Бөлім тақырыбы: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақ тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды?



Дата21.12.2023
өлшемі2.06 Mb.
#487292
түріСабақ
4-сабақ Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы

Бөлім тақырыбы: Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы


Қазақстан тарихы
7-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Оқу мақсаты:
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау;

Бағалау критерийлері:
  • Ресей империясының Ұлы жүз аймағы үшін Хиуа, Қоқан хандықтарына қарсы соғыс әрекеті қалай жүзеге асқандығын түсінеді.
  • Ресей империясының Қазақстанды отар етіп басып алуының салдарын анықтайды.



Ұлы жүздің Ресей құрамына қосылу кезеңдері:
Ұлы жүз руларының өз еркімен Ресей билігін мойындауы
Ресейдің Ұлы жүз аумағында бекіністер тұрғызуы
Ресейдің Ұлы жүздегі Қоқан, Хиуа бекіністерін жаулап алуы
Сырдария әскери шебінің құрылуы
Ресей әскерлері Сырдария өзенінің сағасын басып алып, онда 1847 жылы Райым қамалын, 1848 жылы Қазалы бекінісін салды. 1853 жылы Қоқанның ірі бекінісі Ақмешітті басып алғаннан кейін Сырдария бекініс шебі пайда болды.
Қоқандық бекіністерді Ресей империясының басып алуы
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысынан бастап орыс әскерлерінің соғыс қимылдары толығымен Орта Азия мемлекеттерінің (Қоқан, Хиуа, Бұхара) аумағында өтті
1860 жылы полковник Циммерман бастаған әскер Қоқан хандығының Тоқмақ, Пішпек бекіністерін басып алды.
1860 жылы 21 қазанда Ұзынағаш бекінісі түбінде шешуші шайқас болып, Қоқандық әскер саны көп болса да жеңілді
1864 жылы Ресей әскері Меркі әскери бекінісін қарсылықсыз алды. Одан кейін Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларына шабуыл жасады.
1865 жылы Черняев отряды Ташкентті басып алып, Қоқан хандығын бағындырды.
1865 жыл
Қоқан хандығы жойылды
1866 жыл
Бұхар хандығы жойылды
1873 жыл
Хиуа хандығы жойылды
1865 жылы Ресей әскери министрінің бұйрығымен Түркістан аймағы құрылды. Ол Орынбор-генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы жарлық шықты.
Ресей империясының Қазақстанды отар етіп басып алуының салдары
  • Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алу үдерісін аяқтады.
  • Алым-салық көлемі артты, еріксіз жұмысқа тарту күшейді. Бұндай отаршылдық езгіге наразы болған қазақ руларының бір бөлігі көрші уездер мен мемлекеттердің аумағына көшіп кетті.
  • Соғыс қимылдары салдарынан көптеген қалалар қирады, әлемдік деңгейдегі мәдени ескерткіштерге зақым келді.
  • Ресей империясы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағын өзіне қосып алумен 1868 жылдан бастап Жетісуға орыс шаруаларын көптеп қоныстандыра бастады.

Қазақстанның Ресей империясы құрамына толық қосылған уақыты?
Бекіту тапсырмасы
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының соңында
Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Қоқандық бекіністерді жаулап алуының нәтижесі?
Жетісу және Оңтүстік Қазақстан тұрғындары Орта Азия хандықтарының езгісінен құтылды
Ресей империясының Қазақстанды толық басып алу саясатының салдарларын анықтаңыз?
  • Қазақстан жері толық Ресейдің меншігіне айналды;
  • Алым-салық жүйесі өзгеріп, салық көлемі артты;
  • Орыс шаруаларының жаппай қоныстануы басталды;
  • Қалалар, мәдени ескерткіштер қирады.

Үй тапсырмасы
«Қазақстанның Ресейге қосылуы елге қандай өзгеріс әкелді?» тақырыбында 200 сөз көлемінде эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет