«Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» сынып сағатының есебі
Қараша айының 17-сында 6-сыныпта «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Осы сабағымның мақасатына жету үшін оқушыларға түсінік берілді . Сабағымызды екі жұпқа бөлініп, «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранмен бастадық. Оқушылардың ойымен бөлісу үшін оқушыларға сұрақ – жауап жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың ойын білімін дамыту мақсатында әртүрлі ойындар ойналды.. Оқушылар белсенді жауап беріп отырды. Оқушыларға жеке ой қалыптастыру бағытында өз ойларын толық нақтылау мақсатында оқушылар өз ойларын қара бұлттарды, көк бұлтпен ауыстыру, Шаңырақтың суреті құрастыру түрінде жеткізді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |