауарлардың техникалық ерекшелігі;
- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.
5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: АҚ«Инженерно-технический центр», Астана қ., Орынбор көшесі, 6 үй 13В кіріс және мұндай шарттардың бағасы 1 696 428,57 (бір миллион алты жүз тоқсан алты мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге елу жуті тиын (ҚҚС-сыз).
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) 2015 жылы телефон байланысы қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Орынбор көшесі, 6 үй 13В кіріс мекен-жайы бойынша орналасқан АҚ«Инженернотехнический центр» сатып алынсын.
2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы « 12 » ақпанға дейін «АҚ«Инженерно-технический центр» мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.
3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
ҚР АШМ Жауапты хатшысы
|
А.Қ. Евниев
|
|
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары
|
Р. А. Тукишева
|
|
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы
|
А.Т. Амантаева
|
Достарыңызбен бөлісу: |