Болат өндірісі
Болат дегеніміз – құрамында 2%-ға дейін көміртегі, аз мөлшерде Sі, Мn, S, Р жəне Сr, Ni, V, Ті сияқты қоспалаушы бөлшектері бар күрделі қорытпа. Болат пен шойынның айырмашылығы тек олардың қоспалаушыларының (компоненттерінің) мөлшерінде ғана. Болаттың құрамына енетін қоспалаушы бөлшектердің мөлшері шойынның құрамына енетін сол құраушылар мөлшерінен əлдеқайда төмен болады. Болат өндірісінің негізгі шикізаты ақ шойын болып табылады. Ақ шойын жоғары температурада оттегімен əрекеттеседі де, оның құрамындағы қоспалардың бір бөлігі газ күйінде ұшып шығып, қалғаны шлакқа өтіп, болатқа айналады. Болат — еліміздің шаруашылық нысандарында жиі қолданылатын маңызды конструкциялық материалдардың бірі. Өйткені болаттың шойынға қарағанда, көптеген құнды қасиеттері бар: қаттылық, иілімділік, жоғары температурада аққыштық қасиеттері жоғары жəне ол соғу, жону, қысым арқылы өңдеуге жақсы көнеді. Елімізде өндірілетін шойынның 80-85%-ы ақ шойын түрінде қорытылып, болат өндірісіне жіберіледі. Қазіргі кезде: 1. Конвертерлік тəсілі (бессемер, томас үдерістері); 2. Мартен тəсілі (негізді жəне қышқылды үдеріс); 3. Электрлік тəсілі (доғалы жəне индукциялы пештерде жүретін үдеріс) қолданылады.
Болат өндірудің конвертерлік тəсілі
Болат өндірудің конвертерлік тəсілінің басқа тəсілдерге қарағанда, бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары: 1. Өнімділігінің жоғары болуы. Конвертерде көміртегінің тотығу жылдамдығы мартен пешіне қарағанда, 10—100 есе, өнімділігі 5—7 есе артық; 2. Конвертер үдерісі кезінде отынның керек болмауы. Үдерістің жүруіне қажетті жылу шойынның құрамындағы Sі, Мn, Р т.б. қоспа бөлшектердің тотықтану реакцияларының нəтижесінде бөлініп, конвертердің температурасы 1963° К (1690° С) дейін көтеріледі; 3. Конвертердің құрылысы қарапайым болғандықтан, оның өзіндік құнының арзан болуы; Кемшіліктері: 1. Конвертер болатының мартен, электр болаттарына қарағанда, сапасы төмен жəне құрамындағы газ мөлшері мартен болатымен салыстырғанда, едəуір жоғары болуы. Мысалы, бессемер болатының құрамындағы азоттың мөлшері 0,01-0,03%, томас болатындағы мөлшері 0,04-0,08% болса, мартен болатында небəрі 0,004-0,006% ғана болды; 2. Конвертер үдерісінің өңделетін шойынның химиялық құрамына жоғары талап қоятындығы; 3. Конвертер тəсілімен жеткілікті мөлшерде металл сынықтары мен руданы өңдеуге болмайтындығы; 4. Конвертер үдерісінің жүру жылдамдығы өте жоғары болғандықтан,үдеріс барысын реттеуге келмейтіндігі.
Бессемер үдерісі Ағылшын өнертапқышы Генри Бессемер 1856 жылы болат алудың жаңа тəсілін тапты. Бұл тəсіл бойынша балқытылған шойынды конвертерге құйып, оны астыңғы жағынан ауамен үрлеу арқылы болатқа айналдырды. Қазіргі бессемер конвертерлері өзгеріссіз, сол қалпында дерлік, металлургия өндірісінде қолданылады. Бессемер конвертерінің орташа сыйымдылығы 30-60.
Достарыңызбен бөлісу: |