Бөлімі бойынша тәжірибелік сабақтарын және соөЖ Қамтамасыз етуге арналғАН



бет1/36
Дата21.10.2022
өлшемі4.75 Mb.
#463138
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
З.М. ға Финиш КУ казакша ПОСОБИЕ 03.01. 2017г. (1)



С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті


Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы


Бисекенова А.Л., Ханділла З.М., Мусаева А.А.,
Мамединова М.В., Угышова Ш.Е.
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2 КУРС
СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ
БӨЛІМІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫН
ЖӘНЕ СОӨЖ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ


Алматы 2016


Қысқартулар тізімі

ЖМС- жұлын ми сұйықтығы


АІЖ- асқазан – ішек жолдары
ЖРА- жедел респираторлы аурулар
ЖГАР- жанама гемагглютинация реакциясы
ИФР- иммунофлюоресценция реакциясы
КБР- комплемент байланыстыру реакциясы
СТА- сары – уызды тұзды агар
ЕПА- етті – пептонды агар
ГАР- гемагглютинация реакциясы
ГАТР- гемагглютинация тежеу реакциясы
ЕПС - етті – пептонды сорпа
ҒКДЗ - ғылыми – клиникалық диагностикалық зертхана
СБ - сарысуды бақылау
АБ -антигенді бақылау
ВСА -висмут-сульфидті агар
АІИ- ауруханаішілік инфекциялар
ИФТ- иммуноферментті талдау
ПТР- полимеразды тізбекті реакция


Тақырыбы: Жұқпалы және соматикалық аурулар кезіндегі материалды жинау мен жеткізу ережесі. Стафилококк инфекциясын зерттеу алгоритмін құрастыру.


Мақсаты:
- зерттеу материалын жинау, сақтау және жеткізу ережелері туралы студентің білімін қалыптастыру;
- грам оң кокктармен шақырылатын аурулардың зертханалық диагностикалық әдістерін зерттеу.


Міндеттері:
- стафилакокктармен шақырылатын инфекциялардың зертханалық диагностикалау әдістері туралы және олардың қолданылу саласы туралы білім қалыптастыру;
- стрептококктармен шақырылатын инфекциялардың зертханалық диагностикалау әдістері туралы және олардың қолданылу саласы туралы білім қалыптастыру;
- грам оң кокктармен шақырылатын инфекцияларды емдеу және оның арнайы алдын – алу шаралары туралы білім қалыптастыру;
- бөлініп алынған стафилококктардың таза дақылының нәтижелерін интерпретациялау бойынша дағдылар қалыптастыру;
- зерттеу материалын Петри табақшасындағы қоректік ортаға себінді жасау дағдыларын бекіту;
- зерттеу материалын дұрыс жинау, алу, сақтау және зертханаға тасымалдау ережелерінің талаптарын дұрыс ұстану бойынша студенттерде құқықтық компетенцияны қалыптастыру;
Биологиялық материалдарды жинау және тасымалдау инфекциялық және соматикалық аурулардың этиологиялық диагнозын қоюда бастапқы және жауапкершілігі маңызды кезеңі болып табылады. Зерттеу материалдарын жинау ережелерінің сақталмауы және зертханаға уақытылы және дұрыс жеткізілмеуі бактериологиялық зерттеу нәтижесіне деген сенімділікті төмендетіп, шаралардың дұрыс орындалмауы нәтижесінде антибактериялдық емдеу түрінің дұрыс таңдалмауына алып келеді. Бактериологиялық зерттеу көп сатылы үрдіс:
Қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу үшін дақылдарды қоректік ортаға біріншілік себуді жүргізу қажет.

  • Бөлінген дақылды идентификациялау және дифференциациялау;

  • Антибактериалды препараттарға сезімталдығын анықтау;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет