Бисен Жәнекешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы:
Пән мұғалімі: Ашығалиева Р.Е.
Бисен ауылы
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отырғаны белгілі. Бұл міндеттерді орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын қолдануы керек екені анық. Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі-халықтық педагогика үлгілері. Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық педагогика тәрбиенің қайнар көзі. Қанша заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің түп қызығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұжымының да асыл борышы.
Сабақтарда шәкірттердің халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, олардың алған білімін күнделікті өмірмен ұштастыруға мүмкіндік жасайды. Математика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолданудың бірнеше жолдары бар. Сабақтың басында, ортасында не соңында қолдану. Сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа не үй тапсырмасына оқушыларды түгелдей қатыстыру, ал сабақтың ортасында қолданатын болса, оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру.
Егер сабақтың соңында пайдаланылса, алған білімдерін жинақтау, тақырыпты бекіту мақсатында пайдаланылады. Сонымен бірге бұл элементтерді өткен сабақтарды қайталау кезінде де пайдалануға болады. Ол жағдайда халықтық педагогика элементтері сабақты түрлендіріп, оқушылардың бойындағы білуге деген талпынысты оятады, қиялдарын қозғап, зейіндерін, өмір тәжрибелерін толықтырады. Халықтық педагогика элементтері көптеген сабақтарда қолдануға болады. Мен «Шамалар» тарауын өткенде кейбір элеме нттерін пайдаландым. Бұл тараудың негізгі материалы қазақ халқының өлшем бірліктері.
Ата-бабаларымыз қолданған өлшем бірліктер. Ұзындық өлшем бірліктері:
Шынашақ, елі, бармақ, сүйем, сынақ сүйем, қарыс, шынтақ, кез, құлаш, арқан бойы, шақырым, қозы көш жер, көш жер, адым, қадам т.б.
Уақыт өлшемдері: қас қағым, сүт пісірім, ет пісірім, бие сауым т.б.
Тәулік бірліктері немесе белгілері: таң бозарғанда, күн көтерілгенде, сәске, сары сәске, түс, түс ауа, кіші бесін , бесін, намаздыгер, қас қарая, ымырт жабыла, ел орынға отыра, ел ұйықтағанда, түн ортасында т.б.
Тереңдік (биіктік) бірліктері: тобыққа дейін, кісі бойы, тізеге дейін, қол созым, құрық бойы т.б.
Салмақ бірліктері: пұт, мысқал, қадақ, батпан т.б.
Осындай шамаларды шамамен, жуықтап пайдаланғанын әрбір сабақтарда айтып отырдым.
Мысалы, соғым кезінде жылқы малын сойғанда қазысының арық, семіздігін шамалауға пышақ сырты, елі, екі елі, үш елі , төрт елі, серені пайдаланған.Пышақ сырты пышақ қырының еніндей 1, 1,5 см, бір елі-саусақ еніндей-2 см, бармақ елі-бармақ еніндей-2,5 см халық арасында сұйық мөлшерін есептеуге немесе шамалауға «көнек», «жанторсық», «мес», «саба» тәрізді мал терісінен иленген ыдыстар пайланылған-олар сұйық көлемінің (мөлшерінің) бірлігі ретінде қолданылады.
Тігін, киім пішу кезінде, тұрмыстың басқа салаларында «бармақ», «табан», «қолдың қары», «сүйем», «қарыс» т.б. қолданылады. Мыс, «табан»-табан еніндей-9, 10 см, «бармақ»-қатар тұрған алты арпаның дәні немесе 2,4-2,5 см, «қолдың қары»-шынтақ пен қол басының арасы – 45-50 см, «сүйем»-бас бармақ пен сұқ саусақтың керілген аралығы-15 см, «қарыс»- бас бармақ пен шынашақ ұштарының ара қашықтығы-19см. Маталарды өлшеу кезінде құлаш, кез қолданылған. Құлаш-жай соған екі қол басының арасы 150-155 см, кез-иық пен соған қол басының арасы-1м. Мақта немесе жібек маталарды құлашпен өлшеген (164 см), ал бөз маталарды келте қармен өлшеген.
Жер суғару жүйесінде, құрылыс жұмыстарында кең тараған «қадам» шамамен 60-70 см. Ал алтын, күміс басқа да бағалы заттарды мысқалмен өлшеген. Ол шамамен 4,31 гр немесе 4-5 гр.
Егін шаруашылығымен айналысқан аудандарда «танап» қолданылады. 1 танап = 0,27 гектар. Сонымен бірге әрбір шамаларды өткенде сол шамаларға байланысты жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақтар пайдаландым. Осы тараудың соңында қорытынды сабақ ретінде жарыс сабағын өткіздім. «Ойшылдар» және «Тапқырлар» командасына бөлінген екі топтың білімдерін тиянақтау мақсатында VІ-аралығындағы тапсырмаларды орындаттым. Соның ішінде «Ұзындық» бірліктері арал ында өлшеуіш құралсыз сынып бөлмесінің енін, партаның енін, матаның енін өлшеу сияқты тапсырмаларды орындаттым. Өздерінің қадамдарының, сұйемдерінің қанша см екендігін тауып, пайдаландым, оны сызғыш, метрлікке өлшеп салу арқылы көз жеткізді.
«Демалыс» аралығында мына өлең шумақтары арқылы қимылмен сергіту сәті жасалды.
Жүрген халық ойында,
Түзу сыз бойында.
Созсаң сұқ қол бармақты,
Сүйем деген сол екен.
Алға аттасаң шырағым,
Сол болады бір адым.
Білмегенді сұрағын,
Білім алғын, шырағым.
«Не оқып білдік ?» аралында осы өлшем бірліктерге байланысты қызықты әзіл есептер, сөзжұмбақтар, ребустар жасырылып, оқушылар белсене қатысты. Негізінен халықтық педагогика элементтерін кейбір сабақтарыма қолданып жүрмін. Бір сәтте өткізілген сабақтың барлық мәселелерді шешпейтіні белгілі. Бұл сабақта бірнеше оқушыларым жақсы бағалар алып, нашар оқушылардың өздері де белсене қатынасты. Әсіресе, практикалық жұмыс кезінде олардың қызығушылығы артып, сондай ынтамен, тапсырмаларды орындады. Егер осындай тұрмыс-салтымызға, дәстүрімізге байланысты материалды оқытуға ерекше мән беріуміз керек. Өйткені мұндай материалдар ұлттық сана-сезімі буалдыр тартып, көмескелене бастаған жастарымыздың рухани байлығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |