Бірлікшіл ауылдық округі әкімі Р. Нұртазаның Бірлікшіл ауылдық округінің



Дата10.06.2016
өлшемі32.39 Kb.
#126945
Бірлікшіл ауылдық округі әкімі Р. Нұртазаның Бірлікшіл ауылдық округінің

әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасыныңорындалуы

туралы есепті баяндамасының тезистері
Бірлікшіл ауылдық округінің орталығы – Сұлусары ауылы, облыс орталығынан 80 шақырым, аудан орталығы – Қалбатау ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Жаңғызтөбе станциясынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумақтық көлемі 56200 га. 2 елді мекен: Сұлусары, Шымылдық ауылдары, барлығы 128 аулада 555 адам тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі 84,8%-қазақтар, 13%-орыстар, 3% - басқа ұлт өкілдері. Өткен жылы дүниеге келген сәбилер саны – 4, дүниеден озған адамдар саны - 5. Сұлусары ауылында – 107 жанұяда453 тұрғын, Шымылдықта – 21 жанұяда 102 тұрғын. Ауылдарда 66 зейнеткер, 21 адам мүгедектік және басқа әлеуметтік көмектер алады.. Еңбек жасындағы 370 адамдардың 126 мектептерде, шаруа қожалықтарында, мекемелерде еңбек етеді, ал 15 адам шет жақта жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрі өткен жылғы деңгейден өсті. Осы жылдың басында жеке меншікте барлығы – 866 бас ірі қара, 20158 бас қой-ешкі, 160 бас жылқы малдары бар.Бұның сыртында шаруа қожалықтарында 746 бас ірі қара, 4649 қой-ешкі, 763 бас жылқы бар. Мал басы жылдан-жылға көбейіп келеді.Жұқпалы аурудыің алдын алу үшін мал тұратын қоралар, баздар арнайы ДУК автокөлігімен бекітілген кесте бойынша дезинфекцияланды.Округ бойынша ауыл шаруашылығы құрылымының жалпы саны – 24. 15 шаруа қожалығымал және 9 егін шаруашылығымен шұғылданады. Шаруа қожалықтарына барлығы 30637 гектар жер бекітіліп берілген, оның ішінде егістік– 4952 гектар, шабындық – 2960 гектар, жайылым – 22100 гектар жер.Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының иелігінде тіркелген егістік жер көлемі – 4367 га.2014 жылы округ бойынша 1001 гектар жерге бидай,175 гектар жерге арпа егілді. Күнбағыс – 1920 гектар , екпе шөптер – 789 гектар, картоп – 6 гектар және көкөніс – 1,5 гектар жерге егілді. Жергілікті «Жарма -несие»жауапкерлігі шектеулі серіктестігінде округтің «Әділ» шаруа қожалығы – басшысы М.Абдрахманов, «Жасар» шаруа қожалығы – басшысы Ж. Негманов, «Серт» шаруа қожалығы басшысы Е.Сулейменов, «Райхан» шаруа қожалығы басшысы Р.Габитова мен «Жуан төбе» шаруа қожалығы басшысы Ғ.Нұртаза мүше болып жүр.

Округ бойынша 1 орта мектеп, бір фельдшерлік пункт, қазпошта бөлімшесі, РЭС бөлімшесі, бір кітапхана жұмыс істеуде.Округ аумағында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте оқыту мен тәрбие сапасын арттыру, ұстаздардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары қолға алынуда. Орта мектепте 76 оқушы 9 сынып комплектісімен толықтырылған, 24 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 21 және арнаулы орта білімді – 3. Жоғарғы санатты – 2, І санатты– 6, ІІсанатты – 6, категориясыз –10. Мектепте 10 жас маман еңбек етеді, олардың кәсіби шеберлігін, дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында аудан тарабында өткізілген жас ұстаздар форумына қатысады. Даярлық тобы саны – 1, ондағы оқушы саны – 11, кіші орталық саны – 1, кіші орталыққа 25 бала барады. 2-5 жастағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы – 100 пайыз. Білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша мектеп 2013-2014 оқу жылғы көрсеткіші. Ұлттық бірыңғай тестілеу орташа көрсеткіші – 87 пайыз, тапсырған оқушы саны – 3, ең жоғары балл – 108, ең төменгі балл – 77.

Аз қамтылған отбасылардың балалары мен 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысында айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Орта мектепте 36 оқушы ыстық тамақтандырылады, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары-28 және аз қамтылған отбасыларының балалар саны -8. Осы мәселеге қажетті қаражатты өңірлік бюджетке қосымша былтырғы жылы қосалқы шаруашылықты зерделеп, жандандырып, бұл мақсатта картоп, көкөніс егуге қолайлы жер берілді. Құрылған меморандум бойынша «Әділ» шаруа қожалығы /басшысы М.Абдрахманов/, «Серт» басшысы /Е.Сулейменов/, «Жуан төбе» басшысы /Ғ.Нұртаза/, «Достар» шаруа қожалығы басшысы М.Кудерова мен жеке кәсіпкерлер- К.Баймұханова, А.Рамазанова және Қойтас ауылының тұрғыны Сейлхан Садықұлы Жанузаков өзінің жеке меншік омартасынан ара балымен көмек көрсетті.

Қазақтелеком бөлімшесі байланысы заман табалына сай 62 сандық телефондар қойылып, жұмыс істеп тұр.

РЭС бөлімшесінің жұмысы туралы. Ауылдардың бәрі электр тогымен қамтамасыз етілген. Сұлусары ауылының орталық көшесіне 36 нүкте электр жарығы қосылып, жұмыс істеп тұр, 2,5 үйге бір жарық нүктесі келеді. Ауыл кітапханасы-бүгінгі ұрпақ үшін тегін қызмет көрсететін жалғыз әлеуметтік мекеме. Кітапханада 5813 кітап қоры бар. Оның 4010 қазақ тілінде. Үнемі жаңа оқулықтармен толықтырылуда.Мерзімді басылым (газет,журнал)толық қамтылған.



Округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығы сақталып, ол Ақсақалдар алқасы, / төрағасы А.Баймуханов/, жастар ұйымы /төрағасы Қ.Майтұрсын /, Әйелдер кеңесі /төрайымы Л. Ахметжанова/ бір мақсатта іс-қимылы нығая түсуде.

Бизнестің әлеуметтік мәселелерді шешуге ат салысу – бүгінгі күннің талабына айналып отыр. 2014 жылы 11 шаруа қожалықтарымен және 2 кәсіпкерлермен әр түрлі бағытта 1 млн.780 мың теңгеге ынтымақтастық меморандумы жасалды, оның аясында елді мекендердегі бірқатар маңызды проблемаларды шешілді. Меморандум 100 пайызға орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет