Бұл үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі кәсіби оқыту, жетілдіру және тәжірибе жүргізудің бір түрі, оның маңызды белгісі кәсіби ойлау мен кәсіби шеберлікті игерудің ажырамас байланысы болып табылады



Дата22.09.2023
өлшемі300.83 Kb.
#478291
Пед.студия информатика 2022









Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің физика- математика факультеті Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы ұйымдастыруымен «Педагогтың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» атты педагогикалық студия аясында Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждерінің информатика мұғалімдеріне арналған конкурс өткізеді.
Педагогикалық студия – бұл үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі кәсіби оқыту, жетілдіру және тәжірибе жүргізудің бір түрі, оның маңызды белгісі кәсіби ойлау мен кәсіби шеберлікті игерудің ажырамас байланысы болып табылады.
Мақсаттар:

  • информатика мұғалімдерінің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау;

  • информатиканы оқытудың жаңа идеяларын, бастапқы формаларын және әдістерін іздеу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

  • озық педагогикалық тәжірибені тарату.



Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі:
Педагогикалық студияның форматы екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең (іріктеу) Информатика пәнінен панорамалық сабақтың презентациясы материалдарын 2022 жылдың 3-мамырына дейін келесі электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс: science_slam@mail.ru
Екінші кезең (қорытынды, сырттай) – «Информатикадан ең үздік видеосабақ» конкурс

Педагогикалық студия жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына 2022 жылғы 3-мамырына кешіктірмей презентацияны жіберуді сұраймыз (6 слайд).


Файл атауы қатысушының фамилиясына сәйкес келуі керек. Бірінші слайдта келесі ақпарат болуы керек: қатысушының ТАЖ, мекеме атауы, байланыс телефоны, электронды поштасы, сабақ тақырыбы.
Бейнесабақтар конкурсына (конкурстың екінші кезеңі) іріктеу турынан өткен педагогтер қатысады. Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 2022 жылғы 13-мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына конкурсқа қатысушылар өздерінің бейнесабақтарын жіберуі қажет.
Негізгі талаптар:
- ең аз мөлшері (720х480) арақатынасы (16:9);
- mp4 форматта;
- бейнематериалдың хронометражы 20 минутқа дейін

Барлық конкурстық материалдар конкурстың қазылар алқасы жүзеге асыратын сараптамадан өтеді. Байқау қорытындысы 2022 жылдың 16-мамырында шығарылады. Байқау нәтижелері Қ. Жұбанов атында АӨУ сайтында ұсынылады.


Педагогикалық студия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар беріледі, олар қажет болған жағдайда мәліметтерде көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.


Ұйымдастыру комитеті педагогикалық студия тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген немесе ережелерге сай емес рәсімделген материалдарды қабылдамауға құқылы.


Сайысты ұйымдастыруға жауапты:
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ физика-математика факультеті, «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Жауаптылар:
Ерекешева М.М. тел: 8 701 754 67 79
Байганова А.М. тел: 8 701 617 91 22
Наурызова Н.К. тел: 8 705 820 01 04
e-mail: science_slam@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет