Әдеби жанрлар Эпикалық жанрға



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата10.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#494835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Көркемдегіш құралдар (1)



 
Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы, 
Ш.Уәлиханов атындағы КУ 
 
 
 
ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
Әдеби жанрлар 
 Эпикалық жанрға жататын шығармалар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, 
ертегілер, аңыздар, эпопея, роман, хикаят (повесть), әңгіме, очерк, новелла, т.б. 
Лирикалық жанрға жататын шығармалар: арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, 
т.б. 
Драмалық жанрға жататын шығармалар. трагедия, комедия, интермедия, скетч, 
пьеса, т.б. 
 
 
Портрет – адамның түр-сипатын киген киімі, қылығымен бірге суреттеу. 
Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесінен портрет: «Кезінде келбетсіз болмаған 
ақсұр шал. Көк бурыл қабағы, селдiр мұрт, ұзынша сұйқылт сақалы бет алдын 
буалдырландырып жiберген. Көзiнiң алдындағы бiрер қыртысы болмаса, жүзiн әжiм 
алып 
жарымапты. 
Ылғи 
назарын 
тiктемей, 
бейтарап қарайтын қоңырқай 
көзi ештеңе аңғартпайды. Аңда-саңда өзiнен-өзi бiр мырс етiп қояды». 
 
Пейзаж - табиғатты суреттеу. 
Кей шығармаларда табиғат 
кейiпкерлердiң қуаныш-қайғысымен байланысты 
суреттеледi. Әбдiжамал Нүрпейiсовтың “Қан мен тер” трилогиясының бiрiншi кiтабының 
“Ымырт” деп аталуы жайдан-жай емес. Билеушi таптардың уысынан шыға алмай, құрдымға 
кеткелi тұрған балықшының ауыр тағдыры батып келе жатқан ымыртпен қатар 
суреттеледi. Осы бөлiмдегi қоңыр күздiң суық бейнесi де балықшылардың өмiрiмен 
бiртұтас берiледi.«Кешкі ымырт тез тұтасып,төңірек тұнжырай бастады. Еламан 
ертең болмаса, ауды бүгін басқа жерге аударып салуға үлгере алмасын білді. Шынында, 
бұл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың біріне иек сүйеп, еңкейіп қалған еді. 
Құбыла бет тұтас қызарып, жел жыртып дода-додасы шыққан бұлт батар күннің 
шапағатына бауырын бояп алаулап атты. «Апырай»...деп Еламан құбыла беттен көз 
алмай, ұзақ қарады. Кезегі келгенде күн басына да зауал төніп,бар әлем тіл тартпай, түн 
құшағына кіріп бара жатқандай...Бар әлем бүркеу. Суық жел ызғырып, төңірек шаңытып 
тұр. Қабағын түйген қытымыр күннен қыстың таяу тұрған қаһары сезіледі. Еламан күн 
мінезін жақтырмай, жүрегі мұздап тұр еді, қасына қауқылдап сөйлесіп бір топ кісі 
келді».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет