Ұйымдастырылған оқу қызметі.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Китті мүсіндейміз»
Смарт мақсаты: Бүтін бөліктен созу тәсілі арқылы мүсіндеудің тәсілімен таныстырады. Сөздік қорын молайтып, сөйлеуге дағдыландырады.
Міндеттері:
Білімділік:Ермексазбен жұмыс жасауда әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданады.
Дамытушылық:шығармашылығын дамытады.
Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді
Көрнекілік құралдары:киттің суреті,ермексаз,тақтайша-пышақ.
Әдіс-тәсілдер:көрсету,түсіндіру,домалату,тегістеу,бедерлеу.
Билингвалды компонент:кит-кит-whale.
Іс-әрекет кезеңдері:мотивациялық-қозғаушылық,іздену-ұйымдастырушылық,рефлексиялық-түзетушілік.
Мотивациялық қозғаушылық.
Шаттық шеңбері.
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Іздену-ұйымдастырушылық.
Тәрбиеші балаларға кит басқа да балықтар туралы жұмбақ жасырады.
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.
(Кит)
Балалардың дұрыс жауабынан кейін киттің суретін көрсетіп оның құрылысына, дене бітіміне назарларын аударады.
Ермексаздың бүтін кесегінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысының барысымен таныстыру.
Тәрбиеші үлгіні көрсете отырып, балаларға киттің жасалу жолын көрсетеді.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап
Қане жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап
Денемізді бұрайық.
Ермексазбен киттің мүсінін жасау.
Рефлексивті-түзетушілік.
Балаларды мақтап мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен ережелерін.
Нені игерді: балалар бірнеше заттарды мүсіндей алалады. Нені біледі: қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындауды
Достарыңызбен бөлісу: |