Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №28 хаттама



Дата25.02.2016
өлшемі41.18 Kb.
#26010
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 28 хаттама
2015 жылы менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша қызметтерін

мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2015 жылғы 22 қазан сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 100 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» шеңберінде 2015 жылы менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Сатып алуға бөлінген сомасы 1 339 285,71 (бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге жетпіс бір тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 13 қазандағы
№ 11-4/921 бұйрығының және Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2015 жылғы 30 қыркүйектегі негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «Алматы сертификаттау бюросы» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- нотариально засвидетельствованной копии свидетельства о государственной регистрации юридического лица;

- «Казкоммерцбанк» АҚ Алматы филиалының директорының орынбасары Е. М. Мараттың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Алматы филиалының 2015 жылғы 6 қазандағы № 94298021 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 5 қазандағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен 2015 жылдың 6 қазанда берілген анықтамасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтердің бағалардың негіздемесі;

- қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Алматы сертификаттау бюросы» ЖШС, Алматы қ., Аксай-3а ш. а. 88 үй 45 оф. және мұндай шарттардың бағасы 1 339 285,71 (бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге жетпіс бір тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 13 қазандағы № 11-4/921 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық сарапшы тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен , Алматы қ., Аксай-3а ш. а. 88 үй 45 оф., мекен-жайы бойынша орналасқан «Алматы сертификаттау бюросы» ЖШС -нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2015 жылғы « 30 » қазанға дейін «Алматы сертификаттау бюросы» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы


А.Қ. Евниев


Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаментінің директоры


Б.С. Аймбетов


Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары




Р.А. Түкішева



Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г. Ж. Баймаханова


Хаттамаға қосымша


Экспертное заключение по предлагаемым потенциальным поставщикам услуг по сертификации системы менеджмента качества в 2015 году способом из одного источника, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 октября 2015 года №11-4/921
Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по сертификации систем менеджмента в 2015 году представленную ТОО «Алматинское бюро по сертификации» сообщает, что техническая спецификация соответствует приложению 2 к конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 августа 2015 года №11-4/778.

Эксперт комиссии С. К. Абельсеитова
15.10.2015 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет