Бекітемін:________________
Уақыты:
15.09.2022
|
«Тарихи риторика» үйірмесі
|
Тобы:2
|
Сабақ тақырыбы
|
Риторика туралы жалпы мағлұмат.
|
Жалпы мақсат
|
Риторика туралы оқушыларға мәлімет беру. Риториканың пайда болу тарихы мен дамуына үлес қосқан дүниежүзілік тарихи тұлғалар туралы ақпарат беру. Риторика саласының басты фигуранттары-шешен тұлғасын ашып түсіндіру.
|
Сабақ типі
|
Жаңа сабақ
|
Көрнекіліктер
|
Риторика туралы кітаптар.
|
Жаңа тақырып
|
Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.
Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |