Бөж тақырыбы: Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы және жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер



Дата19.07.2023
өлшемі1.09 Mb.
#475731
1-апта Қ.тарих Бөж Рахат

БӨЖ Тақырыбы: Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы және жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер

  • Орындаған: Сейдуәлі Рахат
  • Қабылдаған: Каттабекова Назгуль
  • Тобы: МДШ-218

Петроглифтер

  • Петроглиф (лат. Петро — тас және грек. Глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірітемір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды.

Петроглифтердің 3 түрі бар :

  • Қашап сурет салу
  • Кесіп ,жанамалап сурет салу .
  • Жапсформалар арқылы

БАЯНЖҮРЕК ПЕТРОГЛИФТЕР

  • 1-сурет .Найза ұстаған салт атты адам
  • 2-сурет.Жұбымен бейнеленген тауешкі.
  • 3 –сурет .Тастағы суреттер шоғыры .
  • 4-сурет .Тасқа қашалып салынған тауешкі бейнесі.

Таңбалы петроглифтері

  • Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.
  • Таңбалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.

.

  • Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата – баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен мұражай болды. Мұндағы суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз.
  • Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің бірнешеуіне тоқталсақ: «Күн басты адамдарды, қол ұстаса айнала жүріп би билегендерді бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды – Наурызды қарсы алу ғұрпына орай туған

Ешкіөлмес петроглифтері

  • Ешкіөлмес петроглифтері – Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан терри­ториясында орна­ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған. Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру­лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді.

Тастағы суреттер

  • Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі:ерте қола-б.з. дейнгі ХVІІІ- ХVІғ.ғ. орта қола - б.з. дейнгі ХVІ-ХІІ ғғ ; кейнгі қола - б.з. дейнгі ХІІ- VІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезендер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептетіледі

Ғылыми әлемде петроглифтердің мақсаты туралы нақты пікір жоқ. Міне, кейбір нұсқалар:

– петроглифтер кейбір сиқырлы рәсімнің бөлігі болды, ол қарапайым адамдардың пікірінше, аң аулауға сәттілік әкелуі керек еді; – петроглифтер зұлым күштерге қарсы амулет болды және бақсыларға транс күйіне кіруге, ата-бабаларының рухтарымен сөйлесуге және олардан қорғаныс сұрауға көмектесті; Петроглифтер болашақ ұрпаққа “хат” ретінде белгілі бір жануарлардан, тайпалардан туындауы мүмкін қауіп туралы ескертіп, ата-бабалардың өмірі туралы айту керек еді; – петроглифтер ежелгі адамдардың шығармашылығының алғашқы көріністері болды, яғни петроглифтер тек суреттер мен қиялдар болды. Осыған байланысты, осы нұсқаны жақтаушылар қарапайым адамның өмірін петроглифтерде зерттеу дұрыс емес деп санайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • https://rhkvhc.za.com/kk-kz-9566468


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет