Бірлік ауылдық округі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Нурлыбек Нургалиевтың есепті баяндамасының тезисі



Дата29.02.2016
өлшемі45.85 Kb.
#33132
Бірлік ауылдық округі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Нурлыбек Нургалиевтың есепті баяндамасының тезисі

Бірлік ауылдық округі бойынша 1 орта мектеп, кітапхана, 1 фельдшерлік пункт, ветеринариялық пункт, «Қазпочта», клуб, наубайхана, дүкендер халыққа қызмет көрсетуде. Ауылда сандық телефон, теле арна бар.


Округ бойынша 2015 жылдың 01 қаңтарына тұрғындар саны 895 құраса, 2016 жылдың 01 қаңтарына барлық тұрғындар саны – 897 адамды құрады.

Демографиялық көрсеткіш 2014 жылы - 26 болса, 2015 жылы – 18 нәресте дүниеге келді.

Бірлік ауылдық округі бойынша жергілікті салықтың барлық түрі бойынша 2015 жылғы болжам 924,5 мың.теңге, орындалысы 924,5 мың.теңге яғни 100 пайыз, оның ішінде:

Мүлік салығының болжамы – 25 мың. теңге, орындалысы 25 мың.теңге 100 пайызды құрап отыр.

Жер салығының жоспары – 70,5 мың. теңге, орындалысы 70,5 мың. теңге 100 пайызды құрайды.

Көлік салығының жоспары –829 мың теңге, орындалысы 829 мың теңге, яғни 100 пайыз.

Бірлік ауылдық округі бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға арналған атаулы әлеуметтiк жәрдемақыны 2015 жылы 8 отбасына белгіленді.

Бірлік ауылында «Бірлік орта мектебі» орналасқан жалпы оқушылар саны 2014 – 128 оқушы болса 2015-2016 оқу жылына -127 оқушы бар. Мектепте кіші орталықта 62 бала оның ішінде 1 толық күндік кіші орталық. Даярлық топтағы бала саны -18, 5- жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу пайызы-100 пайыз. Биылғы жылы Ұлттық Біріңғай тестілеуді тапсырған оқушылар саны - 8. Орташа көрсеткіш – 77,4 балл, ең жоғарғы балл 96, ең төменгі балл 63.

Мектеп оқушылары Облыстық және Республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындар алуда.

2015 жылы Бірлік орта мектебіне жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп бірінші қабытының от жағу жүйесі және қазандық пешінін құбыры ауыстырылды.

Ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалаумен ФАП-та 3 адам жұмыс істейді. Жыл көлемінде 2014 жылы 26 нәресте дүниеге келсе 2015 жылы 18 нәресте дүниеге келді.

Алдын ала емдеу жұмыстары және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жылына бір рет ауыл-ауылдарда жылжымалы флюография көлігімен тексеру өткізіледі,оған тұрғындар қаралып,тексеріліп отырады.

Бүгінгі таңда почта тарапынан ауыл тұрғындары зейнетақы, жәрдемақылар, еңбек ақыларын алады. Жылда почта арқылы, тікелей почта қызметкері көмегімен тұрғындардың мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстары жұргізіледі және уақытында аудан орталығынан әкелініп, тұрғындарға таратылады. Округ тұрғындарының мерзімді басылымдарға жазылу өте жоғары.

Округтің әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттарының бірі- ауыл шаруашылығы болса:

2015 жылы ірі қара мал басы – 1956 басты құраса 2014 жылдың деңгейіне 101пайызды құрады яғни (2014 жылы – 1934 бас болған),

қой мен ешкі – 5811 басты құрады 2014 жылдың деңгейіне 106 пайызды артты (2014 жылдың – 5505бас),

жылқы басы – 732 басты құраса 2014 жылдың деңгейіне 113 пайызға артты (2014 жылы – 648 бас) құраған.

Өсімдік шаруашылығын дамытуға шаруа қожалықтарына 2015 жылы 2 319 мың субсидия төленді.

Бірлік ауылдық округінде 30 шаруа қожалықтары тіркелген. Онын ішінде 9 шаруа қожалығы егістікпен, 11 мал шаруашылығымен айналысады.

2015 жылы Облыс әкімі Даниял Кенжетайұлының тапсырмасын орындау мақстында «Имадилов Е.М.» шаруа қожалығымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаражатына сүт таситын «Газель» автокө­лігін және сүт сақтайтың «Fresh Milk» контейнерін Мәскеу қаласынан сатып алып, сүт қабылдау пунктін ашты. Бірлік ауылында орналас­тырылған сүт қабылдау пунктіде жаңадан 4 адамға жұмыс орыны ашылды. 2016 жылы Бірлік ауыл тұрғындарынан қолдауын тапқан сүт қабылдау пункті өз жұмысын жалғастырмақ.

«Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2016 жылға сүтті сиыр сатып алуға ауыл тұрғындары 12 млн теңге несие алуға ниет білдіріп отыр.

Бірлік ауылында тағы бір үлкен инвестициялық жобаны бірі 3000 басқа мал бордақылау аланың ашу. Жобаның іске асырушы «Сэмбел» ЖШС гі. Қазіргі уақытта 5000 гектар жер учаскесі берілді, құрылыс салуға арнайы жері бекітіліп келісу сатысында. Осы жоба бүкіл Жарма ауданынан мал бордақылау аланына тұрғындар малдарын тапсыра алады жәнеде жаңадан 22 жұмыс орыны ашылмақ.

«Туған жерге тағзым» акция аясында «Имадилов Е» шаруа қожалығының басшысы Имадилов Ерболат Мұратұлы Бірлік орта мектебіне УАЗ автокөлігін сыйға тартты жәнеде ауыл жастарының спортқа тартып өткізілетін аудандық ойындарда демеушілігін көрсетіп отыр.

Бірлік ауылынан шыққан Альжановтар отбасы жанадан мектепке музыкалық аппаратура және проэктор мен экранын сыйға тартты. Ауылдан мектеп бітіріп шыққан тұлектер мектепке келіп өз тараптарынан демеушілік көрсетуде.

2015 жылдың қысында «Шалабай» ЖШС тарапынан Бірлік ауылының көше жолдарын тазартуға жәрдемсті.

Еліміздегі ауылды көркейту мақсатында жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың, бағдарламалардың арқасында ауылдағы біраз жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Аудан әкімінің қаулысы негізінде 3 айлық санитарлық тазалық жұмыстары бойынша сенбіліктер өткізілді, 6 шақырым құрайтың ауыл көшелері тазартылып көшеттер отырылғызылды. Бұл іс-шараларға шаруа қожалығының техникалары мен ауыл тұрғындардың тракторлары жұмылдырылып, қоқыс орындары тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Бірлік ауылының спортшылары 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтатын болсақ Жарма ауданы әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадада аудан бойынша 6-шы орынды иеленді.

Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз күніне және де ауыл шаруашылық күніне Бірлік ауылында спортты жетілдіру мақсатында бәйге жарыстары өткізіліп тұрады. Жарма ауданы әкімі жұлдесіне өткізілген тай жарыстарында бірнеше рет жүлдегер қатарында болдық. Қалбатау ауылында жаңадан ашылған Болат Тұрлыханов атындағы спорт комплексінде Бірлік ауылының тұрғыны, Қазақстанның ұлттық дәрежедегі спорт шебері Жылқыбаев Елемес Сыдықұлының еркін күрестен облыстық турнирі өткізілді. Бұл турнир дәстүрге айналды деп айтсақта болады.

Қылмыстық жағдай бойынша округта 2014 жылы 8 қылмыс тіркелсе 2015 жылы 5 қылмыс тіркелді. Оның ішінде ұрлық – 1, қарақшылық - 1, бұзақылық - 1, қорқытып алушылық -2. Заңсыз қоқыстарды төккен 3 адамға жалпы 60 мың тенге көлемінде айыппұл салынды. Қылмыспен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы, педагогикалық патруль, ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңестерінің қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді.

«Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында 2015 жылы Бірлік ауылында Ә.Нұршайыхов атындағы көшесі жарықтандырылды.



2016 жылы осы бағдарлама арқылы қаражат бөлініп Бірлік ауылында Әльжанов атындағы көшесі жарықтандырылмақ.

Қыс кезінде ауылдың шеткі көшелерін қар алып қалмау мақсатында 2016 жылға ауыл шетіне көшеттер отырғызу, Бейбітшілік, Нұршайыхов, Әльжанов көшелерінін жолдарын көтеріп ағымды жөндеу жүргізу және Батуринка учаскесіне шығатын көпірлерін қалпына келтіру жұмыстары қарастырылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет