Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы №29 хаттама
2015 жылы тауарларды (қағаз) мемлекеттік сатып алу
Астана қ.
|
2015 жылғы 26 қарашадағы сағат 15:00
|
1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға тауарларды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.
2. Тауарларды (қағаз) сатып алуға бөлінген сома 550 000 (бес жүз елу мың) теңге (ҚҚС-сыз), қағаз - офистік техникаға арналған қағаз көшіру-көбейту техникасында, принтерде, факс аппаратында жұмыс істеуге арналған. Ақтығы 150 СІЕ, тығыздығы 80 г/м2, формат - А4 бумага 500 парақ, бумага салмағы 2,5 кг, 150 жылдан аса мерзімде мұрагата сақтауға арналған, 1000 шт. санасы, 550 бір өлшем бағасы –550 000 (бес жүз елу мың) теңге (ҚҚС-сыз).
3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 11-4/1033 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің 2015 жылғы 20 қарашадағы негіздемесінің негізінде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, Заңның 31-бабының 5-тармағында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпауына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.
Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші келесі ақпаратты ұсынды:
- ұсынылып отырған тауарлардың қысқаша сипаттамасымен бағалардың негіздемесі;
- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.
4. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері және мұндай шарттардың бағасы: «AVAS» ЖШС, Астана қ., Отырар к. 15, 550 000 (бес жүз елу мың) теңге (ҚҚС-сыз) сомасына шарттар, қағаз - офистік техникаға арналған қағаз көшіру-көбейту техникасында, принтерде, факс аппаратында жұмыс істеуге арналған. Ақтығы 150 СІЕ, тығыздығы 80 г/м2, формат - А4 бумага 500 парақ, бумага салмағы 2,5 кг, 150 жылдан аса мерзімде мұрагата сақтауға арналған, 1000 шт. санасы, 550 бір өлшем бағасы –550 000 (бес жүз елу мың) теңге (ҚҚС-сыз).
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) 2015 жылы тауарлар (қағаз) бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Отырар к. 15 мекен-жайы бойынша орналасқан «AVAS» ЖШС-нен сатып алынсын.
2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы « 30 » қарашаға дейін «AVAS» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.
3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Достарыңызбен бөлісу: |