Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері Жалпы ережелер



Дата04.03.2016
өлшемі77.46 Kb.
#37057
ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы N 873 Жарлығымен

 енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескерілген редакцияда

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен    
бекітілген       
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

3. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.

Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің тәртібі
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.

4-1. Конкурс жыл сайын осы Ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

5. Үміткерлер материалдарды осы Ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

6. Конкурсқа қатысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

7. Ұйымдастырушылар:

1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;

2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;

3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.

8. Конкурсты өткізу мерзімдері:

1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;

2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;

3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;

4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.



9. Жергілікті атқарушы орган:

1) конкурсты өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;

3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады.

10. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада ұсынады, оларда:

1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.



11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер келтірген мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы Ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.

11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде облыс бойынша алдын ала қорытынды жасайды.

12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.

13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) "Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.

15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.



16. Конкурсты өткізу туралы, оған үміткерлердің әлеуметтік мәселелерді шешуде қол жеткізген жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету, сондай-ақ лауреаттар тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.

16-2. Ұйымдастырушылар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибелерін таратуды ұйымдастырады.

17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.



      Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен  
бекітілген     
Бизнестің әлеуметтік 
жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізу
ережелеріне     
ҚОСЫМША
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсына қатысушының
өтінімі
Тіркеу нөмірі ____________
1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________
Тіркеу орны бойынша мекенжайы _______________________________________
Орналасу орны бойынша мекенжайы _____________________________________
2. Ұйымның басшысы __________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы
және факс нөмірі) ___________________________________________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
   Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;

Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;
   Үздік ұжымдық шарт;
   Экологияға қосқан үлесі үшін.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала _______________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ______________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен
   айналысады) ______________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары __________________________
10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша _______ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс
Қолы
      Мөрі
      Күні

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет