Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет1/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2013 жылғы ____________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген



Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым)


1- бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бұдан әрі - БТБА) 39 шығарылымы: «Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру» бөлімінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

4. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

5. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

6. Тарифтік-біліктілік сипаттама алты разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

9. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшасында көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

10. «Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 39 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1985 жылғы редакциясында берілген.



2 – бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру

1. Картонажды өндіріс автоматшысы


Параграф 1. Картонажды өндіріс автоматшысы, 1-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:

агрегатқа (машинаға) қызмет көрсету кезінде анағұрлым қарапайым операцияларды орындау;

материалдарды картонаж өндірісі автоматтарына салу, қалау;

қораптарды пішу, парақтардың шетін ию, этикеткаларды желімдеу;

жасалатын бұйымдарды алу және ақауларын шығару;

даяр өнімді қалау.

12. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жекелеген тораптардың құрылымы, материалдарды салу және даяр өнімді қалау ережесі;

жасалатын бөлшектер мен бұйымдардың мөлшері;

дайындамалар мен бұйымдардың түрлері.

Параграф 2. Картонажды өндіріс автоматшысы, 2-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі автоматтар мен жартылай автоматтарда ішкі пакеттерін жасау, манжетін, түбін құрастыру және оларды орау;

манжеттер мен түптерін формаларға қолмен ілу;

картоп қораптар мен қорап кесетін машиналар жасау жөніндегі агрегаттарға қызмет көрсету;

картон орамын жайма пішетін машинаға салу, июге, формалауға және қақпағы бар қораптарды желімдеуге арналған жаймаларды кейіннен толтыру;

даяр өнімдерді жәшіктерден алу, қоймалау;

гофрленген картоннан жасалған жәшіктерді тігетін автоматтарда тігу;

гильза кесетін автоматқа қызмет көрсету;

шикізаттың тығыздығына және сымның кесілуіне қарай сымның созылуын, тігу аппараттарын реттеу;

жетек станогында жинамалы қораптарды орау;

даярланатын бұйымдардың сапасын қадағалау;

даяр бұйымдардың сапасын бақылау.

14. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

агрегат және машина бөлшектері мен тораптарының қызметі және өзара іс-әрекеті, жасалатын қораптардың өлшемі;

қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;

жасалатын бұйымның түр-түрі;

даяр бұйымның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Картонажды өндіріс автоматшысы, 3-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі автоматтарда көркем қораптар, қаттамалы футляр, сыртқы пакет кешенін жасау;

қағаз ұстағандарды және бөтелкелерді түбімен және корпусын құрастыру;

қақпақтың немесе түбінің қабырғаларын бүктеу және желімдеу;

қағаз корпустан жасалған құрастырмалы қораптарды және металл бөлшектерді түрлі жүйедегі автоматтарда және жартылай автоматтарда орау;

орама қағаздан жағатын-орайтын және кесетін агрегатта гильза жасау;

көркем қорап жасау жөніндегі автоматты желіге қызмет көрсету: қораптарды этикеткалау, құрастыру және кептіру;

қағаз жайманың созылуын, дайындамалар мен бұйымдарды жіберу жылдамдығын, кептіру камерасының температурасын, кесу тазалығын реттеу;

баспа формасының суретін салу;

бояу, желім, поливинил-ацетатты эмульсия құрастыру және жасау;

біліктер мен пышақтарды орнату;

автоматтар мен жартылай автоматты баптау және реттеу.

16. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, баптау және реттеу тәсілі;

қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті және түр-түрі, бояу, желім, эмульсия жасау және құрастыру тәсілдері, жасалатын бұйымның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Картонажды өндіріс автоматшысы, 4-разряд


17. Жұмыс сипаттамасы:

бір немесе екі плинтусты қораптар жасау;

плинтусты түбіне немесе қақпағына жапсыру;

түрлі күрделіктегі жайылмалы плинтус қораптардың түбін немесе қақпағын автоматтарда құрастыру;

автоматы агрегатта қағаз гильзаларды кешенді жасау: жағу, кесу, этикеткалау және кептіру;

кептіру камерасының температуралық режимін, кесу тазалығын, өзі орағышқа ауа жіберу, желім немесе эмульсия дайындамалары мен бөлшектеріне жағу қабатының қалыңдығын, дайындамаларды жіберу жылдамдығын реттеу;

тайындамаларды жіберетін дүкендерді, тізбектерді олардың мөлшеріне қарай есептеу және орнату;

поливинилацетатты эмульсияны рецептура бойынша жасау;

дайындалатын бұйымдардың сапасын қадағалау;

автомат жұмыстарын баптау және реттеу.

18. Білуге тиіс:

автоматтардың құрылысы, баптау және реттеу тәсілдері;

біліктер мен пышақтардың мөлшері;

жасалатын бұйымдардың түр-түрі;

қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті, ақаулық себептері мен оларды жою шаралары;

жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

2. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы
Параграф 1. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы, 2-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:

түтікшелі және жайма фибраларды диффузорға салуға дайындау;

жайма фибраны пачкаларға қалау және оларды айылбастармен немесе қысқыштармен ілу;

түтікті фибраны кесік жерге орнату;

диффузорларға салу, хлорлы мырыш ерітінділерін айдау және сілтілеу процесінде фибраларды іріктеу;

диффузорларды босату.

20. Білуге тиіс:

түрлі маркадағы және қалыңдықтағы фибраларды салу нормасы мен шарттары;

фибра және ерітінділердің температуралық шарттары, жабысып қалуды болдырмау үшін фибраларды іріктеу режимі.

Параграф 2. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы, 4-разряд


21. Жұмыс сипаттамасы:

фибраны сілтілеу процесін жүргізу;

диффузорларды салуға дайындау;

диффузорларға хлорлы мырыш құрамына байланысты қышқылдарға құю;

фибрада көбіктің болмауы үшін диффузор батареяларда сілтілеу процесін, концентрацияны және ерітіндіні төмендету жылдамдығын бақылау;

жайма және түтіктерді желімдеудің алдын алу үшін және біркелкі сілтілеу үшін диффузорлардағы фибраның жай-күйін қадағалау;

хлорлы мырыш ерітінділерді айдау;

диффузорлардан концентрациялау ерітіндісін іріктеу және оны булауға жіберу;

диффузорларды толтыру және түсіруге қатысу.

22. Білуге тиіс:

қызмет көрсету жабдықтарының, коммуникация жай-күйінің құрылымы мен жұмыс принципі;

фибраны сілтілеу процесі, фибраға қойылатын талаптар;

диффузорлар дайындау ережесі.

3. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы


Параграф 1. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы, 3-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен күкірт қышқылын және нефелинді алюминий тотығын өндіру процесін жүргізу;

гидратты ұсақтау;

күкірт қышқылын және алюминий гидрат тотығын жеткізу және мөлшерлеу;

шикіқұрамды қазандыққа салу;

сынама алу;

алюминий тотығын лотоктарға жіберу, суытылған алюминий тотығын бөлу және оны тасымалдау.

24. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, алюминий тотығын жасаудың технологиялық процесі;

шикізат және химикаттардың шығу нормасы;

алюминий тотығының сапалық көрсеткіштері, күкірт қышқыл алюминий тотығын қатайту шарттары.

Параграф 2. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы, 4-разряд


25. Жұмыс сипаттамасы:

күкірт қышқылын және нефелинді алюминий тотығын өндіру процесін жүргізу. ерітінді және қышқыл концентрациясын айқындау;

процестің температуралық режимін қадағалау;

алюминий тотығын кристалдау реакциясының аяқталуын айқындау;

жабдықтың жұмысын жөндеуге қатысу;

шикізат, химикат және даяр өнім шығарылымын есептеуді жүргізу.

26. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, коммуникация тәсімін;

алюминий тотығын жасаудың технологиялық режимі;

шикізат және химикаттардың шығу нормасы;

күкірт қышқылының, алюминий тотығы гидраты мен даяр өнімнің негізгі қасиеттері мен сапасына қойылатын талаптар.

4. Скипидар құрылғысы аппаратшысы


Параграф 1. Скипидар құрылғысы аппаратшысы, 2-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен скипидарды ректификациялау процесін жүргізу;

флорентиналарға бак тұндырғышқа және бөлгішке қызмет көрсету;

ректификациялау жолымен немесе басқа да тәсілмен скипидарды тазалау;

шикі скипидарды ыдысқа құю;

өңделген скипидарды есептеу;

скипидардың сапасын, түсін, ара салмағын бақылау;

пісіру бөлімінен шикі скипидарды қабылдау, шикі скипидарды түсіру, цистерналардағы скипидарды шаю, сүзгілеу және қайта сығу.

28. Білуге тиіс:

скипидар құрылғыларды қолдану принципі, шикі скипидарға қойылатын талаптар мен скипидарды тазарту процесі.

Параграф 2. Скипидар құрылғысы аппаратшысы, 3-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:

үздіксіз істейтін ректификациялау құрылғысында скипидарды ректификациялау процесін жүргізу;

иіссіздендірілген скипидардың түсуін бақылау;

құрылғыға скипидарды жіберу;

өңделетін өнімнің: пинен, карен немесе иіссіздендірілген скипидардың сапасын бақылау;

химиялық талдау жүргізу.

30. Білуге тиіс:

құрылғының, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

ректификациялау процесі;

тазаланған скипидарға, пиненге, Каренге қойылатын талаптар;

химиялық талдау жүргізу әдістері.

5. Таллоль құрылғысы аппаратшысы


Параграф 1. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 2-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:

сульфатты сабынды жинақтау жәшігіне жинау;

сабынды қазандыққа айдау;

күкірт қышқылын араластыру және оны сабынды ажыратуға жіберу;

қара сілтіні ажыратуға, таллольді пісіруге және пісірілген таллольді декантациялауға қатысу;

сульфатты сабынды қоюлату және ыдысқа салу;

бисульфат және инкрусты түсіру, таллольді кептіруге арналған бакқа қайта жіберу;

төмендеу білікті аппаратшының басшылығымен жұмыстарды орындау.

32. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, таллоль майын өндіру технологиялық режимі, сабынның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 20 т-ға дейін өндіретін құрылғыларда таллоль майын алу процесін жүргізу;

таллольды пісіру, пісірілген таллольді декантациялау;

пісіру режимін реттеу, қазандықтағы қышқылдың күштілігін, қысымды және температураны қадағалау.

34. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен қолдану принципі, таллоль пісіру режимі;

одан әрі өңдеуге жіберілетін таллоль майының сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 4-разряд


35. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 40 т-ға дейін өндіретін құрылғыларда таллоль майын екі сатылы пісіру және декантациялау процесін жүргізу;

пісірудің технологиялық режимін реттеу. Жинақтау багына сульфатты сабынды жинау;

булау станциясына сұйықтықты айдай отырып қара сілтіні ажырату;

таллоль майын шаю және кептіру, сақтау бактарына айдау;

ағымдағы зертханалық талдауларды орындау;

жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын қадағалау;

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен таллоль майын алудың үздіксіз процесін жүргізу.

36. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы, таллоль шикі майын алудың технологиялық процесі;

сабынның және таллоль майының сапасына қойылатын талаптар;

химикаттар мен шикізаттардың шығу нормалары;

зертханалық талдау жүргізу әдістері.

Параграф 4. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 5-разряд


37. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 40 т-дан жоғары өндіретін құрылғыларда таллоль майын үздіксіз алу процесін жүргізу. сульфат сабынын тұндыру, оған кейіннен сүзгілей отырып ыстық су араластыру, сабынға күкірт қышқылын салу;

сульфат сабынын, күкірт қышқылын, су, сода ерітіндісін, натрий бисульфатты мөлшерлеуді реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының және талдау нәтижелері бойынша температуралық режимді, қысымды және басқа да көрсеткіштерді бақылау. жартылай фабрикаттардың шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын қадағалау.

38. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және кинематикалық тәсімдері, сабынның және таллоль майының сапасына қойылатын талаптар;

химикаттар мен шикізаттардың шығу нормалары;

зертханалық талдау жүргізу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын теңшеу және реттеу ережесі.

6. Арматуралаушы


Параграф 1. Арматуралаушы, 3-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:

катушка цилиндрлерінің жоғарғы және төменгі саңылауларын металл арматурамен ажыратып, керновкалап және біліктей отырып арматуралау жөніндегі арматуралау немесе сығымдау машиналарында қағаз патрондарды, конустар мен цилиндрлерді арматуралау;

патрондарды, цилиндрлер мен сақиналарды машинаға жақындату;

металл сақиналарды салу және қағаз патрондарды немесе цилиндрлерді машиналардың қоректендіру бункерлеріне немесе лотоктарға қалау;

сақиналарды, патрондарды және цилиндрлерді механикалық түрде реттеу;

арматуралау үшін сақиналарды сұрыптау;

қызмет көрсететін машиналар мен жекелеген тораптардың жұмысын қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

техникалық бекітілген шарттарға немесе мемлекеттік стандарттарға сәйкес шығарылатын бұйымдардың сапасын бақылау.

40. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

шығарылатын бұйымның техникалық шарттары немесе мемлекеттік стандарттары;

ақаулық түрлері, себептері және олардың алдын алу тәсілдері.

7. Фибра түтіктерді біліктеуші


Параграф 1. Фибра түтіктерді біліктеуші, 3-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:

фибра түтіктерді біліктеу процесін жүргізу;

түтіктердің берілген партиясы үшін калибрлерді таңдай отырып илемдеу біліктері арқылы оларды бірнеше рет өткізіп түтіктерді өңдеу және калибрлеу;

түтіктердің мөлшеріне және сапасына қарай булау режимін таңдай отырып оларды булау жолымен түтіктерді пластификациялау;

түтіктерді калибрленген болат өзекшелерге кигізу;

біліктеу кезінде түтіктердің шығуына қарай илемдеу білігін реттеу және түтіктерден өзекшелерді алу;

біліктеу процесінде түтіктердің мөлшерін, формасын және сапасын бақылау.

42. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципі, түтіктердің мөлшері және сапалық көрсеткіштері;

фибраны бумен пластификациялаудың технологиялық процесі, өзекшелердегі түтіктерді біліктеу режимдері;

даяр түтіктердің техникалық шарттары.

8. Талшық шикізатын қайнатушы


Параграф 1. Талшық шикізатын қайнатушы, 2-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:

орама жабын және оқшаулау материалдарды өңдеуге арналған берілген режимге сәйкес талшықты шикізатты пісіру процесін жүргізу;

шар тәрізді пісіру қазандығына шикізатты салу;

химикаттарды мөлшерлеу, бөлу және қазандыққа құю;

бу қысымын реттеу;

қазандықты босату;

қазандықты келесі пісіруге дайындау.

44. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы;

пісірудің технологиялық режимі;

шикізат және даяр массаның сапалық көрсеткіштері.

9. Балауыз, желім массасын және сіңдіру қоспасын қайнатушы


Параграф 1. Балауыз, желім массасын және сіңдіру қоспасын

қайнатушы, 1-разряд


45. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен балауыз және желім массасын пісіру процесін жүргізу;

балауыз және желім массасының қажетті температурасын қолдау.

46. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер;

балауыз, желім және сіңдіру қоспасын пісіру тәсілі.

Параграф 2. Балауыз, желім массасын және сіңдіру қоспасын

қайнатушы, 3-разряд


47. Жұмыс сипаттамасы:

блгіленген рецептураға сәйкес балауыз және желім массасын пісіру процесін жүргізу;

химикат алу, оларды рецептура бойынша өлшеу, пісіру қазандығында араластыру және салу;

пісіру сапасын бақылау және температуралық режимді реттеу;

қазандықтарды келесі пісіруге дайындау. Ерітіндіні сіңдіру агрегатына айдау;

қоспа деңгейін реттеу. жабдықтың, желдеткіш құрылғысының және коммуникацияларының жұмысын қадағалау;

агрегатты тазалау және майлау.

48. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; құбыржолдар мен бақылау-өлшеу аппаратурасы жүйесі;

негіз қағаздың, химикаттардың қасиеті;

балауыз желім массасын және сіңдіру қоспасын пісіру рецептурасы;

сіңдіру ерітіндісін жасау технологиясы, балауыз және желім массасының сапалық көрсеткіштері.

10. Шүберек қайнатушы
Параграф 1. Шүберек қайнатушы, 2-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:

шүберекті, зығыр өңдеу қалдықтары процесін жүргізу;

қазандықтарды пісіруге дайындау;

шүберек және зығыр қалдықтарын салу;

массаның дайындық деңгейін бақылау және оны қазандықтан алу;

жабдықтардың, коммуникациялар мен автоматты және бақылау-өлшеу аппаратураның жай-күйін қадағалау;

жұмыстағы ақаулықтарды жою.

50. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

шүберектің технологиялық процесі мен пісіру режимі, массаның сапасына қойылатын талаптар.

11. Химиялық ағаш масса қайнатушы
Параграф 1. Химиялық ағаш масса қайнатушы, 2-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен химиялық ағаш массасын пісіру;

қазандықтарға баланс салу;

ол сіңгеннен кейін қазандықтан алу және қазандықтарды келесі пісіруге дайындау;

сіңдіру ерітіндісін жасау және ерітіндіні қазандыққа тасымалдау.

52. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі, баланс салу және түсіру ережесі;

сіңдіру ерітіндісін жасау тәсілдері.

Параграф 2. Химиялық ағаш масса қайнатушы, 4-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:

балансты сіңдіру пісіру процесін жүргізу;

балансты вагоншаны сіңдіру қазандығына салу, сіңдіру ерітіндісін айдау;

сіңдіру сапасын айқындау;

қазандықтан балансты шығару;

қазандықты келесі пісіруге дайындау және байқау. өңделген ерітіндіні түсіру;

химиялық ағаш массаның шығуын қамтамасыз ету;

қазандықтарды келесі пісіруге дайындауға қарау.

54. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялардың құрылымы, сіңдіру ерітіндісінің химиялық құрамы, сіңдірілген баланстың сапалық көрсеткіштері, ағашқа сіңдіру процесіне әсер ететін факторлар, және химиялық ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.

12. Мақта қайнатушы
Параграф 1. Мақта қайнатушы, 2-разряд
55. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен мақта қайнату;

қазандықтарды қайнатуға дайындау жұмысына қатысу;

мақта және ерітінділерді салу;

қазандықтарды босату. өнімнің сапасын бақылау, жабдықтардың жай-күйін қадағалау.

56. Білуге тиіс:

ерітінді жасау технологиялық процесі және химикаттарды қазандыққа салу нормасы;

жартылай масса сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Мақта қайнатушы, 2-разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:

сілтілерді ажыратуды есептеу;

қазандыққа сілті, қара сілті және су құю;

өлшегіштердің, құбыржолдардың, элеваторлардың, конденсаторлардың, транспортерлер мен шнекті тығыздағыштың жай-күйін қадағалау;

қазандық қақпақтарын жабу;

талшықты материалдарды дайындау құрылғыларында брикет жасау.

58. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен коммуникациялардың тәсімі;

қайнату, ағарту және шаю режимі, қайнату және ағартуда талшықтың химикаттарға әсері;

мөлшерлегіш құрылғылармен пайдалану ережесі;

қайнату ерітінділерінің концентрациясын айқындау тәртібі.

Параграф 3. Мақта қайнатушы, 3-разряд


59. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен мақта материалдарын қайнату және ағарту технологиялық процесін жүргізу және реттеу;

қазандықтарды немесе қайнату-ағарту аппараттарын қайнатуға дайындау;

жұмысшы ерітінділерді дайындау;

мақта материалдарын салу, ерітінділерді құю, берілген температуралық режимге шығу;

жартылай массаның даярлық деңгейін және оның сапасын бақылау;

материалдардың, химикаттардың, бу, су, электр энергияның берілген шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың және коммуникациялардың, автоматты және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

60. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

мақта материалдарының, химикаттардың негізгі қасиеті және олардың қайнату және ағарту процесіне әсері.

Параграф 4. Мақта қайнатушы, 5-разряд
61. Жұмыс сипаттамасы:

шар тәрізді қайнату қазандықтарында қысыммен мақта материалдарын қайнату немесе ақша немесе қағаздың арнайы түрлерін жасауға арналған қайнату ағарту аппараттарында қайнату, ағарту және шаю;

сапасы бойынша біркелкі талшық материалдар алу;

қайнату, ағарту, шаю технологиялық режимін, материалдардың, химикаттардың, бу, су және электр энергиясының шығу нормаларын сақтау;

түсетін шикізаттың, химикаттардың және даяр жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет