Божығұр ауылдық округінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму тезистері
Божығұр ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарла- масының 2015 жылдың орындалуына тоқталсақ , Божығұр ауылдық округіне қарасты үш елді мекен кіреді, онда барлығы 864 адам тұрып жатыр. Салқынтөбе ауылы- 396 адам, аула саны-97, Қаражал ауылы- 316 адам, аула саны- 83 аула, Үкілі ауылы- 152 адам, аула саны-30. Барлығы- 210 аула. Ірі қара мал саны- 2870 бас, қой мен ешкі- 3117 бас, жылқы -640, құс-1557. Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара малдың өсуі- 104 пайыз құрады, қоймен ешкі – 92 пайызды,жылқы 96 пайызды құрады. Округтін негізгі бағыты мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысу. Барлық жер көлемі 77 мың гектар, оның ішінде бекітілген ауыл шаруашылық жерлер 26293 га, егістік жерлер -9043 га, шабындық жерлер- 3645га, жайылымдық- 14648га, басқа жерлер- 256 га. 2015 жыл дүниеге 16 нәресте келіп, ал қайтыс болғандар саны 4 адам. Округте 2 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп, 3Фельдшерлік амбулаторлық пункті, 1 мал дәрігерлік ветеринарлық пункті, почта қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, 23 шаруа қожалығы, 3-дүкен, 13- кәсіпкер, 1 мал сою аланы, 2 су құбырының мунарасы, және учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Осы мекемелерде жұмыс істейтін адамдар саны- 106. 2015-2016 жылдың оқу жылына оқып жатқан оқушылар барлығы 150 оқушы, оның ішінде 1-ші сыныпқа барған 14 бала. Даярлық тобы -18, ыстық тамақпен қамтылған балалар саны- 30. Округ бойынша көп балалы аналар саны 30 адам, оның ішінде алтын алқамен марапатталған 12 ана, күміс алқамен марапатталған аналар саны 12адам. Округ аумағында мүгедек жандар саны -33 адам. Онын ішінде 1 топ мүгедегі 1 адам, 2 топ 15 адам, 3 топтағы- 13, бала жасынан мүгедек -4 адам. Округте экономикалық белсенді халық саны 491, оның жұмыспен қамтылғандары 201 адам, жеке қосалқы шаруашылықпен шұғылданатын 290 адам, жыл бойына ақылы қоғамдық жұмысқа тіркелгендер 6 адам. Зейнеткерлер саны 95 адам.
Округ бойынша жергілікті салықтың түсімі толық орындалды. Жер салығы 100,2%, мүлік салығы 129% орындалып, көлік салығы 102,3 пайызға орындалды.
Кәсіпкерлік карта бағдарламасы бойынша округтін әлеуметтік экономикалық даму барысы туралы бір қатар жұмыстар атқарылды. Аудан бюджетінен 800 мын.тенгеге Салқынтөбе ауылынын Ауэзов кошесі және Революционная көшелері жарықтандырылды жалпы қойылған бақандар 14 . Үкілі ауылының Варепа орталық көшесі жарықтандырылды 1млн. 200 мын.тенгеге.Қойылғаны 15 бақан. Келешекте қосымша жарықтандыру, тарту жұмыстары осы аталған көшелерге жүргізіледі, сметалық құжаттары дайын . Салқынтөбе ауылына қосымша су жүйесі тартылды және Қаражал ауылына, барлығы 8 млн.тенгені құрады. Қаражал ауылынын Абай көшесінің жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары өтті 1млн. 286 мын.тенгеге. Келешекте Абай көшесін жарықтандырамыз деген жоспарда тұр, оған сметалық құжаттар дайын.
«Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда; Өсім, реформалар, даму» Елбасының жолдауын халыққа жеткізіп, мұқият тыңдадық. Жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басатынымызға назар аудартты. Елбасының жолдауының алғашқы сатысын халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі, ауылды азаматтарға ынғайлы болған жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы осы бағдарламаны ары қарай дамытып, оны игеру бағытында және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету әлі де жұмыстар жүргізілу керек екенін алдыға қойдық. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында округімізден 2015 жылда 6 адам несиеге иегер болды, барлығы 16млн.400 мың.тенгені құрады. Соның ішінде бүгінгі танда сүт қабылдау пунктінің жұмыстарымен екі адам айналысып 6,0 млн.тенгені игеріп, жұмыстарын жүргізіп Салқынтөбе ауылының ішінде сүт қабылдау орының ашып, бүгінгі күнге құжаттарымен айналысуда, ал 10 млн. 400мын. тенгеге сүт бағытындағы ірі қара мал сатып алынды. Жұмыспен қамту 2020-бағдарламасы бойынша 2011жылдан бастап -2015 жыл толық аралағында несие арқылы 123 бас ірі қара алынып, 14 бас жылқы, «Жайлау» бағдарламасымен 200 бас қой сатылып алынды. Барлығы- 32млн.тенге инвестицияны құрады. Ауылдағы кәсіпкерлікке көмек көрсету бұл бағытта біздің округімізде бірталай жұмыстар жүргізіліп әлі де осы жұмыстар жалғасады. Елімізде толық еңбек етуге болатын жағдай мүмкімшілік бар. Міне осыны ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға түсіндіре отырып, тек еңбек қоғамды алдыға жылжытатының айта кету керек. Ол үшін ен бірінші кезекте өзіне лайықты мамандық алып, соны жетілдіре білудің маңыздылығың жеткізе біліуіміз керек деп Елбасымыз жолдауында айтқан.
Сонымен қатар биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығының өнімі барлық түрлерінен өсіп отыр. Ет өнімі 5471 центнерге , сүт 24256 цент, 105 мың дана жұмыртқа алынды. Ауыл шаруашылық саласында егін және мал шаруашылығында өзіндік стандарттар талабына сай сапалы көрсеткіштерді арттыру,өнімдерді өндеу, ұқсата білу,шаруашылықтарға жеңілдетілген несиемен қолдау көрсету,жерді айналысқа қосу және оны тиімді пайдалана білу, қазіргі заман талабына сай болып белгіленген. Жылдан жылға мал бастарын өсіріп,астық өсімдерін, әл ауқатын нығайтуға күштерін жұмсауда. Аудан көлемінде округтер арасында біздің округіміздің шаруа қожалықтарының бірі егістік алқабымен айналысатын ол ШҚ «Прогресс», «Алғабас», «Қаражал» «Марат», «Асқар», « Диляра», ТОО «Шалабай» және «Ақмарал» Шаруа Қожалықтары.
Округтің егістік шаруашылығының көлемі 9043,0 гектар жер. Оның ішінде егілген бидай -715 га, арпа -960 га, , күнбағыс -590 га, 8 га картоп.. 2га көкөніс егілді. Одан жиналған өнім: бидай -310т, арпа -1527 т, күнбағыс 262 тонна. картоп 140 тонна. Көкөніс 36тонна бұл біз үшін үлкен көрсеткіш.
«КазАгрофинанс»Акционерлік Қоғамы қоры арқылы жұмыстар жүргізілуде. Соңғы алынған техникамыз 2014 жылы 8 млн. 300 мың тенгеге инвестиция кіріп трактор және сельхозтехниканың қажетті құралдары сатып алынды. 2015 жылы техника алынған жоқ. Ары қарай жұмысын тоқтатпай жалғастырып, лизинг арқылы техникаларымызды жаңарту жұмысын жүргіземіз. Ниет білдірген шаруа қожалықтары бар.
Өткен жылдың қаңтар, ақпан айларында ауыл көшелерін қардан тазалауға ат салысып, демеушілік көрсеткен өзіміздің шаруа қожалықтары. Көктемдегі су тасқынының алдың алу мақсатында бір қатар жұмыстар жүргізілді. Айта кетсе Қаражал, Салқынтөбе, Үкілі ауылдарының су құбырларын, көпірлерді, су ағарларды қардан тазалауға өз күштерін аямай шаруа қожалықтары әкімшіліктің ұйымдастыруымен және халық толық жұмыстарын атқарды. 2015 жылы осы жұмыстарға байланысты Салқынтөбе ауылына 2 су өткізер құбырлары орнатылды аудандық ЖКХ арқылы бір миллион тенгеге.
Әлеуметтік ынтымақтастық бойынша шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, әр түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша ыстық тамақпен, аз қамтылған отбасы балаларына, санитарлық тазалық, білім, мәдениет,спорт салаларына 2 млн.519 мың тенгеге жуық меморандум шарттары жасалып, ары қарай жұмыстары жалғасуда. Ауданымызда 20-23 тамыз аралығында спартакиада спорт түрлеріне жарыстар өтті. Осы жарысқа 3 күн ауыл жастарын, мектеп оқушыларын, футбол, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ және ат жарысы ойындарына апарып, жарма аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарының басшыларына көп алғысымызды білдіреміз. Республика өңірінде «Мектепке жол» акциясы да өтіп жатыр. Сонымен қатар,мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 сыныпқа барған 14 оқушыға кеңсе тауарларын табыс етілді. Бұл іс-шараға да шаруа қожалықтарымыз, атап айтсақ Зибиров Станислав, Самкенов Кенес, Мұхаметкалиев Нұрлан, Манабаев Муслимхан, Жуанышев Талғат, Шибутов Бауыржан, Еңбек-Өскемен мекемесі және ТОО «Шалабай» көмектесіп, аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек алып берді.
Божығұр округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарына арналған жарқын іс бағдарламалары бекітіліп осының аясында іс шаралар жоспарланып іске асырылуда.
Сонымен қатар «Болашақ-жастар қолында», «Қамқорлық» айлығы, «Бала-өмірдің гүлі», тұрмысы төмен отбасы балаларын, жетім балаларды қолдау жөнінде акция жоспарланған». Іс-шараға байланысты округіміздің шаруа қожалықтары үлкен зор үлестерін қосты.Тұрмысы төмен отбасы балаларына және мүгедек балаларға әлеуметтік демеушілік көмек көрсетілді. Қайырымдылық акция шеңберінде, демеушілерді тарту арқылы, азық-түлік және басқа да сыйлықтар табыс етілді. Ауылымыздың тазалығына, гүлденуіне бірлігімізді, тірлігімізді көрсетіп, ауыл тұрғындары да ат салысып аула тазалығынан бастады және аулаларын гүлдендірді. Округке қарасты елді мекендерді көркейту,көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы өткізілген 3 айлық сенбілікке белсенді азаматтар қатысты. «Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы» аудан әкімінің Қаулысын орындау барысында округтің көшелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді.
Көгалдандыру бойынша көшет ағаш, гүлдер отырғызылды. Үш айлық сенбілікте 150 адам қатысты. Округ аумағында сенбіліктердің өтуін, ұйымдастырылуын қадағалап және тазалықты сақтау ережелерін орындамайтын ауыл тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілді. Тазалықты сақтамағандарға, қыстан шыққан қоқысты жаққандарға әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес шара қолданылды. Бұл ауыл тұрғындарымыздың арасында тазалыққа немқұрайлы қарап, күл-қоқысты үйлерінің аулаларына жинамай көшеге төгетін адамдар болды. Оларға ескерту берілді. Мәдениет саласында да бір талай жұмыстар атқарылып тұрақты түрде жолға қойылып келеді. 13 ақпан күні Ауған соғысының ардагерлеріне арналған аудандық патриоттық әндер байқауына Д.Жумажанов белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен мараппатталды. Округімізде әрбір мереке атаусыз қалмайды. 8 наурыз аналар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, демеушілікпен аналарға сыйлықтар табыс етілді. Наурыз мерекесі де ауылымыздың дайындаған концерттік бағдарламасымен тамашаланды.Спорттық іс-шаралар ойындары өткізілді және халыққа наурыз көжесі таратылды.
Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагерлері ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тыл ардагерлеріне сыйлықтар тапсырылды. Салқынтөбе ауылында Жеңіс күніне орай ауыл тұрғындары ұйымдастырған ата-бабамыздың рухына ас берілді. «Туған жерге тағзым»аясында ауылда туып өскен азаматтар бәйге жарысына, футбол ойынына құнды сыйлықтарға демеушілік көрсетті. 30-ші тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекесі өткізілді. 1-Маусым балаларды қорғау мерекесіне округтің балаларына сыйлықтар және балмұздақтар табыс етілді, округіміздің шаруа қожалықтарының демеушілігімен. 1-ші қыркүйек білім күні мерекесі де атап өтілді осы мерекеге арнап 1-ші сыныпқа барған балаларымызға сыйлықтар табыс етілді. 1-Қазан қарттар күніне арналған іс шара өткізілді, кең дастархан жайылып қарттарымызға құрмет көрсетілді және сыйлықтар тапсырылды. 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінін күніне арналған «Елін сүйген Елі сүйген Ел басы» атты Округімізде мерекелік концертіміз қойылды. 16-ші желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған концертіміз тамашаланып округімізде, Шар қалалық мәдениет үйінде өткізілген КВН жалынды жастар атты, салқынтөбе ауылының мектеп оқушылары қатысып 3-ші орынға ие болып облысқа жолдама алды.
Жаңа жыл мерекесі де округімізде ойдағыдай өткізіліп, жаңа жылдық балмаскарадында шаруақожалықтарының демеушілігімен сыйлықтар алынып, ойындар ұйымдастырылып, лоторея ұтыс билеттері ойнатылды. Жаңа жыл мерекесіне аз қамтылған отбасы балаларына тыл енбек ардагерлеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді және бала кезінен 2-топ мүгедегі Штромбергер Петрге құндыз бас киімі және аяқ киімі сыйланды.
Әрбір Қазақстандықтар өмірлік ұстанымдарының өзегінде бірлік, келісім, сияқты дәстүрлі құндылықтармен қатар бәсекеге қабілетті болу, сапалы білім алу, салауатты өмір салтын ұстану, биік мәдениеттілік пен үнемшілдікке талпыныс болуға тиіс. Қазақстандықтардың алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің кепілі болады деп сенеміз.
Назарларынызға рахмет.
Божығұр ауылдық
округ әкімі М. Жансеитов
Достарыңызбен бөлісу: |