Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша Қр тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған іс-шаралардың өтілуі туралы



Дата17.07.2016
өлшемі33.75 Kb.
#206321
Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған іс-шаралардың өтілуі туралы

мәлімет
Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар іс-шаралар өз кезегінде өтті.

30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында 1-11 кластарда «Менің Президентім» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.



2 желтоқсан күні 10 және 3ә кластарында Андашева Гулайым Дүзбайқызының және Джанкулова Азель Исатайқызының «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті. Бұл тәрбие сағаттары жақсы дайындықта, түрлі слайдтар мен көрнекіліктерді пайдалана отыра, кең мағыналы болып өтті. Оқушыларда аса жауапкершілікпен қатысып, жақсы-жақсы өлең жолдарын оқып, әндер орындады. 10 класс оқушысы Насан Райсаның Елбасына арнап шығарған өлеңі өте орынды болды. Сонымен қатар, 3ә класының сабағына оқушылардың ата-аналары қатысып жақсы әсерде болды.

23 қараша мен 5 желтоқсан аралығында 1-4 класс оқушылары арасында «Елбасына тарту етер сыйлығым» атты суреттер байқауы және 5-11 кластар арасында «Біздің Елбасы – Н.Ә. Назарбаев» тақырыбында қабырға газеттерінің байқауы өтті. Қорытындысы төмендегідей болды. Суреттер байқауында 1 орынды – Мұрат Нұрсерік (2кл), 2 орынды – Асқарқызы Әсел (1ә) және Разақбергенова Гүлайым (1а), 3 орынды – Харифолла Аружан (3а) және Ғазизолла Мөлдір (3ә) жеңсе, Серіктібай Алдияр (4а) мен Бекетова Мадина (4ә) алғыс хаттармен марапатталды.



Қабырға газеттері байқауында 1 орынды – 5 класс, 2 орынды – 6 және 10 класс, 3 орынды – 7 және 9а класс жеңіп, 9ә және 11 кластарына алғыс жарияланды.

Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Ғасырдың ғажап азаматы» атты кітаптар көрмесі оқушылар, ұстаздар және ата-аналар назарына ұсынылды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де мереке қарсаңында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырып, жарыстар өткізді.

2015 жылдың 30 қарашасында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай аудандық білім бөлімінің №32/1, 12.01.2015 жылы бекітілген жоспарына сай аудан мектептері арасында «Менің елім» атты патриоттық ән байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: Егеменді еліміздің қол жеткізген толымды табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын, заңғар заманын паш ету. Тарих тағылымдарын кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Бұл шара Бөгетсай ауылының мәдениет үйінде өткен болатын. Аудандық әдістемелік кабинеті байқау ережесін жасап, бекітсе, Бөгетсай мектеп-гимназиясы барлық ұйымдастырушылық жұмыстарын аса жауапкершілікпен атқарды. Байқауға 15 мектептен мұғалім мен оқушы қатысты. Атап айтатын болсақ, сайысқа №1 Хромтау ОМ, №3 Хромтау ОМ, №4 Хромтау ОМ, №5 Хромтау гимназиясы, Ақжар қазақ ОМ, Аққұдық ОМ, Бөгетсай МГ, Дөң ОМ, Көктау ОМ, Қарлау НМ, Қопа ОМ, Нұрлыкөш ОМ, Сарысай ОМ, Сәтпаев ОМ, Тассай ОМ дуэттері қатысты.

Алғы сөз Бөгетсай селолық округінің әкімі Жаназаров Сердалы Зәкірұлына беріліп, ауыл әкімі келген қонақтарды мерекемен құттықтап жақсы тілектерін айтты. Осы шараны ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің әдіскері Рыспаева Айнаш Алексеевна өз сөзінде Бөгетсай ауылының тұрғындарына қонақжайлылықтарына алғысын білдіріп, барша халықты мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.



Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Дегенімен, сайыс болғандықтан жеңіске жеткендер де, жеңілгендер де болды. Әділқазылар алқасының шешімімен, бас жүлдеге ие болған Ақжар қазақ орта мектебінің дуэті – Құттыбай Құрайлай мен Мамаева Айнұр.

Жүлделі 1 орынға ие болған – Бөгетсай мектеп-гимназиясының қатысушылары Исмагулов Сакен Қойлыбайұлы мен 11 класс оқушысы Мырхақметов Нұрсұлтан және №5 Хромтау гимназиясынан – Қалматаева Гүлнұр мен Сатқынбаева Мейіргүл, 2 орынға ие болған – Көктау ОМ қатысушылары Шуинишбаева Алия мен Сердалин Құралай және Тассай ОМ Бахитова Нұргүл мен Оголь Алина, 3 орынға ие болған Қопа ОМ қатысушылары Төлепқалиева Ұлжан мен Серікова Аида және Сәтпай ОМ Тыныштықов Бахыт пен Санбаев Санжар. №3 Хромтау ОМ дуэті – Бірімжанов Нұрболат пен Аманжолов Ержан көрермендер көзаймы номинациясына ие болды. Барлық қатысушылар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымиен марапатталды.


Орындаған: ДТЖЖО Ергазина А.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет