Бизнеске сервистік қолдау көрсету
Кез-келген компанияға өз штатында білікті заңгерлерді, маркетологтарды, сапа стандарттарын енгізу жөніндегі мамандарды және т.б. ұстау мүмкіндігі бола бермейді. Алайда осындай мамандарды кеңес алу үшін немесе жекелеген бизнес- мәселелерді шешу үшін сырттан тартуға болады. Бұндай тәжірибе экономикасы дамыған елдерде кең қолданылады және ол біздің елде де біртіндеп кең етек жая бастады. Аутсорсингке (мамандарды сырттан тартуға) біраз шығын жұмсап, компаниядағы көптеген бизнес-үдерістерді жолға қоюға немесе жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер мемлекет есебінен көптеген сервистік қызметтерді тегін ала алады.
Мемлекет кәсіпорындар үшін қандай қызмет түрлерін төлеуге дайын?
Кәсіпкерге мемлекеттік қаржыландыру есебінен мынадай сервис түрлері бойынша қолдау көрсетілуі мүмкін:
-
бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есептілік құру;
-
статистикалық есептілік құру;
-
кедендік процедуралар бойынша қызмет көрсету;
-
сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша кеңес беру;
-
заң жағынан кеңес беру;
-
маркетинг мәселелері бойынша кеңес беру;
-
ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету.
Бұндай қызмет кімдерге арналған?
Сервистік қолдау қызметтерін экономиканың Бағдарламада белгіленген басым секторларында жүзеге асырушы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
Бизнес жүргізуге қажет сервистік қолдауға қалайша қол жеткізуге болады?
Сервистік қолдауға қолжеткізу тәртібі мынадай:
1. Алдымен Әкімдік кәсіпкерлерден оларға қандай сервистік қызмет керектігі жөнінде ақпарат жинайды, содан кейін көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастырады.
2. Әкімдік мамандандырылған сервистік қызмет көрсетуі үшін сервистік компанияны конкурстық негізде анықтайды және олармен келісім жасайды;
4. Сіз сервистік қызмет алу үшін мамандандырылған сервистік қызмет көрсетілуі жөніндегі тиісті өтініміңізбен Әкімдікке және сервистік компанияға баруға тиіссіз.
5. Сервистік компания Сізбен қызмет көрсету шартын жасасқаннан кейін, Сізге тиісті қызметтерді көрсетеді, ал Әкімдік көрсетілген қызмет ақысын төлейді.
Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту
Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Қызметтерін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту бағдарламасына қатыса алады.
Оқу қай оқу мекемесі базасында өткізіледі?
Оқу шетелдік оқытушылар мен оқу орталықтарын тарта отырып, «Назарбаев Университеті» бизнес-мектебі базасында өткізіледі.
Оқу бағдарламасына қалай қатысуға болады?
-
Оқу үшін өтінімді Әкімдікке немесе Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (ЭДСМ) беру қажет, олар іріктеу жұмысын жүргізіп, қатысушылар тізімін қалыптастырады және оны Жұмыс тобының қарауына жібереді.
-
Жұмыс тобы өтінімдерді түпкілікті қарап шығып, мақұлдайды.
-
ЭДСМ Жұмыс тобының қабылдаған шешімін әкімдіктерге хабарлайды. Әкімдіктер өз кезегінде Өтінімберушілерді Оқу бағдарламасына қатысушылар құрамына енгені жайлы хабардар етеді.
Оқытудың мақсаты не?
Оқу үдерісі бизнес жүргізу барысында туындайтын мәселелерді өз бетімен шешу дағдысын қалыптастыру мақсатында бизнес құрудың ең жаңа үлгісін, нақты бизнес-жағдайларды үлгілеуді оқып үйренумен қорытындыланады. Оқу бағдарламасы қазақстандық тәжірибеге бейімделген бизнес-кейстерден тұрады, олар оқу бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен толтырылған сауалнама талдауы негізінде әзірленеді.
Бағдарламаға қатысу ақылы ма?
Оқу бағдарламасына қатысушылар оқу орнына барып-келу жолы мен тұрған орнына ғана төлейді. Оқу тегін өткізіледі.
Оқу кезінде көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесіне не кіреді?
«Назарбаев Университеті» АҚ оқу кезінде мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
-
Шетел оқытушыларымен ынтымақтаса отырып, бизнес-курстар өткізу;
-
Тереңдетілген он-лайн семинарларын өткізу;
-
Ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету, атап айтқанда, бизнес-жоспар жазу кезінде, және де қатысушылардың оқытушылармен бірлесіп әзірлеген бизнес- жоспарларына көмектесу және оны үйлестіру;
-
Оқығаны туралы сертификат беру;
-
Оқуды ұйымдастыру, өткізу және оның тиімділігі жайлы талдамалы есеп беру.
Шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату
(«Іскерлік байланыстар» жобасы)
«Іскерлік байланыстар» жобасы өндірістерді халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскери байланыс орнату есебінен жаңарту бойынша қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқу ел ішінде өткізіледі. Қатысушылар бизнес-тренингтер барысында шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің басшылығымен олардың кәсіпорындарының даму жоспарын әзірлеуге қажетті дағдыларға үйреніп, білім алады. Ең үздік бизнес-жоспар авторлары Жобаның екінші кезеңіне қатыса алады. Екінші кезеңде Жобаға қатысушылардың шетелде тақырыптық бизнес-машықтанудан өтуі, сонымен қатар шетелдік серіктестермен іскери байланыс орнатуы үшін де қажетті машықтанулар қарастырылады.
Жобаға кімдер қатыса алады?
Қызметтерін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары Жобаға қатыса алады.
Жобаның бірінші кезеңіне қалай қатысуға болады?
-
Қатысушы әкімдікке немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігіне өтінім береді. Өтінім нысаны Бағдарламаның (www.dkb2020.kz), «Даму» Қорының (www.damu.kz), жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігінің сайттарына орналастырылады, сонымен қатар Әкімдіктер тарапынан ұсынылады.
-
Әкімдіктер немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігі өтінімдерді қарастырып, оларды іріктейды, содан кейін қатысушылар тізімін түзеді және оны ЭДСМ жолдайды.
-
ЭДСМ Халықаралық және шетелдік ұйымдармен және «Даму» Қорымен бірлесіп оқу бағдарламасын бір ай ішінде әзірлеп шығады да Жобаға қатысушылар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады. Жоба аясында Жобаға қатысушылар өз кәсіпорнының даму бизнес-жоспарын әзірлейді.
-
Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысуды жалғастырғысы келетіндер, бір ай ішінде өз бизнес-жоспарын тікелей кәсіпорындарда пысықтайды, сосын пысықталған бизнес-жоспарларды Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін «Даму» Қорына, сонымен қатар Халықаралық және шетелдік ұйымдарға ұсынады.
Жобаның екінші кезеңіне кімдер қатыса алады?
Жобаның екінші кезеңіне «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебі базасында оқудан өткен және Жобаның бірінші кезеңінде оқуын сәтті тәмамдаған кәсіпкерлер қатыса алады.
Кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу
Кадр дайындау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар білікті кадрлар жетіспеушілігі проблемасымен жиі ұшырасады. Еңбек нарығындағы жоғары ұсынысқа қарамастан, қажетті мамандарды табу өте қиын. 2011 жылдан бастап, мемлекеттік даму бағдарламалары аясында жергілікті жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша бүкіл ел көлемінде мамандарды қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу жұмысы жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытта өңірлер және мамандықтар тұрғысында осы жұмыстың егжей-тегжейлі жоспары әзірлену үстінде.
-
Техника саласының мамандарын қайта әзірлеуге және шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыру жұмысына басты назар аударылуда. Бағдарлама үйлестірушісі жергілікті деңгейде кадрлардың біліктіліктерін арттырудың іске асырылу тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізуде.
Жастар практикасы
Түлек қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асып жүрген кәсіпорынға жастар практикасына жіберілуі мүмкін.
Жастар практикасын ұйымдастыру механизмі:
-
Түлек Жұмыспен қамту органында белгіленген тәртіпте жұмыссыз ретінде тіркеледі;.
-
Жұмыспен қамту органы түлектерді талап етілетін біліктілігімен кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес ұсынылып отырған жұмыс орындарына жібереді.
-
Жұмыспен қамту органы мен жастар практикасына жолданған түлек жастар практикасынан өту туралы екіжақты шарт жасасады.
-
Жастар практикасына қатысушыларға еңбек заңнамасы, зейнетақылық қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалармен қамтылады.
-
Бағдарлама Үйлестірушісі «Жастар практикасының» жергілікті деңгейде іске асырылу тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізеді.
Құрметті кәсіпкерлер!
Біз Сіздердің бизнестеріңізге табыс тілейміз. Біздің елімізде табысты, гүлдене түскен мықты кәсіпорындар көп болған сайын, қазақстандықтардың өмір тұрмысы да жақсара түседі Бұл біздің ортақ стратегиялық міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |