Битанова Жеміс Тәжіғұлқызы География пәні мұғалімі Қ. Абаханов атындағы орта мектеп Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы



Дата24.02.2016
өлшемі374.88 Kb.
#12466
Битанова Жеміс Тәжіғұлқызы

География пәні мұғалімі

Қ.Абаханов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы

Тақырыбы: География сабақтарында интерактивті тақтаны



пайдалану арқылы оқушы белсенділігін арттыру

Кіріспе

«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев.
Әлем елдерінен біразы бұдан 40-50 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы болып отыр. Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа технологиялардың өзі жаңадан пайда болған емес, оның негізгі бұрын қаланған, тек қазір өзгеріске ұшыраған.

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Қазіргі ғалым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушының білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі.

Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу.

Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:

- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;

- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;

- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);

- сыни ойлау дағдыларын дамытады;

- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;

- пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.

Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.

Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.

Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады.

Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.

Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:

- Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);

- Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;

- Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;

- Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);

- Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);

- Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).

Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.

Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы.

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қан қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократиялық таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудыңда маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.

Интерактивті оқыту әдістемесі - егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатнас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушылардың өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету. Интерактивті әдістемесі өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі: Оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде); шақырылған адамдармен (немесе топ оқушылардың өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін); өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында); оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талдау барысында); шағын топбымен (4-5 оқушымен); оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеументтік сауалнама жүргізіледі); кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен). Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі –оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болды. Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәтінін терең ашуға көмектеседі.

Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

Заман көшіне ілесе отырып жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу- барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттері екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандарылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.

Үйреншікті әдіс- тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына , сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек,оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

Білім–теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір біріне ұқсамайтын жан жақты өткізген сабақтары.

Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданынады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы,өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім білік дағдыларын емес, оның тұлға ретінде дамуын қоюда. Бүгінгі таңда ұстаздардан талап етіліп отырған үрдіс ол жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.

Соңғы кезде «Қарасам – көремін,тыңдасам – естимін, ал әрекет жасасам - білемін» деген қағида педагогикалық қауым ортасында жиі айтылуда. Бұл мақал жаңа педагогикалық технологияларға көшудің қажеттілігін анықтайтын ой түрткі іспетті. Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К.Плотонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді:

Есту арқылы – он, көру арқылы – отыз, қарапайым әрекет арқылы – елу, ал белсенді әрекет арқылы – тоқсан пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді.

Ж.Аймауытовтың пікірінше «Оқыту – білім көбейту,ақыл күшейту». Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөніндегі түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әр түрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге кіші жастан дағдыланады, білім сапасын жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады:

-диалогтық; қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мұғалім-оқушы, оқулық-оқушы, оқушы-оқушы);

-эвристикалық; өз бетінше іздену,іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;

-зерттеу. Объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс, білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдік ойындар,миға шабуыл,дебат,дискуссия,жаттығу,топтық жұмыс)

Топқа бөлу 3 кезеңнен тұрады.

I кезең. Дайындық тапсырма беру. Топтарға бөлу. Проблемаларын алдын – ала таныстыру қажетті материалдарды жинау.

II кезең. Бақылау. Оқушыларының жасаған хабарламаларын тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау.

III кезең. Қорытынды. Проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру, әртүрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу.

7 сыныптағы «Африка материгін қайталау»

Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта, компьютер, атлас, Африканың физикалық картасы, суреттер, тест.

Сонымен қатар, сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының ой қозғау, мағынаны ажырату стратегиялары, жұмбақ шешу, сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, талдау сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды және іске асты.

Сабақтың барысы төмендегідей ретпен өткізіледі.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту (топқа бөлу).

«Кім қай жыл мезгілін ұнатады?»

Қыс, Көктем, Жаз, Күз. Суреттерге қарап оқушылар ұнататын жыл мезгіліне байланысты топқа бөлініп отырады.


  1. Қыс

  2. Көктем

  3. Жаз

  4. Күз

  1. Оқушыларға сұрақ. Қандай материкті экватор сызығы дәл ортасынан кесіп өтеді?

Сурет. Африка.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы – Африка материгін бекіту.

Африка материгінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Оқушылар: географиялық орнын, зерттелу тарихын, жер бедері мен пайдалы қазбаларын, климатын, ішкі суларын, табиғат зоналарын, халқы мен елдерін оқып білдік.



  1. Физикалық картамен жұмыс. Африка материгінің шеткі нүктелерін және жағалауындағы мұхиттар мен теңізді табу.

  2. Мағынаны ажырату.

Тапсырма.

I топ. Зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

II топ. Климаты. Ішкі сулары.

III топ. Табиғат зоналары

IV топ. Халқы мен елдері.

Халқы мен елдері. Халқы 700 млн-нан астам. Африкада үш нәсілдің өкілдері таралған.

Негізгі нәсілдер: Эфиоптар, еуропалық тектестер, африканерлер, ағылшындар.

Негізі тілі: судан, француз, банту, араб, ағылшын тілі.

Халықтың орташа тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 22 адамнан келеді. Ең сирек қоныстанған жері – Сахара сияқты шөл жерлері. Ең тығыз қоныстанған жері – Ніл өзені аңғары, Гвинея шығанағы, Жерорта теңіз жағалауы.



Елдері: Африкада 50 – дей мемлекет бар. Африка елдері табиғат жағдайларымен халқының құрамына сәйкес 5 тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады.

Африка мемлекетіндегі Мысыр мемлекетінде Мысыр мемлектінде 0,1 мың қазақ қандастарымыз тіршілік етеді.



  1. Ойын. «Мен – саған, сен - маған» жұмбақ сауалнамасы

Африка материгін бекітуге тест тапсырмаларын және бағалау парағы таратылады. Тест сұрақтары беріледі. Оқушылар өздерін-өздері бағалайды.

Үйге тапсырма. «Африкада болған 1 күндік саяхатым» деген тақырыпта шығарма жазу.

Бағалау.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс –тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Оқушылардың зейінін көп бөлу мақсатында жеке тапсырма ретінде тірек-сызбаны өз сабағымда пайдаланамын.

Тірек –сызба түрлері:



  1. Тірек сызбаны жалғастыр.

  2. Оқулыққа сүйене отырып тірек- сызба құрастыру.

  3. Құрылған тірек- сызба бойынша ауызша жауап беру.

  4. Тірек- сызбаны пайдалана отырып ауызша жауап беру.

«Футбол ойыны» сыныпты екі топқа болу. Команда лидерін сайлау оқушыларды бағалау. Топ бойынша сұрақтар беру арқылы, командаларға гол (дұрыс жауап) соғады. Екі команда мүшелері жеке-жеке сұрақ қояды.

Сабақтың нәтижесінде: оқушылар сабақ қорытындысы бойынша өз білімдерін жетілдірді; өз ойларын ашық айта білді; кесте арқылы оқушылардың ойлау қабілеті арта түсті.



«Атырау –мұнайлы астана» тақырыбында пікірсайыс әдісі бойынша сабақтан тыс шара өткіздім. Мұнай өндіру мен өңдеудің адам өміріне келтіретін пайдасы мен зияны жөнінде, оқушыларды ойлануға , зерттеуге жүйелі сөйлеуге, бір-бірінің ұстанымдарын құрметтеуге, шешендік өнерін, белсенділіктерін дамыту. Өз беттерінше білім алып қорытынды жасай алуға үйрету.

Пікірсайыстың негізгі міндеттері мен таныстырылады.

1)Білім алу міндеті;

Пікірсайыста біз білімімізді арттырамыз. Ең бастысы жеңу емес, білім жинау, үйрену.



2) Шындыққа, ақиқатқа негізделу міндеті;

Шындық – пікірсайыс өзегі, шындықты білу әрқашан қызық.



3) Құрметтеу міндеті;

Ешқашан қарсыласыңызбен жеке басының қасиетіне байланысты дауласпаңыз, қарсыласыңызды кемітпеңіз. Тұрысыңыз, сөйлеу мәнеріңіз белгілі этикаға сай болуы тиіс. Әрқашан қарсыласыңызды тыңдап білуіңіз қажет.



Жақтаушы топ даттаушы топ

І – таныстыру.

ІІ – тақырыпты ашу, фактілерді ашу.

ІІІ – қорытынды, сараптама жасайды.



  1. Спикер-жоққа шығару, нақты қақтығыс нүктелерін көрсету.

  2. Спикер-өзге жоспар құрып, жоспардың артықшылығын көрсетеді.

Терең жоққа шығару

3-Спикер-анализ, сараптама жасайды, жаңа аргумент келтірмейді.

Сұрақ – жауап бөлімі:


  1. Жабық сұрақ: «иә», «жоқ» жауап күтіледі.

  2. Ашық сұрақ: нақты ақпарат сұрастырылады сұрақ.

  3. Айналы сұрақ: бұл айтылған нәрсені қайта сұрау мақсатында қойылады.

  4. Ретрикалық сұрақтан: нақты бір жауапты көздемейді.

Сұраулы сөйлем түрінде келтірілген дәйек.

Пікірсайыс қарама –қарсы ұстанымдағы топтардың белгіленген ережелерімен шектелген ой қақтығысы.



Тәрбиелік шараның нәтижесінде: ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; тіл байлығы жетіледі; жан- жақты ізденушілігін арттырады; еркін ойлауға мүмкіндік береді.

Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңаша шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты , әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері шексіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.

Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану.

Баспасөз – конференция әдісі бойынша.

Тақырыбы: «Арал теңізі және оның экологиясы»

Мақсатым: Оқушылар өз ойын ортаға салу, әр түрлі шешу жолдарын таба білуді байқау. Өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. «Қонақ» ретінде географ, тарихшы, эколог, дәрігер, метеоролог, тілшілер қатысты.

11 «а» сыныбында «Орта Еуропа елдері, Нидерланд» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақтан жалпылама сұрақтар.


  1. Еуропаның тарихи – географиялық жағынан қандай топтарға бөлуге болады?

  2. Солтүстік еуропа елдерінің шаруашылығы.


ІІІ. Жаңа сабақ

Орта Еуропа елдері: Ирландия (Дублин), Ұлыбритания (Лондон), Франция (Париж), Белгия ( Брюссель), Нидерланд ( Амстердам), Германия (Берлин), Люксембург (Люксембург) , Щвейцария (Берн), Аустрия ( Вена), Лихтенштейн (Вадуц).

Осы елдердің ішінде бүгінгі сабақта Нидерланд еліне тоқталамыз.

Сабағымыз баспасөз конференция түрінде өтеді.

Біздің топ географ-саяхатшылар, саяси шолушы, зерттеуші ғалымдар, нидерланд жеріне барып, сол елдің барлық жағдайымен танысып көптеген жаңалықтар алып келді. Сонымен бірге тілшілеріміз қатынасып отыр. Олай болса, сөз кезегін тілшілер мен мамандарға береміз.

1.Тілші. Құрметті ағайындар, Нидерланд еліне барып, саяхат жасап, барлық жағдаймен толық танысып келгендеріңізге өте қуаныштымыз.

1-сауал, географ-саяхатшы, сізге: Ол елдің экономикалық-географиялық жағдайы мен мемлекеттік құрылымы туралы айтып өтсеңіз.



Географ-саяхатшы пікірі. Жердің ауданы -41,2 мың км2 , астанасы- Амстердам. Мемлекет басшысы – прьемер- министр. Заң шығарушы орган – парламент. Мемлекет тілі – нидерланд лілі (голланд)

Тілші. Келесі сұрақ тарихшы –ғалымға:

Кез келген мемлекеттің бүгінін білу үшін оның өткеніне көз жіберу шарт деп ойлаймын. Сол үшін нидерланд мемлекетінің қалыптасу тарихына, геосаяси жағдайына қысқаша тоқталып өтсеңіз.



Тарихшы – ғалым пікірі. ( Интерактивті тақта, Елтаңба, жалауы)

Тілші. Нидерланд елінің табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстары жайлы білгіміз келеді.
Зерттеуші – ғалым пікірі.
Жер аумағы


Мәдени (70%) Ойпат (40%) Орман (90%)
Тілші. Келесі сұрағым демограф – ғалымға:

Нидерланд халқының этникалық құрамы, демографиялық жағдайы қандай?



Демограф – ғалым пікірі. Халқы – 16,6 млн.(2010ж) сауаттылық деңгей – 99 пайыз. Бір дәрігерге – 410 адам. Орташа өмір сүру ұзақтығы -77 жас.

Халықтың жұмыс істеу құрылым

Балық аулау өндірістік емес сфера- Ауыл шаруашылығы

5% 67% 28%


Тілші. Экономист маманға. Нидерланд шаруашылығына баға берсеңіз.

Экономист маман пікірі.

Өнеркәсіп

Отын-энергетика Машина жасау Химия(тыңайтқыш,

(газ-51,8%, мұнай мен Мұнай химиясы дәрі- дәрмек, бояу,

Мұнай өнімдері-37,8% мен тоқыма, сабын,

Көмір-7,4%, полиграфиясы, пластмасса,т.б)

Атом энергиясы-1,6%, целлюлоза қағаз,

Басқа энергия көзі-2,4%) тамақ өнеркәсіп жабдықтары)

Тілші. Келесі сауалымызға ғалым-агроном сізге. Ауыл шаруашылығында қандай ерекшеліктер бар екен?
Ғалым – агроном пікірі:

Ауыл шаруашылығы
Өсімдік(гүл, көкөніс, Мал(сүтті ірі қара,

жеміс- жидек, бидай, құс, шошқа)

картоп)

Тілші. Келесі сұрақ көлік қызметкерінің пікірі:

Көлік теңізі (5002шқ), әуе, автомобиль(126 мың шқ), теміржол ұз- 2750 шқ, 1900 шқ электрленген.



Тілші. Нидерландтың сыртқы экономикалық байланыс туралы білгіміз келеді.

Саяси-шолушы пікірі.

Экспорт

Импорт

Тоқыма өнімдері, машина жасау, химиялық өнімдер, мұнай, ет, жеміс және гүлдер, газ, металдан жасалған бұйымдар.



Машина, мұнай, автомобильдер

киім, түсті метал, тамақ өнімдері,

көлік, құрал жабдықтары.



Қорытындылау.

Нидерланд- Философ спиноза, Голланд қызғалдағы, Теңіз елі , Галанд ірімшігі, Қайырымды ел, т.с.с топтастыру арқылы қортындыланды.


Бекіту

Сәйкестік тест:

Ирландия Вадус

Ұлыбритания Берлин

Франция Лондон

Бельгия Амстердам

Нидерланд Берн

Германия Дублин

Люксембург Брюссель

Швейцария Париж

Аустрия Люксемберг

Лихтенштейн Вена



Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, халықтың діни құрамын көрсететін диаграмма құрастыру.



Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Атмосфера және климат.

Сабақтың мақсаты: 1) осы сабақ барысында алған білімдерін

қайталау,кеңейту,бекіту,тексеру,үйрену.

2)Табиғат компанеттерінің арасындағы және табиғат

пен адам арасын байланыстыратын іс-әрекет туралы

түсінікті қалыптастыруды жалғастыру, ой-өрісін

дамыту.


3) Климаттың табиғатты қалыптастырудағы және

адам өміріндегі маңызы туралы түсінікті кеңейту,

табиғатты қорғау.

Сабақтың түрі : Қорытынды қайталау

Өткізу әдісі: Сұрақ –жауап, географиялық диктанат, картамен жұмыс.

Көрнекілік: 1.Компьютер

2.Инерактивті тақта

3.Слайдтар

4.Картасхемалар




Сабақ жоспары:

1.Климаттағы өзгеріс-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

2.Географиялық диктант (ұғымды меңгеру)

3.Картамен жұмыс (климат элементтерінің арасындағы байланысты анықтау)

4.Жер шарындағы әр түрлі климаттың қалыптасуы(білімді жүйелеу)

5.Климат неге әр түрлі (себеп –салдарлық байланыстарын анықтау)

6.Климаттың табиғат компоненттеріне әсері(өзара қарым-қатынастарын талдау,анықтау)

7.Климат және адам: әсер етудің негізгі бағыттары.

8.Жер шарындағы климаттың өзгеруі туралы болжам.

9. Сабақты қорытындылау(сабаққа өзбетінен қорытынды жасау)

10.Тесті

11.Үйге тапсырма.



І.Гегрфиялық диктант (2мин)

І 1.вариант

1.Жер шарының(газ тәрізді) ауа қабаты-

2.Ауа-райының белгілі бір жерге тән,көп жылдық режимі-

3.Су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі-

4.Тропосфераның бір-бірінен қасиеттері (температурасы,мөлдірлігі,ылғалдығы)жөнінен айырмашылық жасайтын үлкен бөліктері-

5.300 ендіктен экваторға қарай соғатын тұрақты жел.

ІІ вриант

1.Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік,апта,ай) жай күйі-

2.Жел жылдамдығы өлшейтін құрал-

3.Темпералары бірдей жерлерді қосатын қисық сызық-

4.Ауа массалары,температурасы ,жауын шашын мөлшері жөнінен айырмашылық жасайтын аймақ-

5.Жыл ішінде маусым бойынша бағытын 2 рет өзгертетін жел-



ІІ Картамен жұмыс

Географиялық терминдермен бірге картамен жұмыс жасай білудің қажеттігін жақсы білеміз.

Олай болса климат картасы және картасхема бойынша климат элементтерінің арысындағы байланысты анықтаймыз.

І тапсырма

1-ші оқушыға .Схемадан атмосфералық қысымға байланысты жауын шашынды көрсету.

2-ші оқушыға.Жоғарғы және төменгі қысым белдеуіне байланысты тұрақты жел бағытын анықтау.

ІІІ

3 тапсырма

І вариант Климат картасын пайдалана отырып изотерма бойынша көрсетілген аймақтағы шілде айының орташа температурасын анықтап таблицаға жазу

Ауызша қорытынды жасау: ауа температурасының таралуы .... байланысты

4.Жер шарының климаты алуан түрлі екендігі бізге бұрыннан белгілі.Қазіргі сендердің орындаған практикалық жұмыстарының нәтижесі соның дәлелі .

Сондықтан жер шары 13 климаттың белдеуге бөлінгенін білесіңдер.Соған байланысты қазір №4 тапсырманы орындаймыз.

Тапсырмада климаттың белдеулерге сипаттана берілген.Сипаттама бойынша қандай климаттың белдеу екенін анықтап,картадан көрсету.

Берілген сипаттама бойынша негізгі және өтпелі климаттың белдеулерді анықтадық.

Климат неге әр түрлі?



Мұғалім: Сонымен жер шарында климат алуан түрлі.Неге?

5.Климат ерекшеліктеріне байланысты мультфилімінен үзінді.



6-тапсырма слайд. Табиғат кешендерінің сызбасы.

Мұғалім:Сіздердің назарларыңызды климат әсерінен өзгеріске ұшыраған әр түрлі табиғат кешендеріне аударайық.

1 слайд. Жер бедері.

Мына көрініс бойынша климат әсерінен өзгеріске ұшыраған жер бедеріне мысал келтір.



2 слайд. Ішкі су

Климат әсерінен ішкі суларда болатын құбылыстарға өз пікіріңді білдір.



3слайд.Топырақ

Климаттың топыраққа әсері қандай?

7.Климат және адам.

Ауыл шаруашылығы климатқа тәуелді.(мысал келтіру)



4 слайд.Егіншілік

5 Слайд. Туризм.

Туризмді қалыптастырудағы климаттың рөлі?



6 Слайд. Апаттық құбылыстар.

7 Слайд. «Қуаңшылықтың табиғатқа әсері»

Әр оқушы өз біліміне яғни сабақтағы іс-әректіне анализ жасайды.

Мен бүгін білдім

Маған қызықты болды

Қиын болды

Тапсырма орындадым

Мен түсіндім

Менің қолымнан келеді

Мен үйрендім

Мен істеп қараймын

Менің өміріме пайдасы тиді

Сабағымызды тесті арқылы қорытындылаймыз.

«Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты» дайын білімді қабылдап алу арқалы қажетті икем- дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс- әрекет барысында икем- дағдыларды меңгеру маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өдігінен оқып үйренуге бағытталуы керек.

1.Оқушыларға жаңа материалды(иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелі презентацияларды пайдалану балалардың оқуға деген ынталыған арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін ең бастысы мұғалімнің уақытын қысқартады.

2. Компьютерлік сауатты боуды талап етеді. Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын ала мұғалімнің өзі дайындап қояды.

3. Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп алу жұмыстарын жасауды үйренеді.

3. CD,DVD және электронды оқулықтарды пайдалана білуінің арқасында, мұғалім жан- жақты біліммен қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелейді.



Қорытынды

Г

География пәнін оқытуда оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында осы тақырыпты таңдап отырмын. Өзімнің алғашқы тақырыбым бойынша өткізген сабақтарымның түрлерін көрсеттім. Бұл тақырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін, олардың танымдық қабілеттерін, іскерлікпен дағдыны қалыптастыру, теориялық білімдерін күшейтуде маңызы зор. Әр сабақта оқушылардың көрсеткіштері жоғары болды. Менің екінші мақсатым алға қарай енгізіліп жатқан жаңа сабақ түрлері мен жаңа интерактивті әдістерді- тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың білім дәрежесін кеңейту мақсатында барлық жаңа әдістерді пайдаланғым келеді.



«Жергілікті жердің шаруашылығына сипаттама» тақырыбында оқушылардың ғылыми жобалар сайысында ауданда І орын, облыстан «Алғыс хатқа» ие болды.

2009-2010 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасының

II кезеңінде 11 сынып оқушысы Қайреденов Е. I орын алып, III кезеңінде

3 орынды иеленді.

2010-2011 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасының

II кезеңінде 9 сынып оқушысы Идеатов Н. пән олимпиадасының II кезеңінде 3 орынды иеленсе 10 сынып оқушысы Қабдрашева Б. II орын алды.

2011-2012 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасының

II кезеңінде 10 сынып оқушысы Идеатов Н. II кезеңінде 2 орынды иеленсе

11 сынып оқушысы Қабдрашева Б. 3 орын алды.

2012-2013 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасының

II кезеңінде 11 сынып оқушысы Идеатов Н, 10 сынып оқушысы Амантайқызы Б. 3 орын алды.

ҰБТ қорытындысы бойынша:

2008-2009 оқу жылында,2009-2010 оқу жылында, 2010-2011 оқу жылында

– 77,7%


2011-2012 оқу жылында ҰБТ – дан география пәні бойынша 100% сапамен аяқтады.


Пайдаланған әдебиеттер
1.«Бәсекеге қабілетті мамандан дайындаған: мәселелері, шешу жолдары аймақтың, ғылыми-әдістемелік конференция материалдары жаңа ақпараттық технологиялар орталығы-2008» (81б), (111б)

2.Қазақстан республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті. Стандарт Қ.Р.МЖБС 2:3.4.01-2010. Астана-2010ж

3.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

4.2009ж (24б)

4.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

5.2009ж (29б), (27б)

5.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

1.2009ж (31б)

6.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

3.2011ж (51б)

7.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

6.2010ж (43б)

8.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

4.2009ж (24б)

9.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

1.2008ж (54б)

10.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

6.2008ж (54б)

11.География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.

4.2006ж (70б), (58б)



Оқытудың интерактивті технологияларының қолданылуы


Атауы

Мақсаты

Мәні

Механизмі

Даралап

Оқушылардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту

Оқу-танымдық міндеттерді дәйекті және мақсаткерлікпен ұсыну.

Ізденістік әдістер; Танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру

Модульдік оқыту

Оқытуды оңтайландыру. Жеке тұлғаның ойлау деңгейін бейімдеу.

Оқушының жеке жұмысын ізденімпаздықпен орындау

Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс.

Дамыта оқыту

Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту.

Білімін, біліктіліктерін шығармашылық ойлау қабілеті арқылы әлеументін жетілдіру.

Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту.

Саралап оқыту

Ойлау қабілетін және т.б. қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу

Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес.

Жеке дара оқыту әдістері

Ойын арқылы

Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық қызметтік сипатын қамтамасыз ету.

Ақпараттар іздеуге, өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқаратын танымдық қызмет

Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері


Зертелу тарихы


Жыл

Зерттеді

Жаңалығы

XXVIII ғ.б.з.д.

Хану (Египет)

Сомалиге саяхат жасады.

600-595 ж б.з.д.

Нехо (Финникиялық теңізшілері)

Африканы айналған.

1350-1353 (XIVғ)

Әбу ибн Баттута (Мороккалық араб)

Сахарны қиып өтті. Негер өзеніне дейін және кейін қайтты. Сомали түбегі аймағын, кейінен Тимбукту мен Мали жерлерін зерттеді.

1486 ж.

Диего Кан (Партугалия)

Конго өзенінің сағасын ашты.

1488 ж

Бартоломеу Диаш (Португалия)

Қайырымды үміт мүйісін ашты.

1447-1499 ж.ж.

Васко да Гамма (Португалия)

Бүкіл Африканы, Сомали түбегі арқылы айналып өткен.

1795-1806 ж.ж.

Мунго Парк (Англия)

Нигер өзенін зерттеді.

1849-1871 ж.ж.

Давид Ливингстон (Англия)

Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. Танганьика көліне жетті. Конго өзенінің жоғарғы жағын және Виктория сарқырамасын ашты.

1871-1877 ж.ж.

Генри Стенли (АҚШ)

Африка көлдерін зерттеген, Конго өзенінің бойындағы сарқырамалар жүйесін ашқан.

1880-1883 ж.ж.

В.В.Юнкер (Ресей)

Ніл, Конго өзендерін зерттеді.

1926-1927 ж.ж.

Н.И.Вавилов (Ресей)

Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны екендігін анықтады. 6000 түрлі мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтады.

Климаттық зертеулер.


Климат белдеуі

Ерекшеліктері

Экваторлық белдеу:Гвинея шығанағы жағалауы.

Орташа температура +240 +280С, жауын-шашын 3000мм-ден жоғары, жыл бойы экаторлық ауа массалары әсер етеді.

Субэкваторлық белдеу: материктің 1/3 бөлігін алып жатыр.

Жазда экваторлық, қыста тропик ауа массалары әсер етеді. Жылдық орташа температура +200С, жауын-шашын 2000 мм, тропик маңында 250 мм.

Тропиктік белдеу.

Жыл бойында тропиктік ауа массалары әсер етеді. Жазда орташа температура +300+350С, ең суық температура +120С. Жауын-шашын 50-150 мм.

Субтропиктік белдеу: материктің ең қиыр солтүстік пен оңтүстік аймақ қамтиды.

Жазда тропик, қыста қоңырқай ауа массалары әсер етеді. Жазда орташа температура +270 +280С, жауын-шаын жазық жерлерде 300-500 мм, тау беткейлерінде 1500 мм.



Өзен типтері

Негізгі өзендері

Экваторлық

Судандық


Сахаралық

Жерорта теңіздік



Конго

Замбези,Сенегал,Гамбия

Өзен ағыстары уақытша:Вадилер, Уэдтер

Атлас және Кап тауларынан басталатын өзендер.



Африканың негізі ірі өзендер

Африка

Ұзындығы, шқ

Алабының ауданы

Орта су шығыны

Ніл (Кагерамен бірге)

Конга (Лаулабамен бірге)

Нигер

Замбези


6 671

4 320


4 160

2 660


2 870

3 691


2 092

1 330


2 660

46 000


9 300

16 000



Ірі көлдері

Атауы

Ауданы, мың шқ2

Ең терең жері

Ең терең танганика

34 мың

Ені 50-80 шқ



Ұзындығы 650 шқ

1435 м

Ең үлкен көл

68

80

Ньяса

30,8

706

Чад

16,6

4-7


Табиғат зоналары.

Табиғат зонасы

Өсімдіктері

Жануарлары

Ылғалды экваторлық зона

Фикус, май палмасы,коланан ағашы,кофе,банан,папоротниктер, орхидеялар.

Шашақ құлақты шошқа,ергежейлі бегемот,жираф тұқымдас оқапи,ергежейлі антилопа,мартишка, қабылан, павиан.

Субэкваторлық ормандар мен бұталар

Ағаштар мен өсімдіктер түрлері азая түседі.

Горилла, шимпанзе,термиттер,цеце.

Саванналар

Астық тұқымдылар,баобаб,акация,піл шөбі.

Бөкендер,зебра,керік,буйволдар, лемурлар, піл, гепард,түйеқұс,секретарь құс.

Тропиктік шөлейт зоналары

Ксерофиттер,акациялар,сүттіген,алоэ, жабайы қарбыз,ирис.

Жабайы түйелер,бөкендер,қорқау қасқыр,фенек түлкісі,варан.

Тропиктік шөл зонасы

Ксерофитті склерофиттер, суккуленттер, вель




Субтропиктік мәңгі жасыл орман

Мирт,лавр ағашы,алеандр,тас емен, атлас қарағайы, тығын ағашы.

Леопаррдтар, гиеналар,жыртқыш аңдар.




Солтүстік Африка

Орталық Африка

Солтүстік шығыс Африка

Оңтүстік Африка

Тутси, хами тайпалары

Пигмейлер

Нилот

Бушменднер, готтентоттар қоныстанған.



Солтүстік Африка

Орталық Африка

Шығыс Африка

Оңтүстік Африка

Батыс Африка

Алжир, Ливия,Египет,Марокко,Батыс Сахара,Тунис

Конго, ОАР

Судан, Эритерия, Сомали, Джибути, Кения, Руанда, Брунди, Замбия

Намибия, Ботсвана, Зимбаве,ОАР, Свазиленд

Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьера-Леоне, Либерия, Гана, Того және т.б.

Тапсырма. Кестені «+» белгісімен толтыру


р/с

Көлдер


Ағынды

Тұйық

1

Каспий








2

Арал








3

Зайсан









4

Балқаш








5

Марқакөл








6

Қорғалжын








7

Сіліті теңіз








8

Теңіз








9

Сасық көл








10

Құсмұрын










  1. Тапсырма. Кестені сұрақтарға сәйкес толтырыңыз




р/с

Сұрақтар

Жауабы





Өзеннің аты - Ертіс




1

2

3



4

Қай мұхит алабына жатады?

Ағыс сипаты?

Қоректенуі қай типі?

Шаруашылық маңызы?











  1. Тапсырма.




Жазда суы мол өзендер


Көктемде суы мол өзендер

Тартылып қалатын өзендер













Аймақтар

Жаз айының орташа температурасы

(цельсий градусы бойынша)

1

Солтүстік Африка тропиктік ендік




2

Санкт-Петербург




3

Гренландия аралы жағалауы




4

Оңтүстік Аустралия




5

Антарктида жағалауы






2 вариант



Аймақтар

Қыс айының орташа температурасы(цельсий градусы бойынша)

1

Солтүстік Африка тропиктік ендік (сахара шөлі)




2

Оңтүстік Еуропа




3

Солтүстік Азия




4

Оңтүстік Африка




5

Антарктида жағдайы





Р/с

Климаттық белдеулерге сипаттама

Жауап

1

Бұл климаттық белдеуге жыл бойына жоғары температура байқалады ж/е жауын-шашын мөлшері мол.




2

Қатты ұзақ қыс ол қоңыржай ендіктің ауа массасы енуіне байланысты қысқа жазбен алмасады.




3

Жаз өте ыстық,жаңбырлы ,ал қыс жылы бірақ құрғақ.




4

Қыста бұнда қоңыржай ендіктің ауа массасы әсер етеді,ол ауа массасы қысқы жаңбыр әкеледі.




5

Поляр күні және поляр түні болады.




6

Жыл бойына құрғақ және суық арктикалық ауа массасы әсер етеді




7

Жыл мезгілдері анық ажыратылады




8

Бұл климаттың белдеуге тропиктік ауа массасы мен қоңыржай ендіктің ауа массасы әсер етеді




9

Бұл климаттың белдеуі экваторлық және торпиктік ауа массасы қалыптастырады.




10

Жыл бойына қоңыржай ендіктің ауа массасының ықпалында болады.




















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет