Қазақ тілі пәнінен бастауыш кластарға арналған сабақ жоспарлары үлгілері
Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Жабасақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Жабасақ орта мектебі
Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна -
бастауыш класс мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта бастауыш класс мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарлары үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен тәрбиеленушілердің ой-санасының жақсы жетіліп, дамуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Баймаханова Тынымкул Канаевна
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Жабасақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Дара және күрделі сан есім, 4-класс
Мақсаты: 1). Оқушылардың сан есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сан есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сан есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3). Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Көрнектілігі: интерактивтік тақта.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Психологиялық дайындық.
Күннің сәні – шуағымен
Қыстың сәні – қырауымен.
Көлдің сәні – аққуымен,
Оқушы сәні – біліммен.
3) Үй жұмысын тексеру 6-жаттығу.
-Балалар, еліміздің астанасы қай қала?
-Астана қандай қала?
-Астана қаласына саяхат жасағыларың келе ме?
-Олай болса, балалар, алған білімімізді пысықтау үшін Астана қаласына саяхат жасаймыз.
-Саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Дайын болсақ автобусқа отырамыз.
«Ару қала –Астана»
«Ой шақыру» стратегиясы. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Сын есім дегеніміз не?
3.Етістік дегеніміз не?
4.Септік жалғаулары дегеніміз не?
5.Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
6.Сан есім дегеніміз не?
Балалар, міне Астанаға да келіп жеттік, Енді Астана қаласының ең көрікті жерлерін тамашалаймыз.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.
«Ой қозғау» стратегиясы.
-Бәйтерекке көтерілу үшін бізге мынадай тапсырмалар
дайындалыпты. Бүл жерде біз жаңа сабақпен танысамыз.
ІІ. Жаңа тақырып: Дара және күрделі сан есім.
Сан есім
Дара сан есім Күрделі сан есім
Жеті, үшінші, Он бес, жиырма
жүз, тоқсан. үш, мың тоғыз
сегізінші, он. жүз екі.
Мағынаны тану.
7-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.Сан есімдерді тап. Оларды өзара салыстыр. Сонда не байқадың?
Бес, жеті, бес жүз.
-Балалар, тапсырмаларды орындап, сұлу Бәйтеректі тамашаладық.
«Думан» ойын-сауық орталығы.
10-жаттығу. Берілген сан есімдерді сөзбен жаз. Олардың дара және күрделі екенін дәлелде. 9 ,11 ,27, 189 ,640.
Тоғыз, он бір, жиырма жеті, бір жүз сексен тоғыз, алты жүз қырық.
Оқушылар Астана туралы жаттаған өлеңдерін оқиды.
«Нұр Астана мешітін» тамашалау.
-Ал ,балалар ,имандылық ордасы-әсем мешітке енуіміз үшін иман атамыз мынадай тапсырма беріп отыр.
8-жаттығу. Сөйлемдегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара немесе күрделі екенін айт.
Кит-ең ірі жануар. Оның ұзындығы отыз метр, салмағы бір жүз жиырма тоннадай болады.Түйеқұс сағатына жүз жиырма километр жүгіреді.Айдың көлемі Жерден елу есеге жуық кіші. Емен өте ұзақ, мың жылға дейін жасайды. Жусанның Қазақстанда сексен бір түрі белгілі.
«Қазақ елі» монументін тамашалау.
Тапсырма
9-жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем кұра.
Сабақты қорытындылау.
-Сұлу қала Астанаға саяхатымыз аяқтала келген секілді. Олай болса, өз сыныбымызға қайтуға дайындаламыз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
Сызбамен жұмыс:
Есептік сан есім Реттік сан есім
Сан есім
Дара сан есім Күрделі сан есім
- Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
1.-Сан есім дегеніміз не?
2.-Дара және күрделі сан есім дегеніміз не?
3.-Күрделі сан есім құрамындағы сөздер қалай жазылады?
Үйге тапсырма: Ереже. 11–жаттығу.
Бағалау.
Қазақ тілі 3-класс.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың етістік туралы білімін бекіту.
Білімділік: Етістіктің дара және күрделі түрлерімен таныстыру.Оларды ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Сөйлемдер жазылған кесте,гүлдердің суреттері,сызба.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың формасы:Жеке,топтық,ұжымдық.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а\.Амандасу. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ә\.Сыныпты түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Сабақты ана тілі туралы бір шумақ өлеңмен бастаймыз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
- Біздің ана тіліміз қай тіл?
- Қазақ тілі.
-Дұрыс,ендеше қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде болмақ.сол себепті осы саяхат сабағымыз сызба,деңгейлік тапсырмалар,жаттығуларға құрылган.
-Саяхатқа шығу үшін бір көлікпен шығуымыз керек қой, балалар. Ендеше қандай көлікпен шықсақ екен.?.
-Автобуспен.
-Жақсы, бірақ автобусқа мінбес бұрын ең кіші өлшем бірліктен бастап барлығын атап шығайық. .
мм, см, дм, м, км.
-Енді автобусқа отырып, ойша саяхатқа шығамыз. Автобуста дұрыс отырамыз. Әр аялдамаға келгенде бізге тапсырыстар беріледі.
-Балалар, 1-інші аялдамаға келіп тоқтаймыз. Бұл аялдама «Есіңе түсір».
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1.331-жаттығуды оқыту.
2.Етістік,етістіктің сұрақтарын еске түсіру.
3.Тірек-сызба бойынша тарауды еске түсіру
-Балалар, «Есіңе түсір» аялдамасының тапсырмасын орындап,автобусқа мініп ілгері саяхат жасаймыз.
Келесі аялдама: «Біліп ал» деген екен. Мұнда біз жаңа сабақпен танысамыз.
1. Сабактың тақырыбын,мақсатын хабарлау.
-Балалар, біз бүгін етістіктің дара және күрделі түрімен танысамыз.
2.Етістіктің түрлеріне тоқталу.
(тірек-сызба)
3.Демонстрациялау эдісі: (плакатпен жұмыс).
Тақтаға ілінген сурет «Кім не істеді?».
-Балалар, Болат не істеді?
-Болат ағаш кесті.
-Гүлназ машинамен не істеді?
-Гүлназ машинамен көйлек тікті.\Гүлназ машинамен көйлек тігіп отыр.
-Етістік неше сөзден құралады екен?
-Етістіктер бір және екі сөзден кұралады.
Оқулықпен жұмыс:
-Балалар ,дәптерімізді ашып ,бүгінгі күн ретін жазып, сынып жұмысын
орындаймыз.
-Балалар,әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.Келесі «Демалыс» аялдамасына тоқтаймыз. Бұнда сәл серігіп сергіту сәтін жасаймыз.
Жақсы серігіп ,демалып алдық.Келесі аялдама «Тапқырлар» аялдамасына
да жетіппіз.Бұл аялдама деңгейлік тапсырмалар ұсыныпты.Асықпай мұкият тапсырмаларды орындауға тырысамыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін деңгейлік тапсырмаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жұмыстарын көрелік.
Жаңа сабақты бекіту.
1-деңгей\оқушылық деңгей\.
Көп нүктенің орнына етістікті қойып жаз.
Кун (неғылды?). Бұлбұл (неғылды?).Торғай (неғылды?).Бала кітап(не істеді?).Дәрігер (не істеді?).Балық (неғылды?).
Оқулықпен жұмыс:
2-деңгей. Алгоритмдік. 334-жаттығу.
Баған түрінде дара және күрделі етістіктерді жазу.
3-деңгей. Эвристикалық.
Әр сөйлемдегі сөздерді орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.
1.Егіп,ағаш,Асан,жатыр.
2.Айгүл,су,құйып,гулге,тұр.
3.Доп,Асқар,ойнады.
4-деңгей. Шығармашылық.
Сурет бойынша мәтін құрап жазу. «Екі дос» тақырыбы бойынша,етістікті қатыстыру.
Енді қалған аялдамаға жүрейік.Ол «Ойла» яғни осы сабақта «Не үйрендік» аялдамасына тоқтаймыз.
-Сонымен балалар бүгінгі сабақта не істедік?
-Саяхатқа шықтық,жаттығулар, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргіздік.
-Қандай тақырыпты өттік?
Дара және күрделі етістік.
-Балалар, біз саяхатқа шығып, білімімізді көрсеттік, енді өзіміздің сүйікті сыныбымызға оралайық.
«Гүл сыйлау» ойыны.
Гүлдердің артында жазылған тест тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
1.Кім? сұрағына жауап беретін сөз қайсысы?
а).гүл ә).суретші б).қала
2.Заттың қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
а).зат есім ә).етістік б).сын есім
3.Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны не дейміз?
а).жұрнақ ә).жалғау б).қосымша
4.Не істеді? сұрағына қай сөз тиісті?
а).бұршақ ә).ойнады б).сары
5.Етістіктің сұрақтарын тап?
а).Кім?не?кімдер?нелер? ә).не істеді? Неғылды?қайтті? б).қандай?қай?
6.Зат есімге қойылатын сұрақтар қайсысы?
а).кім?не? ә).қандай? қай? б).не істеді? Не қылды? қайтті?
7.Тәуелдеулі зат есім болатын сөзді белгіле?
а).ата ә).бала б).әкем
8.Дара етістікті белгіле.
а).Айбар оқып отыр. ә).Айбар оқыды. б).Айбар оқығалы отыр.
9.Күрделі етістікті белгіле.
а).Ардақ ойнады . ә)Ардақ ойнап отыр. б).Ардақ доп ойнады.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Ереже.336-жаттығу.
«Менің анам» тақырыбына әңгіме жазу.
Қазақ тілі. 4-класс.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаттары:
1.Оқушыларға дара және күрделі сан есімдер туралы білім беру,сұрағын анықтату.Сөйлем ішінен ажырата, салыстыра білуге уйрету.
2.Сөз таптары туралы ой-өрісін дамыту.
3.Оқушыларды сауатты,әдемі жазуга тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер,плакаттағы тапсырмалар т.б.
Әдісі: Түсіндіру,талдау,пікірлесу,ой козғау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а\.Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Кім кезекші? Класта кім жоқ?
-Балалар,қазір қандай сабақ?
-Қазақ тілі.
-Бүгінгі сабағымыз «Жеті лақ» ертегісі бойынша өткіземіз.
-Ертеде бір ешкі жеті лағымен суатқа су ішуге келсе, алдынан ашыққан қаскыр шығып ,тап беріп қуа жөнеледі.Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқаларынан адасып қалыпты.
-Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға сала отырып,адасқан лақтың өз тобына қайта қосылуына көмек көрсетулерің керек.
Алдарыңда кездескен кедергілерді жеңе отырып, тапсырмаларды орындауларыңа тілектеспін.
-Лақ келе жатып екіге айрылған жолды көреді.Қайсысын таңдарын білмей, сасқалақтап тұрған лаққа көмектесейік,ол ушін үй тапсырмасын тексереміз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Класты 3топка бөлеміз. Топ басшысын сайлаймыз.
1 топ 2 топ 3 топ
Балдырған Ұлан Айгөлек
Сан есім деген не? Есептік сан есім деген- Реттік сан есім деген
іміз не? іміз не?
Мысал келтіру. Мысал келтіру. Мысал келтіру.
-Лақ тиісті бағыттағы жолға түсіп келе жатса, алдында өзен жатыр.Ол өзеннен жүзіп,арғы бетіне шығуы керек.
3
Асан қанша салмақ көтереді?
.Жаңа сабақ: Дара және күрделі сан есім.
Тақтадағы сурет бойынша сөйлем құрау.
-Суретте қандай бейнелерді көріп тұрсыңдар?
-Неше бала ? Бір бала.\Дара сан есім.\
-Қанша кг гир?
Он алты,тоқсан бір.\Күрделі сан есім\.
Сурет бойынша сөйлем құрау.
Сандарға назар аударайық.Олар калай жазылған?
-Екі немесе одан да көп сандармен жазылған сан есімдерді қандай сан
есім деуге болады?\ Ережесін қорытып көріңдер?
Сендердің қорытқан ережелеріңмен кітаптағы ережені оқып салыстырайық.
4.Дәптермен жұмыс: Сөздік диктант.
Тапсырма: Дара сан есімнің астын бір сызықпен,күрделі сан есімнің астын екі сызықпен сыз.
Бес,жиырма бес,он тоғыз,үш.алты.елу төрт.
-Өзеннің арғы бетіне өткен лақ қуанышпен келе жатыр еді,алдынан түлкі кездесті.Түлкіден құткару үшін мына санмен жазылған сөздерге зейін аударыңдар.Әр топтан 1 оқушыдан шығады.\плакаттағы санды жазбаша түрде жазу, талдау керек.
1-топ 2-топ 3-топ
1 , 21 , 761 80, 6 ,342 594 ,48 , 4
-Жазған сандар сан есімнің қай түріне жататынын анықтаңдар?
Сергіту сәті:
Кітаппен жұмыс.
-Түлкіден құтылып,әндетіп келе жатқан лаққа қасқыр кез болады.Қасқырдан құтқару үшін кітаптағы 462-жаттығуға көңіл аударайық.\өз бетімен.\
Тапсырма: Дара және күрделі сан есімдерді жазбаша жазу керек.
Інім жеті жаста,мен он бір жастамын.Ол бірінші сыныпта,мен төртінші сыныпта оқимын. Екі мың төртінші жыл.Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.
Тапсырма;
Әр топтан 1оқушыдан шығып тапсырмалар орындау.
1Көп нүктенің орнына сан есімді қойып, сөйлемді оқы.
-…………………бала саяхатқа шықты.
2.Сан есімді тап.
-Арман шаңғы жарысына қатысып.бірінші орынға ие болды.
3.Сан есімді сөзбен жаз. 9 ,46 , 20 ,592.
Қуғын
Сурет бойынша сөйлем құрау.
1-2 бөлім.
-Лақ қасқырдан құтылып,енді үйіне қарай келе жатса үлкен тауды көріп,өте алмай сендерден көмек сұрайды. Ол үшін мына плакаттағы тестке көңіл аударыңдар. /Тестпен жұмыс./
-Сөйтіп біздің лағымыз ата-анасымен. бауырларымен қауышып қуанышқа кенеледі.Сендерге көп рақмет айтуда./Қуаныш білдіріп қол шапалақтау/.
Сабақты қорытындылау.
Дара және күрделі сан есім дегеніміз не?
Ендеше осы ережеге байланысты Венн диаграммасын құрайық.
Салыстыру.
Дара сан есім.
|
Ұқсастығы
|
Күрделі сан есім
|
Тоғыз,бес, он,үш,екі.
|
Екеуі де сан есім.
|
Он екі,отыз бес, төрт жүз он,бір жүз елу бес.
|
Бағалау:
Үйге тапсырма: 464- жаттығу. Ереже.
Қазақ тілі 1-класс
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты :
1.Оқушыларды зат,оның аты деген ұғыммен таныстыру.Айналаны қоршаған заттар адам еңбегінің нәтижесі екенін ұғындыру.
2.Оқушылардың ақыл- ойын ,қиялын,шығармашылық қабілетін дамыту тіл байлығын молайту,танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас,ойын сабақ.
Сабақтың міндеті: Оқыту,тәрбиелеу,іздендіру.
Көрнекілігі: Плакаттар,оқулық,суреттер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды жинақтау,сабаққа әзірлеу.
«Сұр қоян» әні.
Сабақ «Аю мен коян» ертегісімен басталады. Өткен жазда аю мен қоян жарысқа түсіпті.Қоянның аяғы ауырып қалыпты. Аю болса мына сатылармен тез көтеріліп кетеді. Ал қоян кешігіп қалып тапсырма-ларға тап болады.
-Қоянға көмек береміз бе?
-Көмектесеміз.
-Ендеше баянның әр бөлігіндегі тапсырмалар бойынша жұмыс жасаймыз.
1.До-нотасының тапсырмасы, үй тапсырмасын тексеру.
Хормен: Әнұран орындалады.
«Байқапқал» ойынын ұйымдастыру.
2. Ре-нотасының тапсырмасы:
Жаңа сабақ: Заттың атын білдіретін сөздер. Кім? Кімдер?Не? Нелер?
Суреттермен жұмыс жасаймыз. 2-3 минут.
Суреттердің атын атау? Суреттерді жинап алу. Оқушылар суреттерді еске түсіріп,заттардың аттарын дәптерге жазу.
Суреттерге сұрақ қой?
-Кім? не?
-Көпше түрінде кімдер? нелер? деген сұрақ қойылады. Олай болса,бұларды заттар дейміз. Заттарға кім? не? кімдер?нелер? деген сұрақтар қойылады. Тек адамның атаулары мен мамандық иелеріне ғана кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады. Қалған заттарға не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Бүгінгі сабағымыз «Заттың атын білдіретін сөздер».
3.Ми- нотасының тапсырмасы;
82- жаттығу ауызша орындалады.
Не? Аю, тал, бүркіт, нан, сүт, өзен.
Кім? ұшқыш, шопан, тігінші.
83-жаттығуды ауызша орындату
Тау, күшік, ит, үй /не?/ ер бала, қыз бала /кім?/ т.б.сұрақ қоямыз.
Сергіту сәті:
4.Фа-нотасының тапсырмасы.
Шығармашылық жұмыс;
Кім? Ата, әже, апа, аға, оқушы, мұғалім.
Не? Тырма, доп, кітап, жылқы, қоян, аю, ит, ағаш т.б.
Оқушылар өзбетімен орындайды.
5.Соль-нотасының тапсырмасы.
Жұмбақтың шешуін табу және сұрақ қою.
Түрі көркем түр кілем,
Түгі жоқта кір кілем.
Жайы-жайы жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем.
Ш; Көктемдегі жер.
Сурет бойынша жұмыс: Көктем.
Көктемнің ерекшелігі ?-қар ериді,күн жылынады,құстар келеді,балалар шулап,мал далаға шығып, ауыл көңілді болады./ Сурет бойынша жұмыс./
Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой.Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді жаза қояйық. /оқушылар тақтаға барып жазады.
Мұғалім;-Дұрыс,балалар,көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
Күн мен түн теңеледі.
Малдар, Қар ериді.
Жануарлар
төлдейді. КӨКТЕМ Күн
жылынады.
Құстар Ағаштар бүршік
қайтып оралады. атады.
84-жаттығу.
6.Ля-нотасының тапсырмасы. «Жазғытұрым».І.Жансүгіров.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
Балалар ! І.Жансүгіров аталарың 1894 жылы мамыр айында туған. Туған жері Талдықорған облысы, Ақсу ауданындағы Қызылтаң кеншарының жері. Бала жасынан зерек Ілияс өнерге ,өлеңге кішкентай күнінен ынталы, құмар болған. Көптеген шығармалар жазған. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
7.Соңғы Си-нотасының тапсырмасы толығымен 7 нотаны айтып шығу.
До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си,До.
- Сонымен біздің көмегімізбен қоян аюға жетіп алды.
Үйге; «Жазғытұрым» өлеңін жаттау.
Сабақты қортындылау.
М: -Балалар,сабағымның соңын мен мына бір өлең шумағымен аяқтағым
келеді:
Ауа қандай,дала қандай әдемі,
Көктем,көктем,болармысың кәделі.
Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан,
Туған жердің жасаруда бедері.
-Бүгінгі жүргізген жұмысқа мен сендерге, сендер маған не дейміз?
Рахмет !
Сау болыңдар !
Орындарымыздан тұрамыз.
Сау болыңыз !
Қазақ тілі 3-класс.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау жаттығулары.
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды қайталатып еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларды өткен материалды еске түсіре білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұқыпты ,таза жазуға, тазалыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін және танымдық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау,өзіндік жұмыс т.б,
Көрнекілік: Сызбалар, суреттер ,үлестірме қағаздары т.б,
Сабақтың барысы:
1.Алғашқы ұйымдастыру.
-Амандасу.
-Зейінін сабаққа аудару.
-Құрал-жабдықтарын түгендеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
66-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Сын есімдердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып
тұрғанын тап.
Үй жанында көгенде,
Жатыр бір зат жалықпай.
Сарғыш шапан кигенде,
Жесең дәмі қанттай.
Сарғыш шапан, дәмі қанттай деген сөздермен байланысып тұр.
3.Пысықтау.
-Сонымен сын есім дегеніміз не?
-Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз тобын сын есім дейміз.
-Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.
-Жақсы, енді әрі қарай жаттығу орындаймыз.
4.Актуализация.
-Балалар, есімізге түсірейікші сан есім дегеніміз не?
-Заттың санын білдіретін сөз табын сан есім дейміз.
-Сан есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
-Неше? нешеу? қанша? деген сұрақтар қойылады. (3-4 балаға қайталатамын).
5.Жаңа материалды меңгерту.
-Енді ,бүгін сан есімге қатысты жаттығулар орындаймыз.
68-жаттығуды орындаймыз.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Сан есімнің астын сыз.
Керекті сөздер: жиырма бес, бірінші, жеті, үшінші.
Елдос жеті жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды. Оның сыныбы мектеп үйінің үшінші қабатында.
Сыныпта жиырма бес оқушы бар.
( Жаттығу орындалып жатқанда , үлестірме қағазын таратып беремін.)
1-үлестірме қағазы.
Мына сөздерден сөйлем құра және ондағы сан есімнен өзің бір сөйлем құра.
Төбесінде, бір, мая, үйдің, шөп, тұр. Үйдің төбесінде бір мая шөп тұр.
2-үлестірме қағаз.
Ұяда (алты, алтау) жұмыртқа жатыр. Мұқаш бұтаның түбінде отырған (біреу,бір)
балапанды көрді. Осындағы сан есімдерді ата .
-Жақсы, енді 69- жаттығуды орындайық. Жұмбақты шеш.
Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (Сиыр)
-Осындағы қос деген сөзді қандай сан есіммен ауыстыруға болады?
-Екі мүйізді деп ауыстыруға болады.
-Төрт сирақты дегенді қалай түсінесің?
-Төрт аяғын айтып тұр.
-Жақсы, енді үйге тапсырма алып қояйық.
6.Бекіту.
-Сонымен, сан есім дегеніміз не?
-Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
-Мысал келтір?
7.Үйге тапсырма.
Үйден сан есімді қатыстырып 3 сөйлем құрау.
8.Бағалау.
Мұғалім: тақтаға жаттығу орындаған оқушы және үй тапсырмасын айтқан оқушы бағаланады.
. Қазақ тілі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Баймаханова Тынымкүл Қанайқызы
Жабасақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі.
Мақсаты: 1.Зат есім ұғымы туралы білімдерін толықтыру,ойлау қабілеттерін арттыру, тілін дамыту,сауатты көркем жазуға үйрету.Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
2.Ұқыптылыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, сызба, Сөзжұмбақ, «Кім жылдам» ойыны, тест т.б.
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
1-слайд.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан таңға.
-Балалар, неліктен сабағымызды күнге қатысты бастап тұрмыз?
-Күн мемлекеттік нышанымыз тудың ортасында орналасқан.
-Күн- тіршіліктің, байлықтың,тыныштықтың белгісі.
-Күннен адамға қатысты қандай қасиеттерді алуға болады?
-Мейірімділік, жылылық, әлемге ортақ ,шуағы мол.
2.Ой ашар.
Үй тапсырмасын тексеру.Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау.
А. Түбір дегеніміз не?
Ә. Қосымша дегеніміз не?
Б. Жұрнақ дегеніміз не?
В. Жалғау дегеніміз не?
-Балалар,бүгін біз ұлы ақынымыз Абай атамыздың ауылына барғалы
отырмыз.Ол «Абай ауылына саяхат» деген тақырыппен өткелі отыр.
-Абай ата туралы не білеміз?
2-слайд.
Алдымен қандай аялдамаларға тоқтайтынымызды білуіміз керек.
Сызбамен танысамыз. 3-слайд.
3. «Мектеп »аялдамасы. Сөзжұмбақ шешу.
Білімнің нәрін тереді,
Балаға білім береді. (ұстаз)
***
Сағат сайын қағылды,
Тек мектептен табылды. (қоңырау)
***
Білімнің мол сыйы асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
4-слайд
4. «Білгірлер »аялдамасы. Жаңа сабақ:
5-слайд.
-Балалар,біз бүгіннен бастап зат есімнің көпше түрін білдіретін жалғауды
көптік жалғау дейтін боламыз. Естеріңде болсын көптік жалғаулар жуан,
жіңішке болып келеді. Әр сөздің құрамындағы дауысты дыбыстарға
үйлесіп жалғанады. Мысалы: ата- лар, әже- лер.
Оқулықпен жұмыс:
400-жаттығу.
Балапан- балапандар, қоян-қояндар.
5. «Тапқырлар» аялдамасы.
401- жаттығу. Ағалар- аға, апалар-апа.
«Кім жылдам» ойыны.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
Кім?- Не? - Нелер?-
сұрағына жауап сұрағына жауап сұрағына жауап
беретін сөздер. беретін сөздер. беретін сөздер.
6-слайд.
6. «Ойшылдар» аялдамасы. Сурет бойынша мәтін құрау.
7-слайд.
Шығармашылық тапсырма:
Мына суреттер ана тіліндегі қай мәтінге қатысты?
-1. «Шибұт,Қылмойын,Қарынбас» ертегісі.
-2. «Кімнің мекені жақсы» С.Жүнісов.
-Осы суреттерге қарап сөйлем құрап, зат есімді табу.
( «Тез ойла» ойыны) .
Тышқан көл жағасында тұрған көкқұтанмен әңгімелесті.
Құрбақа, тышқан,құмырсқа тағы да ілгері қарай жүріп кетті.
7. «Гүл теру» ойыны. Тест.
8. Абай ауылы. 8-слайд.
-Балалар, қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыздың туған жері Семей қаласына да жеттік. Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айту.
Ән «Желсіз түнде жарық ай».
Ой толғаныс.
5-жолды өлең құрастыру.( Кім жүйрік? Кім тапқыр?)
1.Кім? Оқушы.
2.Не істеді? Оқыды.
3.Қандай? Әдепті.
4.Сөйлем.Оқушы сабақ оқыды.
5.Синоним. Бала.
9.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, біз Абай атамыздың ауылына саяхат жасап,білімімізді көрсеттік,
енді өзіміздің сүйікті сыныбымызға оралайық.
Технологияларды пайдаланып, зат есімнің жекеше, көпше түрін меңгердік.
10.Үйге тапсырма: Ереже. 402- жаттығу.
11. Бағалау. Сабаққа өте жақсы қатысқандарды марапаттау.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Сын есім.
Мақсаты:
Білімділік; оқушыларға сын есім туралы түсінік беру,сын есімге қойылатын сұрақтарын үйрету.
Дамытушылық : оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту,сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды дұрыс, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
оқушыларды сабаққа дайындау.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды 2-топқа бөліп оларға зат есім және етістік сөздер жазылған үлестірмелі текшелер таратады.
Тапсырма.
1-топ берілген сөздің ішінен зат есім болатын сөздерді теріп жазып,
оларға сұрақ қояды.
2-топ берілген сөздің ішінен етістік болатын сөздерді теріп жазып,
оларға сұрақ қояды.
Тапсырма орындалып,тексеріледі.
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында мынадай сұрақтарға жауап
алынады.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есім болатын сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Етістік дегеніміз не?
4.Етістіктің сұрақтары қандай?
3.Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс: 458-жпттығу.
Сары,қоңыр,жасыл,көк (қандай? Заттың түсін білдіреді).
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтар қойылады? Ережені оқушылар
қорытындылайды.
Ойын. «Мен қандаймын».
Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса,оған сол
әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады.Мысалы:Дәурен-дарынды
Дәурен,Әйкерім-әдепті Әйкерім,Біржан-батыр Біржан т.б,
459-жаттығу.
Жақсы адам-елдің ырысы,
Жақсы жер-жанның тынысы.
400-жаттығу.
Жуас ат. Қалың кітап. Тегіс жол.
Тақтамен жұмыс. Оқушылар тақтаға жазылған мына мақал-мәтел-
дерді дауыстап оқып,ондағы сын есім болатын сөздердің астын сызады.
1.Отан оттан да ыстық.
2.Аға әдепті болса,іні әдепті.
3.Бір жақсы сөз-
Мың сөгістен артық.
Суретпен жұмыс: тақтаға көйлек,кітап т.б.жеке суреттер ілінеді.
Оқушылар осы сөзге сәйкес сын есімдерді тіркеп айтады. Мысалы ; әдемі
көйлек, қызыл көйлек,жібек көйлек
4.Қорытындылау.
Венн диаграммасы бойынша зат есім мен сын есімді салыстырады.
Зат есім Сын есім
Кім? Не?
Заттың атын
білдіреді.
|
Сөз табы.
Сөйлем құрастырылады.
Сұрақ қойылады.
|
Қандай? Қай?
заттың сынын,
сапасын, түр-түсін
білдіреді.
|
Үйге тапсырма: Ереже.
6.Бағалау.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Етістік.
Мақсаты: 1.Тірек-сызбаны пайдалана отырып,оқушыларға етістік туралы ұғым бере отырып,өздіктерімен жұмыс істеу қабілеттері мен ой-өрісін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа ,табандылыққа,зеректікке баулый
отырып, әдемі жазуды талап ету арқылы көркемдікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: ой қозғау,сұрақ- жауап, ойын, шығармашылық жұмыс,тест.
Көрнекілігі: тірек сызба, кесте.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасымен жұмыс; Ойын арқылы өткен сабақты еске түсіру.
3.Жаңа сабақ;
А.Қызығушылығын ояту.Суретті мәтінмен жұмыс.Суреттердің орнына сөз қойып,мәтінді дұрыстап оқиды.
МӘТІН
Мына бала-Болат.Балалар оны ЗООПАРК БОЛАТ деп атайды.
НЕГЕ?
Мектепте үзіліс кезінде ол-Әтеш боп қоқиланып жүреді.
Сабақта тақта алдында балық боп мыңқ етпей тұрады.
Ал үйінде әжесіне арыстан боп ақырады.
Қарындасына қолтырауын боп тісін ақситады.
Папасының алдында қоян боп қалтырайды.
Мамасының алдында түлкі боп бұлаңдайды.
Себебі, мамасы оған ойыншықтар сатып әпереді.
Тапсырма:
-Болат қандай бала деп ойлайсың? Мінездеме беріңдер?
-Болаттың қылығы дұрыс па? Өз ойларыңды айтыңдар?
-Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар,оларға сұрақ қойыңдар?
Ә.Кестемен жұмыс:
Болат----- ойнады---------күлді-------келді
Осы сөзде Болаттың іс-қимылын білдіріп тұр.
Б.Оқушылар ережені өздері қорытып шығарады.
4.Мағынаны тану.Кітаппен жұмыс.
М:-Енді оқулықтың 136-бетін ашып,жаңа сабаққа көңіл аударамыз.
412-жаттығу.Сөйлем құрау.
413-жаттығу.Жұмбақтың шешуін тап.
Жазда қыдырады, қыста тынығады. Су.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. Күн.
414-жаттығу.
415-жаттығу.Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құру.
5.Сергіту сәті:
6. «Баспалдақ»құру ойыны. Кім тез баспалдақты құрап шықса сол
жеңіске жетеді.
416-жаттығу. Етістікті табу.
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.
7.Шығармашылық тапсырма:
Суретпен жұмыс:
8.Сабақты қорытып бекіту.
Тест.
1.Етістіктің сұрағын табыныз?
А. Кім? Не? Ә.Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Б.Қандай? қай?
2.Етістіктер қатарын тап?
А.Ана,бала,әже. Ә.ақ,қалың, биік. Б.Оқыды,жазды,жина.
ВЕНИ ДИАГРАММАСЫ. Зат есіммен етістікті салыстыру.
Зат есім
|
|
Етістік
|
Кім ? не?
Кімдер?
Нелкр?
|
Сөз табы
|
Не істеді?
Не қылды?
Қайтті?
|
9.Бағалау.
10.Үйге тапсырма: 417- жаттығу.Ережені жаттау.
Қазақ тілі.
Тақырыбы: Дауыссыз к мен г.
Мақсаты: оқушыларға дауыссыз к мен г –нің жазылу емлесімен таныстыру,дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайт ынын түсіндіре отырып,сауаттылыққа жетелеу,мысалдар аркылы дәлелдей білуге үйрету,сөз ішінен қатаң,ұяң,үнді дыбыстарды табуға дағдыландыру.
Дамытушылы: Пәнаралық байланысты,ой шапшаңдығын дамыту,берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл нәрін сіңіріп ,бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ үйі, үлестірмелі парақ,т.б.
Әдісі: Түсіндіру, ой қозғау стратегиясы,тірек сөздер арқылы болжау жасау.
С.типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
а. Психологиялық дайындық.
ә.Үй тапсырмасын тексеру.
б.Ой қозғау.Дыбыстар туралы не білетінін еске түсіру.
-Балалар, Тазша бала «сиқырлы қамыс» көмегімен «Білім» еліне тап болыпты.Ол қарсы алдынан екі қазақ үйді көрді. Бірінші үйден қызықты әуен естіліп тұр. Қандай әуен?
А-а-а-а-а-а
Ә-ә-ә-ә-ә-ә
Ы-ы-ы-ы-ы-ы
І-і-і-і-і-і
-Бұл үйде қай дыбыстар тұрады?
-Дауысты дыбыстар.
-Олар нешеу,
-Орыс тіліндегі ю,ё,я,э дыбыстармен қосқанда-15.
-Ал мына үй неге көңілсіз.
Тук-тук,жым-жырт,тым-тырыс.Бұлар бір жаққа қыдырып кеткен бе?
-Жоқ,олар дауыссыз дыбыстар.Біздің даусымыз созуға келмейді,сондықтан біз жай сөйлейміз. Дауысымызды созбаймыз.
Дауыссыз дыбыс нешеу еді?
-Орыс тілінен енген бірнеше әріпті қосқанда-25.
-Тазша бала осылайша 42 әріппен танысқан екен.
-Тағы не білеміз?
-Дауыссыз дыбыстардың 3-ке бөлінетінін. Топтастыру (сызба ар0ылы).
Қатаң дауыссыз: к,қ,п,с,т,ф,х,ц,һ,ч,ш,щ.
Ұяң дауыссыз: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Үнді дауыссыздар: л,м,н,ң,р,й,у.
-Балалар, «дөңгелек»деген сөзден жаңа сөз шығарып жіберейік.
Дөңгелек,кең,көң,көл,ел,өлең.
-Енді осы сөзді буынға бөлейік.
-Дөң-ге-лек.
-Екінші буынның 1-ші дыбысын ата? -Г.
-Үшінші буынның соңғы дыбысын ата? -К
-К-қандай дыбыс? -Қатаң дауыссыз.
-Г-ше? -Ұяң дауыссыз
Жаңа сабақ: Дауыссыз к мен г.
Графикалық жұмыс: Кк,Гг.
147-жаттығу.
Үкі ,түлкі, кеме, жүрек, көрік. Шеңгел, үзеңгі, сүргі, гүлзар, гаухар.
К-қатаң, г-ұяң дауыссыз.
148-жаттығу.Шешуі; тігінші.
Өрнек-өрнегі, көйлек-көйлегі.
Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге
айналады. Елек-елегі, кірпік-кірпігі, бүйрек-бүйрегі.
149-жаттығу.
Өрік-өрігі, белдік-белдігі, күрек-күрегі, серік-серігі, көк-көгі.
150-жаттығу.Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құру.
151-жаттығу.Шыңғыстау.
Бәріне ашык есігі,
Өнер сырын ұққанның,
Шыңғыс-алтын бесігі
Абай менен Мұхтардың. (Несіпбек Айтов).
(Алдымен 1-оқушы оқиды,сонан соң тақтаға 4 жолын 4-оқушы жазады.)
-Есік,бесік сөздері қандай өзгеріске ұшырады .К-дыбысы өзінен кейін
келген дауыстының әсерінен г-ге айналды.
Абай, Мұхтар туралы не білесіңдер?
А.Құнанбаев –қазақтың ұлы ақыны.(1845-1904)
М.Әуезов-қазақ әдебиетінің аса көрінекті қайраткері ,ұлы жазушы.
(1897-1961)
-Сонымен біз бүгін қай дауыссыз туралы өтіп жатырмыз? К мен г..
Сабақты бекіту:
1.Бүгін қандай жвңа білім алдық?
(К-дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе к дыбысы г дыбысына
айналады.)
2.Мысал келтіріп дәлелде.Инелік-инелігі ,көмек-көмегі.
Үйге тапсырма: Ереже.155-жаттығу.
Бағалау.
Қазақ тілі 4-класс.
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1.Күрделі сөздер туралы түсінік беру,оқушыларға сөздердің екі не одан да көп сөздердің бірігуінен, қосарланып айтылуынан жасалатынын аңғарту.
2.Оқушылардың ақыл-ойын, қиялын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын молайту.
3.Көркем жазуға үйрету,шапшаңдығымен ептілікке баулу арқылы еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас, саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың міндеті: Оқыту, тәрбиелеу, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: Жеке суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Алғашқы ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа тақырып.
4.Шығармашылық жұмыс.
5.Дәптермен жұмыс.
6.Қорытындылау, бағалау.
1.Алғашқы ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аудару, ретке келтіру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
218-жаттығудың орындалуын қадағалау, бірнеше оқушыға оқыту.
Тайға таңба басқандай-анық.
Көзді ашып жұмғанша- тез , жылдам.
Жүрегім тас төбеме шықты-қорықтым.
Өткен сабақты пысықтау ретінде топпен жұмыс жасалады. (сұрақ-жауап).
3.Жаңа тақырып.
-Оқушылар,бүгін біз сабағымызда ауылға саяхатқа шығып көрейік. Ауылға жету үшін біздер автобусқа, мінеміз. Біздің баратын жерімізге әрі қарай көлік жүре алмайды. Сондықтан біздерге
арба қажет.
Ал енді балалар сапарымызды бастайық. Автобусқа міну үшін біздер билет алуымыз керек. Ал
егер сендер 219- жаттығуды орындасаңдар бізге билет беріледі.
219-жаттығу (ауызша). 2 бағандағы сөздер өзара салыстырылып мағыналары түсіндіріледі;-ауыл –жеке
сөз. 1 жерге топтпнып орналасқан үйлер жиынтығы елді мекен дегенді білдіреді. Ал енді ауыл-аймақ
сөзіне назар аударайық. Бұл екі сөзден құралған сөз. Екі сөз бірігіп бүкіл ауыл дегенді білдіреді.
4. Шығармашылық жұмыс.
220-жаттығу. Күрделі сөздердің мағынасын түсіндір, қатыстырып сөйлем құра.
Ақсақал, айбалта, баспасөз, тасбақа, жас ұлан, сары май, әке-шеше.
-
-
Ақсақал
Айбалта
|
Жас ұлан
Сары май
|
Әке-шеше
Көзбе-көз
|
(2 сөздің бірігуі) (2 сөз тіркесуі) (2 сөз қосарлануы)
РЕБУС ШЕШУ
жан (Гүлжан)-күрделі сөз.
Сөйлем құрастыру.
Автобуспен келіп жеттік, енді арбамен баруымыз керек.
221-жаттығу. Ауызша. Күрделі сөздердің жасалу жолдарына қарай топтастырып жазу.
Түйежапырақ
|
Ата-ана
|
Отыз бес
|
Балмұздақ, көлбақа
|
Алыс-жақын, елу-алпыс
|
Қара торы, жапан түз
|
Нұргүл
|
Қора-қора (қой)
|
Қызыл қоңыр
|
5.Дәптермен жұмыс.
222-жаттығу. Сөйлемдердің 2 түбірдің бірігуінен, тіркесуінен және қосарланып айтылуынан жасалған
күрделі сөздерді табу.
-
Бірігуі
|
Сөз тіркесуі
|
Қосарлану
|
Қосмекенді
|
Тас көмір
|
Дәрі-дәрмек
|
Құрбақа
|
|
Жеміс-жидек
|
Жайынауыз
|
|
|
Қоқиқаз
|
|
|
Енді арбамен келесі ауылға барамыз.
224-жаттығу. Сөйлем құрап жазу.
6.Қорытындылау, бағалау.
-Күрделі сөз деген не?
-Күрделі сөз қалай жасалады?
-Күрделі сөздің жеке сөзден және сөз тіркесінен айырмашылығы неде?
Тестпен жұмыс
Күрделі сөзді тап:
А) Ағаш а) ағайын-туыс а) мектеп
Ә) емен ә) жолдас ә) түйеқұс
Б) балабақша б) дос б) көгілдір
Оқушылардың біліміне қарай бағалау. Сендердің арқаларыңда біз де ауылдарды аралап саяхатқа
шығып, міне сыныбымызға оралдық.
7.Үйге тапсырма.
225-жаттығу. Күрделі сөзді қатыстырып өздері тұрған қысқы тіршілігі туралы шығарма жазу.
Қазақ тілі 2-класс
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі; оқушыларға сан есім тақырыбын қайталай отырып,дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс жасату жасауға машықтандыру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөйлеу әрекетін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: ауыз әдебиеті үлгілері- жұмбақ,жаңылтпаш, мақалдарды жаттығу жұмыстарында қолдану арқылы ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту.
Ойын «Кім тапқыр?»
Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
Білекті ........... жығады, білімді ............жығады.
Жігітке ............ өнерде аз.
................ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
-Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
-Сан есім.
-Ендеше сан есім туралы білетінімізді еске түсірейік.
2.Тірек-сызбамен жұмыс.
Сан есім сұрақтары: Қанща? Неше? Нешінші?
3. «Адасқан сөздер» ойыны.
Сөздерді дұрыс орналастырып сөйлем құра.
4.Оқулықпен жұмыс.
529-жаттығу. Сандарды сөзбен жаз.
5,6,7,10,20,90,18,23,54,66,77.
5Деңгейлік тапсырмалар.
1 деңгей.
533-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, сан есімдерді табу.
1. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
2.Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
2 деңгей.
Жұмбақты оқып,жатқа жазу ,сан есімді табу.
Бір ағвшта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа. Ш: Он екі ай, отыз күн.
3 деңгей. Шығармашылық диктант.
Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, сан есімдерді
сөзбен жазу.
10 нан, 2 класс, 3 қатар, 15 тен астам, 55, 10 дарда.
6.Есте сақтау диктанты.
Білгенің –бір тоғыз, білмегенің-тоқсан тоғыз.
7.Ойын. «Кім шапшаң?»
Топпен жұмыс:
Берілген әріптен басталатын сан есімдерді тауып айту.
1-топ 2-топ 3-топ
А Ж С
Алты жеті сегіз
Алпыс жетпіс сексен
8. Жұмбақтар шешейік.
1.Он бір түйе,бес жылқы,
Екі сиыр,бес ешкі.
Екі қоян,үш түлкі,
Таба алмасаң, бол күлкі. Ш: Жиырма сегіз.
2.Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың.
Жырақтан хабар аласың. Ш: Телефон.
3.Қос қазық,екі желі ,сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса. Ш: Домбыра.
Жұмбақтардың ішінен сан есімдерді тап.
Қорытынды.
Тест. «Білімді тексеру»
1.Сан есімді тап.
а/.елік,емен.
ә/.елу,жетеу.
б/.бүгін,ертең.
2.Сан есімнің сұрағын тап.
а/.кім? не? кімдер? нелер?
ә/.неше? қанша? Нешінші?
б/.қалай? қашан?
4.Сан есім қай сөз табымен байланысады?
а/.етістікпен
ә/.зат есіммен
б/.сын есіммен
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
537-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есімді қайталау.
Мақсаты: оқушылардың зат есім туралы білімін тереңдетіп, ізденуге баулу, логикалық ойлауын қалыптастыру, белсенділігін арттыру. Өз бетімен бір апта бойы жұмыс істей отырып,қазақша күн аттарын үйрету.
Көрнекілігі: Қазақша күн аттары, суреттер, карточкалар пайдалану.
Танымдық мәні: Сөздік қорын арттыру, молайту.
Сабақтың барысы: Сәлемдесу.
1.Ұйымдастыру кезені.
Сыныпты сабаққа әзірлеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Ереже , мысалдар келтіріп талдату.
Балалар,біз бүгін 1 апта ішіндегі күндердің атын үйрене отырып,сол бойынша жұмыс істейміз.
Кәне, кім айтады, 1 аптада неше күн бар.
Міне, балалар, бір аптада жеті күн бар. Олар қазақша былай аталады.
Дүйсенбі-аптаның 1-ші күні,
Сейсенбі-аптаның 2-ші күні,
Сәрсенбі-аптаның 3-ші күні,
Бейсенбі-аптаның 4-ші күні,
Жұма -аптаның 5-ші күні,
Сенбі -аптаның 6-шы күні,
Жексенбі-аптаның 7-ші күні.
1.Дүйсенбі-біз бүгін алдағы аптаға жоспар жасаймыз. Жоспарды өздерің сабақ соңына дейін көресіңдер.
2.Сейсенбі-біз алдын ала дайындаған викториналық сұрақтары бар бірнеше бала сұрақ қояды.
Сұраққа- жауап береміз.
3.Сәрсенбінің сәтті күні біз базарға баратын күніміз. Міне сендер не көріп отырсыңдар? Мынау
базар. Әр түрлі заттар сатылады.
-Балалар, кәне осы заттарды сатып алайық, біздің ақшамыз- біліміміз. Ал кім не сатып алады?
Тапсырманы орындау. Заттың атын білдіретін сөздерді табу. Біліңкіремей қалса, басқадан қарыз алуға болады.
4.Бейсенбі :Кітаппен жұмыс. 310-жаттығуды орындау.
Карточкамен жұмыс.
Сергіту сәті:
5.Келесі күніміз Жұма. Бұл күні біз сурет бойынша сөйлем құрау./ ішінде заттың атын білдіретін сөзді тауып ,астын сызып, сұрақ қою.
6. Сенбі күні біз сабағымызды қорытындылаймыз. –Сонымен біз бүгін апта туралы білдік, кім қайталап береді? Зат есімді қайталадық. Викториналық сұрақтарға жауап бердік, сурет бойынша сөйлемдер құрадық.
1.Зат есім дегеніміз не, оны кім айтады?
2.Сөз табы дегеніміз не?
7. Жексенбі: 311-жаттығуды орындап келу демалыс күніне тапсырылады.
Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Келді көктем далаға,
келді сұлу шағала».
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың етістік туралы түсініктерін кеңейту,септік туралы алған мағлұматтары мен дағдыарын пысықтап, жинақтау.
2.Оқушылардың эстетикалық сезімін оятып,есте сақтау,елестету,логикалық ойлау қабілеттерін және сауатты жазу дағдыларын дамыту,байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.
3.Табиғаттың құбылыстарын ажырата білуге,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: әңгіме, жарыс, ойын, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: тірек сызба, музыка, т.б,
Сабақтың барысы:
1.Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Келді көктем далаға,келді сұлу шағала» деген.
« Шақырады көктем» әнімен сабақты бастаймыз.
2.Өткен материалды пысықтау.
Ал, енді балалар қазір екі топқа бөлінеміз.Оң жақта отырғандар «көктем» деген сөзді, ал сол жақтағылар «шағала» деген сөзді септейді.
Әркім өз бетінше жұмыс жасайды. Тапсырманы орындап болғасын бір-біріне тексерту.
3. «Келді көктем далаға,келді сұлу шағала». Осы сөйлемді талдап көрейікші. Зат есімдерді
тапқызып қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтату, сұрақ қойғызу. (Не? көктем Не қылды?
Қайтті? сұрақтарына жауап беретін, заттың іс-қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.
2).Оқулықпен жұмыс;
А.385-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, туынды етістіктерді тауып, сөз кұрамына талдау.
Б.386-жаттығу. Тыйым сөздерді жаттап алу.
Құр бекерден ермекке
Бос бесікті тербетпе.
Тұзды баспа,
Шоқты шашпа.
Дастарханға елсінбе,
Көп алдында керілме.
Етістіктерді тауып, қалай аталатынын еске түсіру.
3)Ойын: Кім тез болады?
Ойынның шарты: «көктем» және «шағала» сөздеріне қатысты бес сөз жазып, жалауға жету.
387-жаттығуды орындату.
Етістіктерді оқытып,мағынасын түсіндірту.
Сыз, теже, туса, үз, мүжі, күл, еге. Сонымен, балалар мынадай қорытынды жасауға болады екен:
4) Тірек сызба:
1.Етістік…....
2.Сұрағы…...
3.Түрлері: а) дара-… (күрделі)
ә)негізгі... (туынды)
б)болымды-... (болымсыз)
5) Шығармашылық жұмыс:
Тірек сөздер: жылыды, еріді, ақты, ұшып келді, бүршік атты, қарайды.
2-3 шығарманы оқытып, көктем құбылыстарына көңіл бөлдіру.
4.БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ
5.Сабақты қортындылау
(Венн диаграммасы бойынша!)
-
Зат есім
|
Ортақ қасиеті
|
Етістік
|
Көктем
Қар
Күн
Құстар
|
Сөз табы
|
Келді
Еріді
Жылынды
Ұшып келді
|
6.Оқушыларды бағалау.
7.Үйге тапсырма: 383-жаттығу
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жазу. Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға жаттығу жұмыстарын орындау арқылы қос сөздің жасалу жолдары және жалпы күрделі сөздер туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: мәтіндерді талдау , деңгейлік ,тестілік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, әдемі жазуға, мәнерлеп сөйлеуге
тәрбиелеу .
Түрі: қайталау сабағы.
Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік, ойын, көрнекілік, деңгейлеп саралап оқыту әдісі,тест.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Көрнекі құралдар: Күрделі сөздер сызбасы, қала аттары жазылған қима қағаздар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
А).Өтілген материалдарды пысықтау. Ауызша «Саяхатқа шығу» ойыны арқылы ережелерді қайталау.
Магниттік тақтада, қала аттары жазылған қима қағаздарда сұрақтар берілген.
-Елімізде қандай үлкен қалалар бар?
-Еліміздегі осы аталған қалаларға кімдердің саяхатқа шыққысы келеді?
3.Терме диктант.
4.Оқулықпен жұмыс. 256-жаттығу.
Қос сөздерді жай сөйлемге айналдырып жазу.Әр оқушы бір сөйлемнен түсіндіре отырып жаздырады.
Тақтамен жекеше жұмыс: 258-жаттығу.
Берілген қос сөздерді топтап жазу.(Тақтаға 3 оқушы шығады.)
1.Кезек-кезек, күте-күте, қырқа-қырқа, машина-машина.
2.Ата-баба, тау-тас, іркес-тіркес, салдыр-гүлдір.
3.Быт-шыт, тап-таза, үп-үлкен,тып-тыныш.
5.Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей. Біріккен сөздермен жасалған кісі аттарын жаз.
2-деңгей. Біріккен сөздерден құралған бес өсімдік аттарын ойлап, осы сөздердің ішінен қалаған
бір сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
3-деңгей. Құрамында қос сөздері бар екі жұмбақ жаз.
4-деңгей. Құрамында қос сөздері бар екі мақал-мәтел жаз.
6.Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары беріледі.
Тест тапсырмасы:
1.Біріккен сөздер қатарын белгіле.
А) Суыр, асқазан, шөп. Ә) анда- санда6 ащыішек, асық. Б) қолбасшы, алтыбақан,түйеқұс.
2.Күшейткіш буынның қосылуы арқылы жасалған қос сөздер қатарын белгіле.
А) сұп- сұр,тіп- тік, әп- әдемі. Ә) алай- дүлей,анда- санда,ар- ұят. Б) мая-мая, жалт-жұлт,апыр-топыр.
3.Әртүрлі сөздердің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қатарын белгіле.
А) үйір-үйір, түп-түгел, әке-шеше. Ә) жап-жасыл,қып-қызыл, әрең-әрең.
Б) құрбы- құрдас, шыбын- шіркей, ойын- сауық.
4.Бірыңғай мүшелері бар сөйлем қатарын белгіле.
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақта қандай тақырыптар бойынша білімдеріңді тиянақтадыңдар?
Үйге тапсырма: Ережені қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |